«KEGOC» АҚ «Алматы жүйеаралық электр тораптары» филиалының Күрделі құрылыс қызметі Жобаларды іске асыру және техникалық қадағалау тобының 2 санатты инженері
Лауазымдық (функционалдық) міндеттері:
- құрылыс алаңдарында жабдықтарды орнатуға, сынауға және тіркеуге байланысты мәселелерді техникалық қадағалауды жүзеге асыратын органдармен келіседі;
- жобалау және құрылыс ұйымдарының шарттық міндеттемелерді орындауын қадағалайды;
- мердігерлік ұйымдармен бірлесіп, салынған объектілерді пайдалануға қабылдау бойынша жұмыс және қабылдау комиссиялары мүшелерінің жұмыстарын ұйымдастыруға қатысады;
- құрылыс басталар алдында құрылыс аумағын тексеру бойынша жұмыс комиссиясының құрамында жұмыс істейді;
- күрделі құрылыс жоспарларының орындалуын, құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін жобалау және техникалық құжаттаманың уақтылы берілуін ұйымдастырады, сондай-ақ жұмыстардың орындалу мерзімдері мен сапасына, олардың бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға, жұмыс сызбаларына, құрылыс нормаларына, стандарттарға, қауіпсіздік техникасы нормаларына, өндірістік санитарияға, еңбекті ұтымды ұйымдастыру талаптарына сәйкестігіне техникалық қадағалауды жүзеге асырады;
- объектілердің уақтылы пайдалануға берілуін бақылайды.
Талаптар:
|
Білім деңгейі |
Жоғары білім/ жоғары оқу орнынан кейінгі |
|
Диплом бойынша мамандығы (бағыты) |
Электр энергетикасы, құрылыс, телекоммуникация |
|
Жұмыс тәжірибесі лауазым бағыты бойынша |
Құрылыс, электр-энергетика, телекоммуникация саласында |
|
Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл |
3 жылдан кем емес |
|
Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл |
- |
|
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар |
• Электрқауіпсіздік бойынша біліктілік тобы – II-топтан төмен емес; * Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану ережелерін білу. Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидалары. Энергетикалық кәсіпорындар, еңбекті қорғау үшін өрт қауіпсіздігі ережелері. * Өндіріс технологиясының негіздерін және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу тәсілдерін; құрылыспен аяқталған объектілерді қабылдау тәртібін және олардың сапасын бақылау әдістерін; жобалау-сметалық, РДС және басқа да техникалық құжаттаманы ресімдеу тәртібін білу; * Командада жұмыс істеу дағдылары, көшбасшылық және коммуникативтілік-ынтымақтастыққа ашықтық, көпшілік алдында сөйлеу дағдылары, әртүрлі көзқарастар арасында консенсус таба білу және сындарлы диалогты белсенді жүргізу; * Кәсіпқойлық (адалдық, объективтілік және кәсіби этика қағидаттарын қатаң сақтау);ына сәйкес қажетті көлемде) білу; |
|
Лицензиялар, сертификаттар |
• Қызметтің жетекшілік ететін мәселелері саласында сертификаттардың болғаны жөн |
|
Қосымша талаптар |
* Microsoft Office Word, Microsoft Office Excel, Microsoft office Outlook, IBM Notes, SAP тәжірибелі пайдаланушысы, кеңсе периферияларын пайдалану қабілетіне ие, интернет ресурстарын пайдалану дағдыларына ие |
Еңбек жағдайлары:
- Біліктілікті арттыру жұмыс берушінің есебінен;
- Жұмыс кестесі: 5/2, 8:00-ден 17:00-ге дейін;
- Еңбек демалысы 30 к.к.
- Әлеуметтік пакет: тоқсан сайынғы және жылдық сыйлықақы, оқу демалысына ақы төлеу, еңбек демалысына материалдық көмек;
Жұмыс орны: Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Шевченко көшесі 162/7
Бос лауазым тұрақты болып табылады.
Түйіндемені қабылдау 2026 жылғы 04 наурызға дейінгі (қоса алғандағы) мерзімде жүзеге асырылады.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Озат)
- Орыс тілі (Бастапқы)
Ұқсас вакансиялар