«KEGOC» АҚ «AҚТӨБЕ ЖЭТ» ФИЛИАЛЫ ОРАЛ АЭТ РЕЛЕЛІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРАВТОМАТИКА ӨНДІРІСТІК ТОБЫ ИНЖЕНЕРІ, Правобережная ҚС, Батыс-Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, селолық округі, Чапаев аулы, Трасса Чапаево-Жанақала көшесі , 1 км
Лауазымдық (функционалдық) міндеттері:
1) Өзіне бекітілген қосалқы станциялардағы РҚА құрылғыларының техникалық жағдайы мен пайдалану деңгейін бақылайды;
2) Қолданыстағы ережелердің, бағдарламалардың, нұсқаулықтардың, директивалардың, апатқа қарсы нұсқаухаттар мен ақпараттық хабарламалардың орындалуын бақылайды және ұйымдастырады;
3) РҚА бойынша техникалық құжаттаманың болуын және жағдайын, қорғаныс пен автоматиканың дұрыс пайдалануын; жедел персоналдағы бар басқа құжаттамаларды (схемалар, орнату картасы және т.б.) бақылайды;
4) РҚАҚ профилактикалық жоспарлы тексерулердің уақытылы болуын бақылайды. Сол жұмыстарды орындау кезінде қатысады.
5) Жаңа технологгияны енгізу жөніндегі шараларды жүзеге асыруға, ескірген және ақаулы жабдықты бақылайды және ауыстыруға, жаңашылдық шараларына қатысады;
6) ОАЭТ қосалқы станцияларын РҚА құрылғыларын пайдалану жөніндегі нұсқаулықтармен қамтамасыз етеді;
7) ОАЭТ қосалқы станциясының жедел персоналының РҚА құрылғыларының пайдалану нұсқаулығын зерделеуін ұйымдастырады;
8) Актөбе ЖЭТ филиалының ОАЭТ қосалқы станцияларында жаңадан орнатылған РҚА құрылғыларын қосқанда қажетті кеңестер береді, техникалық мәселелерді шешуге, монтаждау-іске қосу ұйымдарының өкілдері орындайтын жұмыстар кезінде жеке қатысады;
9) ОАЭТ қосалқы станцияларында релелік қорғау мен автоматика жұмысының барлық жағдайларына талдау жүргізеді;
10) Апаттар мен істен шығуларды тексеруге қатысады;
11) Техникалық ақпаратты зерттейді, үздік тәжірибені таратады, жұмыстарды ұйымдастырудың үздік әдістері бойынша шараларды әзірлеуге және енгізуге қатысады;
12) Жобалау ұйымдары жүргізетін РҚА құрылғыларының жобаларын қарастырады және ескертулер береді;
13) ОАЭТ қосалқы станцияларында РҚА құрылғыларының жай-күйін, қабаттасулардың дұрыс орналасуын, РҚА ауыстырып қосу құрылғыларын және олардың электр жабдықтарының жұмыс схемалары мен режимдеріне сәйкестігін тексереді;
Талаптар:
жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптарды ұсынусыз жоғары энергетикалық (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және 1 санатты техник лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
- MS office, Outlook, Lotus Notes тәжірибелі қолданушысы
- қазақ, орыс тілдерін білу.
Түйіндемені қабылдау 2021 жылдың 29 қыркүйегінен бастап 01 қазанға дейін жүргізіледі.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Колледж
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Озат)
- Орыс тілі (Озат)
Бағыттар бойынша сертификаттардың бар болуы қажет
- Қауіпсіздік техникасы
Ұқсас вакансиялар