Көтерме сауда нарығы және сату басқармасы бастығының орынбасары

"Алатау Жарық Компаниясы" акционерлік қоғамы филиалы - "Энергосбыт" Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Ішкі іздеу
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
324

   Конкурс туралы

Міндеттері

 

Бастықтың орынбасарының міндеттеріне:

  1. Электр энергиясын сатып алу-сату шарттарын, электр энергиясын беру жөніндегі, диспетчерлендіру жөніндегі, қуатты реттеу, электр қуатының жүктемені көтеруге дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді, теңгерімдеуші нарықтағы қызметтерді сатып алуға арналған шарттарды дайындау мен жасасуды ұйымдастыру;
  2. Жеткізу жоспарларын жасау және оларды электр энергиясын сату жоспарларымен байланыстыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
  3. Тарифтердi кезектi қайта қарау кезiнде материалдар мен есептеулердi дайындау кезiнде жұмысты ұйымдастыру, тұтынушылар топтары бойынша сараланған тарифтер мөлшерлемелерінің, жеке тұлғалардың электр энергияны тұтыну көлемiне қарай сараланған тарифтердiң есептелуiн бақылау;
  4. Электр энергиясын сату туралы, электр энергиясы үшін қарызы бар тұтынушылардың электр қондырғыларын өшіру және өшіріп тастағаннан кейін қосу бойынша есептеу мен төлеу туралы, мемлекеттік бажды, сот шығындарын есептеу мен төлеу және өсімақы төлемі туралы есептерді дайындау кезінде жұмысты ұйымдастыру;
  5. Дебиторлық қарызды төмендету бойынша жүргізілетін іс-шараларды талдау;
  6. Қайта есептеулер жүргізу кезінде тарифтердің дұрыс қолданылуын тексеру;
  7. Камералдық тексеру жүргізу кезінде салық комитеті үшін уәкілетті және мемлекеттік органдардың, аудиторлардың сұрау салулары бойынша материалдар дайындау және ақпарат ұсыну;
  8. Тұтынушылардан келіп түскен өтініштер мен шағымдарды қарауға қатысу;
  9. Тұтынушылардың қанағаттануы мониторингісінің нәтижелеріне талдау жүргізу;
  10. Өзге ұйымдармен және мемлекеттік органдармен хат алмасу;
  11. Қызметтерді жеткізушілермен шарттардың талаптарын келісу бойынша келіссөздер жүргізу, оларды іске асыру процесінде туындайтын даулы мәселелерді шешу;
  12. Электр энергиясын сатып алу мен сатудың болжамдарын, перспективалық және ағымдағы жоспарларының жобаларын дайындауға басқарманың қатысуын қамтамасыз ету;
  13. Электр энергиясын сату көрсеткіштеріне талдау жүргізу;
  14. Басшылыққа және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына есептерді дайындау кіреді.

 

Талаптар

Бастықтың орынбасарының жоғары энергетикалық және/немесе техникалық және/немесе экономикалық (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, мамандығы бойынша кемінде 5 жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде 2 жыл және/немесе Компанияда кемінде 2 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.

 

Шарттары

Қалыпты