Механик Әкімшілік персонал «Кедентранссервис» АҚ Астана және Ақмола облысы бойынша филиалы «Кедентранссервис» АҚ
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
1. Жүк көтергіш механизмдердің, арнайы техникалардың, жүк көліктерінің, жүк тиегіштердің үздіксіз жұмысын, дұрыс қызмет көрсетуін, жөндеуді және жаңғыртуды қамтамасыз етеді.
2. Техникалық бөлімнің негізгі қызметіне қатысты ақаулар, бұзылу актілері, орнату актілері, есептен шығару актілері және басқа да есеп түрлерін жасайды.
3. Көтергіш қондырғылардың уақытылы тексерілуін қадағалайды
4. Қосалқы бөлшектердің, жанар-жағармай материалдарының барлық түрлерін тұтыну нормаларының сақталуын қадағалайды;
5. Мердігерлермен жабдықты жөндеуге шарттар жасасу үшін қажетті материалдарды дайындайды
6. Күнделікті жүкқұжаттар мен жанар-жағар майларды береді
7. Көтергіш механизмдерді, жүк тиегіштерді, жүк көтергіштерді жарамды күйде ұстауға жауапты тұлға ма.
Қосымша талаптар:
Талап етіледі: жүк көтергіш механизмдердің, жүк көтергіштердің, арнайы техникалардың және т.б. үздіксіз жұмысын қамтамасыз ете білу, пайдалану, өндірістік құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу тәртібін білу.
Қажеттілігі: Операциялық, өндірістік құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу тәртібін білу, Microsoft Office, Word, Excel бағдарламаларымен жұмыс істеу.
Қажетті білім дәрежесі
- Маман