3-4 разрядты тауар операторы

400555 - 400555 KZT
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС Павлодар қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
41

Қаралған саны:
1237

   Конкурс туралы

Лауазымның функционалы:

  • кәсіпорын қондырғыларынан мұнай өнімдерін парк резервуарларына қабылдау, тауар-шикізат парктерінің ішіне айдау, аралас өндіріс қондырғыларына мұнай өнімдерін айдау, құю эстакадаларына тауар өнімдерін айдау бойынша технологиялық схемаларды жинайды және талдайды;
  • толтырылған резервуарларды паспорттауға дайындайды: екі сағаттық тұндыру, резервуарды судан, механикалық қоспалардан босату;
  • талдаулар үшін сынамаларды іріктеуді жүргізеді, сынамаларды іріктеу кезеңділігін зертханалық бақылау кестесіне, өкімдерге қатаң сәйкес жүзеге асырады;
  • тауардың аға операторының немесе ауысым бастығының өкімі бойынша резервуарлардағы мұнай өнімінің деңгейін рулеткаға өлшейді;
  • технологиялық жабдықтың, құбыржолдардың жай-күйіндегі ауытқуларды анықтау мақсатында бекітілген учаскеде жабдықты кемінде екі сағат сайын айналып өтуді жүзеге асырады;
  • жабдықтарды ағымдағы жөндеу, аумақты таза ұстау бойынша қажетті жұмыстарды, өндірістік қызметпен байланысты басқа да шаруашылық жұмыстарды орындайды.

Біліктілік талаптары:

  • мамандығы бойынша жоғары немесе техникалық және кәсіптік білім;
  • жоғары білімі болған кезде жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды; техникалық және кәсіптік білімі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі 1 жыл болуы тиіс.

Білімі мен дағдылары:

  • 1С, Word, Excel білу (құпталады);
  • мемлекеттік және орыс тілдерін білу;
  • дербес компьютерде, ұйымдастыру техникасында жұмыс істеу дағдылары;
  • метрштокпен, сандық шағын өлшемді термометрмен жұмыс істеу дағдылары;
  • слесарлық дағдылар.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру