«Ембімұнайгаз» АҚ "Доссормұнайгаз" МГӨБ еңбекке ақы төлеу және қызметкерлерді басқару бөлімінің еңбек жөніндегі 2 санатты экономисті

«Ембімұнайгаз» АҚ Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
51

Қаралған саны:
1228

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттемелер:
1.  Еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру, еңбекақы төлеу жүйелерін, материалдық және моральдық ынталандыру түрлерін жетілдіру жұмыстарын жүзеге асыру;
2. Ұйымның және оның бөлімшелерінің еңбек және еңбекақы бойынша перспективалық және жылдық жоспар жобаларын әзірлеу;
3. Еңбек ресурстарын неғұрлым ұтымды пайдалану қажеттілігін ескере отырып, еңбекақы қоры мен жұмысшылар санын есептеу, персонал санаты және біліктілік санаттары бойынша дұрыс арақатынасты қамтамасыз ету, жұмысшылар мен қызметкерлерге қажеттілікті анықтауға, білікті кадрларды даярлауды жоспарлауға қатысу, жоспарлы көрсеткіштерді ұйымның бөлімшелеріне жеткізу;
4. Қолданыстағы еңбекақы төлеу формалары мен жүйелерінің, материалдық және моральдық ынталандырудың тиімділігін зерттеу, оларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындау;
5. Өндіріс тиімділігінен, өнім сапасын арттырудан, өндіріс шығындарын қысқартудан, сондай-ақ үй-жайлар мен мүлікті жалға беруден, құнды қағаздарға ақша қаражаттарын орналастырудан алынған қосымша табыстарды бөлу механизмін әзірлеу;
6. Жабдықтарды пайдалануды жақсарту және еңбек шығындарын қысқарту мақсатында қызметкерлерді ынталандыру туралы ереже әзірлеу;
7. Ұйым ұжымының әлеуметтік даму жоспарларын құруға қатысу, еңбек тәртібін нығайту, кадрлардың тұрақтамауын азайту, жұмыс уақытын пайдалану және еңбек тәртібін сақтау бойынша бақылауды күшейту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;
8. Басқару құрылымының бекітілген тәртібіне сәйкес штаттық кестені құрастыру;
9. Штаттық тәртіптің сақталуын, еңбекақы қоры шығынын, кәсіптер мен лауазымдардың атауларын дұрыс белгілеу, тарифтік ставкаларды белгілеулерді, лауазымдық жалақылар мен басқа да төлемдерді қолдану, жұмыстарды тарификациялау, еңбек және демалыс режимдерінің, еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
10. Ұжымдық шарт жобасын дайындауға қатысу және қабылданған міндеттемелердің орындалуын бақылау;
11. Еңбек және еңбекақы көрсеткіштерінің есебін жүргізу, оларды талдау және белгіленген есептілікті құрастыру;
12. Еңбек және еңбекақы, қызметкерлер саны бойынша деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және сақтау жұмыстарын орындау, деректерді өңдеу кезінде пайдаланылатын анықтамалық және нормативтік ақпаратқа өзгерістер енгізу;
13. Есептеу техникасы көмегімен шешілетін экономикалық тапсырмаларды немесе олардың жекелеген кезеңдерін қалыптастыруға қатысу, дайын жобаларды, алгоритмдерді және қолданбалы бағдарламалар пакеттерін пайдалану мүмкіндігін анықтау, еңбек және еңбекақы бойынша ақпаратты өңдеудің экономикалық негізделген жүйелерін құруға мүмкіндік беру.

Талаптар:

Білімі (мамандық/біліктілік) : жоғары қаржы-экономикалық білімі
Қызмет профилі бойынша жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан кем емес (еңбекке ақы төлеу және ұйымдастыру саласында)
Басқару тәжірибесі: талап етілмейді
ҚМГ компаниялар тобында/мұнай газ саласында жұмыс тәжірибесі : мүмкіндігінше


Лауазымдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті білім:

  1. Қызметтік міндеттемелерді орындау үшін қажетті деңгейде мемлекеттік тілді білу;
  2. Еңбек ұйымдастыру бойынша ҚР заңнамалық және басқа нормативтік құқықтық актілер, әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдар;
  3. Еңбек және еңбекақы, еңбек өнімділігі, ұжымның әлеуметтік дамуы бойынша перспективалық және жылдық жоспарларды әзірлеу тәртібі;
  4. Еңбекақы төлеу және материалдық ынталандыру формалары мен жүйелері;
  5. Жұмысшылар санын анықтау әдістері;
  6. Жұмысшы мамандықтары мен қызметші лауазымдарының біліктілік анықтамалары;
  7. Жұмыстарды және жұмысшыларды тарификациялау тәртібі және еңбекақы жүйесіне сәйкес лауазымдық жалақыларды (ставкаларды), басқа да төлемдерді белгілеу;
  8. Еңбек және еңбекақы көрсеткіштерін есепке алу және талдау әдістері;
  9. Өндіріс технологиясының негіздері;
  10. Еңбек және еңбекақы көрсеткіштерін есептеу және есепке алу үшін есептеу техникасын қолдану мүмкіндіктері, оны пайдалану тәртібі;
  11. Экономика, өндіріс, еңбек және басқаруды ұйымдастыру негіздері;
  12. Еңбек заңнамасы, еңбек тәртібі ережелері, қауіпсіздік және еңбек қорғау, өндірістік санитария нормалары, өрт қауіпсіздігі талаптары.

Лауазымдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  1. Командада жұмыс істеу;
  2. MS Office (Word, Excel, PowerPoint, Outlook), Directum RX, Lotus, ПК «Управление персоналом» бағдарламаларын пайдаланушы деңгейінде меңгеру;
  3. Офистік оргтехникамен жұмыс жасай білуі.

Жұмыс шарттары:
Жұмыс орны: «Доссормұнайгаз» МГӨБ
Жұмыс кестесі – 5/2
Әлеуметтік пакет