ПЭ (полиэтилен) жобалау және технологиялары жөніндегі жетекші инженер-технолог

ТОО «KMG PetroChem» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
1457

   Конкурс туралы

Талаптар:

  • жоғары техникалық білім:
  • кәсіби саладағы немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс өтілі 5 жыл

 Міндеттері:

  • Жобаны іске асыру шеңберінде ақпараттар, есептер, тиісті қорытындылар мен ұсыныстар, хаттар, қызметтік жазбалар, сұрауларға жауаптар дайындау;
  • құжаттаманы қабылдау, басшылық үшін ұсынымдар әзірлеу, ескертулер беру және мердігерлік ұйымдар ұсынатын технологиялық процестердің лицензияларын, технологиялық схемаларды, материалдық және энергия баланстарын және басқа да технологиялық құжаттаманы келісу;
  • техникалық және жобалық құжаттаманы Жобаның және келісімшарттың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарауға қатысу;
  • мердігерлерден, консультанттардан, техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеушілерден түсетін технологиялық бөлік бойынша жобалау жұмыс құжаттамасына ескертулерді қарау және дайындау, жұмыс құжаттамасын қарау нәтижелері бойынша қорытындылар дайындау және хат-хабарлар мен келіссөздер жүргізу;
  • технологиялық процестердің материалдық баланстарын есептеуді және тексеруді, Департамент құзыреті шегінде жобалау жұмыс құжаттамасының әзірленуін бақылауды жүзеге асыру;
  • мердігерлік ұйымдармен кеңестерге, жабдықтарды жеткізушілермен түсіндірме кездесулерге қатысу;
  • құзыреттер шегінде Техникалық кеңестің отырыстары үшін материалдар дайындау;
  • құзыреті шегінде Жоба құнын оңтайландыру бойынша жұмыстарды орындау;
  • технологиялық жабдықтар мен құбыржолдардың, катализаторлардың, химиялық реагенттер мен шығыс материалдарының жобалау құжаттамасының талаптарына сәйкестігін тексеру;
  • газ-химия кешеніне қажетті пайдалану-техникалық құжаттаманы әзірлеуді қамтамасыз ету;
  • қажетті бағдарламалық қамтылымдарды біле отырып, өз құзыреті шеңберінде жобаны басқару

Шарттар:

  • жұмыс уақыты 5/2
  • демалыс - 30 күн
  • мед.сақтандыру

Қажетті қабілеттер

  • - Разработка и согласование проектной документации;
  • технико-экономичекое обоснование

Қажетті білім дәрежесі

  • Техникалық және кәсіптік білім беру

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Озат)

Бағыттар бойынша сертификаттардың бар болуы қажет

  • Жобаларды басқару
  • Өндіріс
  • Басқа