«Ембімұнайгаз» АҚ бюджеттеу және экономикалық талдау департаменті экономикалық және инвестициялық бағалау бөлімінің экономисі

«Ембімұнайгаз» АҚ Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
43

Қаралған саны:
2306

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттемелер:

  1. Қомпания талаптарына сәйкес экономикалық модельдерді уақтылы есептеу және қолдау;
  2. ҚМГ-да бекітілген жобалар бойынша мониторингтік есептерді, «Инновациялық қызмет туралы есеп» статистикалық есебін (1-инновация) уақтылы және тиісінше есептеу және дайындау;
  3. Процедураға сәйкес жобаларды экономикалық бағалау үшін кіріс деректерін жинау бойынша тиісті формаларды әзірлеу; жобаларды экономикалық бағалауға алынған өтінімдерді олардағы ақпараттың толықтығы мен сапасы тұрғысынан қарау және талдау;
  4. Жеткіліксіз кіріс деректерін алу немесе жобаның жекелеген параметрлерін нақтылау үшін құрылымдық бөлімшелермен өзара әрекет ету, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелерден алынатын деректердің сапасын тексеру және бақылау;
  5. Қомпания жобаларын экономикалық бағалауға жататын қаржылық-экономикалық модельдеу әдіснамасын, процедураларды, бизнес-процестерді, нормативтік құжаттарды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды уақтылы қамтамасыз ету;
  6. Процедуралар мен белгіленген мерзімдерді сақтай отырып, жобаларды экономикалық бағалауды жүзеге асыру (геологиялық барлау, жете барлау, өндіріс тиімділігін арттыру, процестерді цифрландыру және автоматтандыру, газ бизнесі, ТӨС және т.б.);
  7. Жобаларды экономикалық бағалау нәтижелерін есептеуді, талдауды және түсіндіруді қамтамасыз ету, жобаларды Акционердің қарауына (жобаның паспорты, есеп айырысулар, тұсаукесерлер), оның ішінде ҚМГ Инвестициялық комитетінің қарауына шығару үшін қажетті материалдарды тиісінше дайындау;
  8. Инвестициялық жобалар мен бизнес-бастамалардың нақты шығындары бойынша есеп жүргізу, жобалардың экономикалық тиімділігін модельдеу кезінде түсірулерді (SAP/SAS) дайындау және түсіндіру;
  9. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша компанияның, мемлекеттік органдар мен өзге де құрылымдардың атына қызметтік хаттар, сауалдарға жауаптар және өзге де шығыс құжаттамаларын дайындау;
  10. Белгіленген мерзімдер шегінде комиссиялардың, комитеттердің, жұмыс топтарының қызметі үшін жобалардың экономикалық тиімділігін дайындау және тиісінше есептеу;
  11. Жүктелген міндеттерді тиімді орындау үшін қажетті өзге де функционалдық міндеттер.



Талаптар:

Білімі (мамандық/біліктілік) : Жоғары қаржы-экономикалық
Қызмет профилі бойынша жұмыс тәжірибесі: Қаржы/экономика саласындағы жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем емес
Басқару тәжірибесі: талап етілмейді
ҚМГ компаниялар тобында/мұнай газ саласында жұмыс тәжірибесі : Экономикалық жоспарлау/бюджеттеу/инвестициялық талдау және модельдеу саласында ҚМГ және/немесе ҚМГИ компаниялар тобының өндірістік-құрылымдық бөлімшелеріндегі жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем емес


Лауазымдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті білім:

  1. Қызметтік міндеттерін орындауға қажетті деңгейде мемлекеттік тілді меңгеруі;
  2. ҚР Бюджеттік кодексі, «Бухгалтерлік есеп және қаржы есептілігі туралы» ҚР заңы және өзге де ҚР Кодекстері, ҚР Заңдары, қаржылық жоспарлау және экономикалық талдау саласындағы ҚР нормативтік - құқықтық актілері;
  3. Есептің корпоративтік жүйесі, системы бюджеттеу және экономикалық талдау жүйесі саласындағы білімдері;
  4. Мұнай-газ бизнесіне қатысты жалпы білімі және нәтижелерді талдау қабілеті;
  5. Халықаралық ISO 9001, ISO 14001, ISO 50001, ISO 45001 стандарттарының негізгі талаптарына сәйкес интеграцияланған басқару жүйесі саласындағы білімдері (немесе дағдылары) және басқалар.

 

Лауазымдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  1. Тұтынушы деңгейінде MS Office (Word, Excel, PowerPoint, Lotus, Outlook) жеке компьютерде жұмыс жасау дағдысының болуы;
  2. Офистік оргтехникамен жұмыс жасай білуі;
  3. Автоматтандырылған есептеу жүйесінде жұмыс жасай білуі (SAP, SAS, және т.б.);
  4. Жеке уақытын басқара білуі және дағдысының болуы;
  5. Қазақстан Республикасының заңнамаларын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін білуі;
  6. Іскерлік қарым-қатынас этикасын білу;
  7. Еңбек тәртібі қағидасын білуі;
  8. Төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимылдар схемасын білуі;
  9. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау негіздерін, қағидалары мен нормаларын білуі;
  10. Келіссөздер жүргізу дағдысы;
  11. Жоспарлау әдістемесін білуі.

 

Жұмыс шарттары:
Жұмыс орны: «Ембімұнайгаз» АҚ
Жұмыс кестесі - 5/2
Әлеуметтік пакет
Медициналық сақтандыру