Ішкі аудитор

"ШалкияЦинк ЛТД" АҚ Шалқия а.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
62

Қаралған саны:
3455

   Конкурс туралы

Міндеттер:

1. Аудит тапсырмаларын жоспарлау
1.1. Тәуекелге негізделген жылдық аудит жоспарын әзірлейді және жаңартады, орта мерзімді ішкі аудит стратегиясын;
1.2. Атқарушы органнан, Директорлар кеңесінен (бұдан әрі - ДК), Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінен аудит тексерулерін жүргізу туралы ұсыныстар сұрайды;
1.3. Аудит салаларының әлемін/картасын құрастырады және жаңартады;
1.4. Ішкі аудит үшін тәуелсіз бюджет қалыптастырады және ДК-ға қарауға ұсынады;
1.5. Аудит тапсырмаларын, бағдарламаларын құрастырады;
1.6. Аудит тексерулерінің жүргізілетіндігі туралы хабарлайды, аудит объектілеріне жылдық аудит жоспарын жеткізеді;
1.7. Корпоративтік басқару, операциялық (өндірістік және қаржылық) қызмет саласындағы тәуекелдер мен ішкі бақылаудың тиімділігін бағалайды;
1.8. Жылдық есеп беру кезеңінде Қоғамның тәуекелдер мен ішкі бақылауларды бағалаудағы өзгерістерді талдайды, жылдық аудит жоспарын жаңартудың қажеттілігіне қатысты;
1.9. Қоғамның тәуекелдер карталарын және реестрін талдайды.

2. Аудит тапсырмаларын орындау
2.1. Қоғамның бизнес-процестеріндегі ішкі бақылау жүйесін бағалайды;
2.2. Қоғамның бизнес-процестеріндегі тәуекелдерді басқару жүйесін бағалайды;
2.3. Корпоративтік басқару жүйесін диагностикалайды және бағалайды;
2.4. Бухгалтерлік есеп жүйесінің сенімділігін, толықтығын, объективтілігін және қаржылық есептіліктің сенімділігін бағалайды;
2.5. ҚР заңнамасының, Бірінші акционердің нормативтік құжаттарының, «Самрук-Қазына» АҚ (бұдан әрі - Қор) халықаралық келісімдердің, Қоғамның ішкі құжаттарының, уәкілетті және бақылаушы органдардың нұсқауларының, Қоғам органдарының шешімдерінің талаптарының орындалуын бағалайды (комплаенс-бақылау);
2.6. Қоғамның ресурстарын пайдалану тиімділігін және активтерді қорғау әдістерінің (тәсілдерінің) рационалдығын бағалайды;
2.7. Қоғамның ақпараттық қауіпсіздігін аудиттейді және ақпараттық жүйелердің тәуекелдерін бағалайды;
2.8. Алдау жасау тәуекелдерін және Қоғамдағы алаяқтық тәуекелдерін басқарудың тиімділігін бағалайды;
2.9. Қоғамдағы тәуекелдерді бағалау әдістемесінің және тәуекелдерді басқару процедураларының толықтығын және тиімділігін бағалайды;
2.10. Аудит тапсырмасының орындалу нәтижелерін аудит объектілеріне жеткізеді;
2.11. Аудит тапсырмасының немесе консультацияларды ұсыну қызметінің нәтижелері бойынша Атқарушы органға аудит есебін/қорытындысын ұсынады;
2.12. Ішкі бақылауды, тәуекелдерді басқаруды және корпоративтік басқаруды жетілдіру мәселелері бойынша Атқарушы органға ұсыныстар енгізеді.

3. Есептерді қалыптастыру және ұсыныстардың орындалуын мониторингтеу
3.1. Ішкі аудитормен жүргізілген қызмет туралы ДК-ға есептер құрастырады және ұсынады;
3.2. Қоғамның сыртқы аудитормен, сыртқы тексеруші органдармен ұсыныстардың орындалуын мониторингтейді;
3.3. Ішкі аудитормен ұсыныстардың орындалуын мониторингтейді;
3.4. Ішкі аудитормен жүргізілген қызмет туралы есептерді қарау нәтижелері бойынша ДК шешімдерін Атқарушы органға ұсынады.

4. Консультацияларды ұсыну
4.1. Ішкі бақылауды, тәуекелдерді басқаруды, корпоративтік басқаруды және ішкі аудитті ұйымдастыру және жетілдіру мәселелері бойынша ДК, Атқарушы орган, Қоғамның құрылымдық бөлімшелеріне консультациялар ұсынады (ішкі аудитормен басқарушылық шешімдер қабылдауға жауапкершілікті жоюды қоса алғанда);
4.2. Консультациялар жүргізеді және Қорға, Бірінші акционерге, басқа ұйымдарға және Қоғамның құрылымдық бөлімшелеріне ішкі аудитормен құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жазбаша сұраулар жібереді;
4.3. Ақпарат алмасады және кепілдік пен консультацияларды ұсынатын басқа ішкі және сыртқы тараптармен қызметті үйлестіреді;
4.4. Ішкі бақылауды, тәуекелдерді басқаруды және корпоративтік басқаруды жетілдіру мәселелері бойынша Атқарушы орган өткізетін мәжілістер мен іс-шараларға қатысады, ішкі аудитормен басқарушылық шешімдерді келісу құқығынсыз.

Талаптар:

  • Экономика және/немесе қаржы, және/немесе бухгалтерлік есеп және аудит, және/немесе ақпараттық технологиялар, және/немесе техникалық (кен-металлургия, құрылыс) сала, және/немесе құқықтық сала бойынша жоғары кәсіби білім.
  • Аудит, және/немесе бухгалтерлік есеп, және/немесе қаржы, және/немесе ақпараттық технологиялар, және/немесе Қоғамның салалық ерекшелігіне сәйкес техникалық сала, және/немесе құқықтық салада кемінде 7 жыл жұмыс тәжірибесі.
  • Аудит саласында кемінде 5 жыл, оның ішінде аудит тапсырмасының жетекшісі ретінде кемінде 2 жыл тәжірибе.
  • «Самрук-Қазына» АҚ (бұдан әрі - Қор) тобының ұйымдарында жетекшілік қызметте және/немесе ішкі аудит қызметінде кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі артықшылық болып табылады.
  • Мемлекеттік және орыс тілдерін еркін меңгеру, ағылшын тілін Intermediate деңгейінде білу артықшылық болып табылады.
  • Кәсіби бухгалтер сертификаты, ішкі аудит және корпоративтік басқару саласында қосымша арнайы дайындықтың болуы.
  • CIA, DipCPIA, ACCA, CIPA, және/немесе CIMA дипломының болуы артықшылық болып табылады.

Шарттар:

  • Еңбекке орналастыру ҚР Еңбек кодексіне сәйкес;
  • Кандидаттарды конкурс арқылы таңдау;
  • Бес күндік жұмыс аптасы;
  • Жұмыс орны: Астана қаласы;
  • «Шалкия» кен орнына тұрақты негізде іссапарлар.