"KEGOC" АҚ "ЖО ҰДО"ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИСПЕТЧЕРЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕДЕЛ-ДИСПЕТЧЕРЛІК ТАЛДАУ ТОБЫНЫҢ ТЕЛЕӨЛШЕУЛЕРІНІҢ ДҰРЫСТЫҒЫН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ЖЕДЕЛ ЕСЕПТЕРІН ДАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ИНЖЕНЕР

от 354900 KZT
«KEGOC» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
38

Қаралған саны:
1176

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттері:

1) Автоматтандырылған тәуліктік ведомостағы жазбалардың дұрыстығын үздіксіз бақылауды жүзеге асырады. РДО мен Филиал деректерінің сәйкессіздіктері анықталған кезде, сәйкессіздіктердің себебін анықтайды, бұл туралы аға кезекші диспетчерді, кезекші диспетчерді, теңгерім бойынша диспетчерді, теңгерім бойынша диспетчерлер тобының жетекші инженерін хабардар етеді және сәйкессіздіктерді жою бойынша қажетті шараларды қабылдайды;

2) қызметтің теңгерімдері жөніндегі диспетчермен бірлесіп жүктемелердің диспетчерлік кестесінің сақталуын үздіксіз бақылауды, электр энергиясы мен қуатының өңіраралық және мемлекетаралық ағындарының сальдосының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

3) ИЫҰ-дағы жоспарлы мәндердің және тәуліктік кестенің сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады.

4) "БЭЖ ТЭП" бағдарламасы бойынша деректерді жинауды және өңдеуді жүргізеді,"Қазақстанның көтерме энергия нарығы субъектілерінің жұмысы туралы баянат" Шығыс нысанын бақылайды;

5)"жедел анықтама" міндеті бойынша Шығыс нысанын есептеуді және беруді жүзеге асырады;

6) шектеулерді енгізуге өтінімдерді ресімдейді;

7) жылыту маусымы кезеңінде "Қазақстан қалаларын жылумен жабдықтау жөніндегі анықтама" міндеті бойынша ақпаратты өңдейді және шығыс нысанын бақылайды;

8) Қазақстан БЭЖ-де жабдықтың жай-күйі туралы ақпаратты өңдейді;

9) СДД нұсқауларына сәйкес ИЫҰ-ның импульстік мұрағатын жасайды;

10) кіріс, шығыс ақпараттарды (телефонограммалар, факсограммалар және т.б.) қабылдауды, беруді жүзеге асырады..

 

Талаптар:

  • Жоғары кәсіби (инженерлік-техникалық) білім;
  • жұмыс өтілі: қажетсіз
  • Электр қауіпсіздігі бойынша II топтың болуы.

 

 

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  • * Салалық ережелерді, энергия нарығы субъектілерімен өзара қарым-қатынас жөніндегі нормативтік құжаттарды, Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын, өрт қауіпсіздігі қағидаларын және энергетика өндірісі ұйымдарында персоналмен жұмысты ұйымдастыру қағидаларын өзінің лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде білу;
  • * жетекшілік ететін өңірдің "KEGOC" АҚ электр желісінің схемасын, негізгі жабдығының параметрлері мен құрамын білу;
  • * Жүйелік оператордың ұлттық немесе өңірлік диспетчерлік орталықтарының қызметін үйлестіру тәжірибесі;
  • * кәсіпқойлық (адалдық, объективтілік және кәсіби этика қағидаттарын қатаң сақтау).

 

          Түйіндемені қабылдау 2025 жылғы 2 маусымға дейінгі мерзімде (қоса алғанда) жүзеге асырылады.

Қажетті қабілеттер

  • Диспетчер

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр