Аймақтық директор
«Қазақтелеком» АҚ Астана қ.- Құрылған күні:
-
20.06.2025
- Берілген өтінім:
- 26
- Қаралған саны:
- 653
Міндеттері:
-
Басқару қызметін құжаттау, филиалдың қызметін регламенттеу, орындаушылық тәртіпті мониторингтеу және бақылау;
2) жылжымайтын мүлікті басқару, жылжымайтын мүлік объектілеріне құқық белгілейтін құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;
3) үшінші тұлғалардан ғимараттарды жалға алу және өндірістік ғимараттарды үшінші тұлғаларға жалға беру;
4) Филиалдардың негізгі және қосалқы бизнес-процестерін көлікпен қамтамасыз ету;
5) әкімшілік және технологиялық мақсаттағы азаматтық құрылыстардың алаңдарын салу, қайта құру, ағымдағы және капитальды жөндеу;
6) ғимараттарды күтіп ұстау және шаруашылық қызмет;
7) Филиалдардың қызметкерлеріне канцеляриялық құралдар, жиһаз және шаруашылық заттармен жұмыс орындарын ұйымдастыру және жабдықтау;
8) Филиалдардың қызметін толық және уақтылы материалдық-техникалық қамтамасыз ету, тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды ішкі құжаттардың талаптарына сәйкес келісу;
9) өңірдегі құрылымдық бөлімшелердің есепте тұрған негізгі және аз құнды мүліктерінің сақталуы;
10) Мемлекеттік тілдің енгізілуі мен дамуы бағдарламасын жүзеге асыру;
11) өңір бойынша қауіпсіздік және еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі бойынша жұмыстарды жалпы басқару;
12) өңір бойынша телекоммуникация объектілерінің өрт қауіпсіздігі;
Талаптар:
- Жоғары білім
- Сол сияқты лауазымда 3 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі
- ПК-ны меңгеру
- Қазақ және орыс тілдерін меңгеру
Шарттар:
- Қазақстандағы ең ірі телекоммуникациялық компанияда жұмыс
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналастыру — тұрақтылық пен заңдылық бірінші орында.
- Уақытында жалақы — сіздің жұмысыңыз тиісті деңгейде бағаланады.
- Компания есебінен оқыту — біз сіздің кәсіби өсуіңізге қамқорлық жасаймыз және оған қажетті барлық ресурстарды ұсынамыз.
- Қосымша медициналық сақтандыру және мемлекеттік мерекелерге сыйақылар — біз сіздің денсаулығыңызға қамқорлық жасаймыз және сіздің еңбегіңізді бағалаймыз.
- Көпбалалы ата-аналарға арналған «ДАМУ» жеңілдік бағдарламасы — өмірдің маңызды сәттерінде қолдау.
- Компанияда 3 жыл жұмыс істегеннен кейін — тиімді шарттармен қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелер алуға мүмкіндік.
- Жыл сайынғы еңбек демалысы — 30 күнтізбелік күн қалпына келу және демалу үшін.
- Еңбек демалысына материалдық көмек 1,5 және 2 лауазымдық жалақы мөлшерінде — біз сіздің үлесіңізді бағалаймыз және сізді қажетті сәтте қолдаймыз.
Ұқсас вакансиялар