Қауіпсіздік және тәртіп жөніндегі директор орынбасары-экономикалық және өзіндік қауіпсіздік қызметінің басшысы (ЭжӨҚҚ)

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
358

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

Қауіпсіздік және тәртіп жөніндегі директор орынбасары – ЭжӨҚҚ басшысының (бұдан әрі-қызмет) негізгі міндеті қызметті басқару және басқаруды жетілдіру болып табылады. Басшы келесі функцияларды жүзеге асырады: - Қызмет қызметін келешекке арналған және жедел жоспарлау. - Жедел кеңестер өткізуді жоспарлау (қажет болған жағдайда басқа бөлімшелердің мамандарын тарта отырып). - Қызмет нәтижелерінің сапасын жақсарту, шешім қабылдау кезінде жеделдігін арттыру, жұмыскерлердің бастамашылығы мен кәсібилігін арттыруды жоспарлау. - Бағынышты жұмыскерлердің міндеттерін, құқықтарын, жауапкершіліктерін белгілеу, оларды іріктеу, орналастыру және ауыстыру. - Қарамағындағылардың жұмысын ұйымдастыру, олардың алдына қойылған жедел міндеттер мен лауазымдық міндеттерді орындау үшін жағдайлар жасау. - Қарамағындағылардың атқарған жұмыстары туралы есептерді ұсынуды ұйымдастыру. - Бағынышты жұмыскерлермен басқа бөлімшелердің жұмыскерлерімен өзара байланыс ұйымдастыру. - Алынған ақпаратты талдау негізінде жедел шешімдер қабылдау. - Қауіпсіздік және тіртіп жөніндегі директорна нормативтік (және өзге) құжаттардың талаптарына қайшы келетін, жіберілген әрекеттер туралы уақтылы хабар беру. - Бағынышты жұмыскерлермен нормативтік-құқықтық құжаттардың талаптарын орындау арқылы жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау жөніндегі қызметіне басшылық жасау. - Жедел міндеттерді бөлу, іс-шаралар әзірлеу және қызмет алдында тұрған міндеттерді іске асыру бойынша шешімдер қабылдау үшін кеңестер өткізу. -Бағынышты жұмыскерлерге бұйрықтар, өкімдер және басқа да ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттамаларды жеткізу. - Бағынышты жұмыскерлерге өзара және басқа бөлімшелердің жұмыскерлерімен өзара іс-әрекетін үйлестіру. - Бағынышты жұмыскерлердің мемлекеттік, қызметтік және коммерциялық құпияларды сақтау жөніндегі талаптарды, өткізу және нысанішілік тәртіпті, ақпараттық қауіпсіздік, еңбек және өндірістік тәртіп жөніндегі талаптарды орындауын қамтамасыз ету.

Білім:

Жоғары

Дағдылар:

Білуі тиіс: - экономикалық және өзіндік қауіпсіздік саласындағы заңнама негіздерін, экономикалық және өзіндік қауіпсіздік саласында тәуекелге бағытталған тәсілді қолдану; - экономика, менеджмент, ұйымдастыру және еңбекақы төлеу негіздерін; «ҮМЗ» АҚ қолданатын менеджмент жүйесінің негіздерін; «ҮМЗ» АҚ еңбек тәртібі ережелерін; - өндірістік қауіпсіздік, құпиялылық режимі, өткізу және нысанішілік тәртіп, мемлекеттік, қызметтік және коммерциялық құпияларды сақтау, ақпараттық қауіпсіздік талаптарын.

Қосымша:

-

Білетін тілдер:

-