"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС сыртқы байланыстар ф. ғ. к және PR бас менеджері (17 грейд)

от 497437
ТОО «ҚТЖ - Грузовые перевозки» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
27

Қаралған саны:
662

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:
  • шетелдік т/ж әкімшіліктерімен, халықаралық ұйымдармен, ҚР-ның шетелдегі елшіліктерімен/ ҚР-дағы шетелдік елшіліктермен және шетелдік компаниялармен екіжақты және көпжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
  • хаттамалардың, келісімдердің және басқа да мәселелердің жобаларын іске асыру жөніндегі мәселелерді үйлестіру бөлігінде халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша ҚР мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;
  • сектор құзыреті шегінде және жұмыс топтары шеңберінде шетелдік делегациялардың кездесулерін, халықаралық конференцияларды, форумдарды, семинарларды, БСЖК, ТСЖК, ЦСЖТ және басқа да халықаралық ұйымдардың жұмыс органдарының отырыстарын өткізуді ұйымдастырады;
  • іс-шараны қаржыландыру мақсатында серіктестіктің қатысушы құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен, Серіктестік басшылығымен өкілеттіктерге сәйкес шетелдік делегацияларды серіктестіктің ресми қабылдауына арналған шығыстар сметасын қалыптастырады және келіседі
  • серіктестіктің/компаниялардың сыртқы экономикалық байланыстарын дамыту шеңберінде өткізілетін іс-шараларға хаттамалық-ұйымдастырушылық дайындық мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысын үйлестіреді
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялар; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану; экономика; менеджмент; Қаржы; маркетинг; Ақпараттық жүйелер; халықаралық қатынастар; кеден дело; Автоматтандыру және басқару және / немесе теміржол мамандықтары.
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 4 жыл, басшы лауазымдағы жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр