Екібастұз қ. "KEGOC" АҚ "Солтүстік ЖЭТ" филиалының Материалдық-техникалық жабдықтау және шаруашылық қамтамасыз ету қызметінің маманы
1) тауар-материалдық қорларды (бұдан әрі - ТМҚ), жабдықтар мен қосалқы бөлшектерді қабылдауды жүзеге асырады, Өнім берушілерден қажетті техникалық құжаттаманы (сертификаттар, паспорттар және т.б.) алады;
2) ТМҚ-ға қабылдау актілерін және орталықсыздандырылған шарттар бойынша жеткізілетін негізгі құралдарды, жабдықтар мен қосалқы бөлшектерді ресімдейді;
3) ТМҚ-ның шарт талаптарымен сандық және сапалық алшақтығы болған жағдайда ақау актілерін ресімдейді;
4) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасарының - «Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлардың тізбесін, сондай-ақ ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығына сәйкес, барлық өзгерістерімен және толықтыруларымен қоса осы бұйрықтың 1,2-қосымшаларына сәйкес тауарларға ілеспе жүкқұжаттардың ресімдеу тәртібі мен мерзімдерін бақылайды;
5) «Enterprise Resource Planning» бөлім SAP жүйесіне ақпарат енгізеді: «Materials Management» «Сатып алу және материалдық ағындарды басқару», кіші бөлім: SAP ERP – Кәсіпорынды басқару жүйесі – Мандант 300 Продуктив:
Орталықсыздандырылған жеткізілімдер бойынша:
- МЕ5А транзакциясындағы NB (сатып алу өтінімдері) өтінімдерді түсіру;
- құжаттарды сканерлеу және кіріс деректерін Роботтың электрондық поштасына жіберу;
- Робот жасаған құжаттарды тексеру;
- VL31N транзакциясына кіріс жеткізілімін құру тауар қоймаға түскеннен кейін жасалады;
- VL75 транзакциясына қабылдау актісін түсіру;
- VL32N транзакциясындағы кіріс жеткізілімді өзгерту ЭШФ, жүкқұжаттарды, бухгалтерияның қорларды қабылдау актісін тексеру ТМҚ жүргізу арқылы жүзеге асырылады;
- МВ90 транзакциясында кіріс ордерін түсіру;
- MIR7 транзакциясында алдын ала шот-фактура жасау, алдын ала шот-фактура жасалғаннан кейін нөмір одан әрі жүргізу үшін бухгалтерияға хабарланады.
6) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормаларды, ережелер мен нұсқаулықтарды сақтай отырып, қоймада тиеу-түсіру жұмыстарын ұйымдастырады;
7) қоймада ТМҚ-ны сақтаудың қажетті шарттарын сақтау жөнінде шаралар қабылдайды;
8) шарттық міндеттемелерді сақтау бойынша өнім берушілермен жұмыс істейді (жеткізу мерзімдері, ілеспе құжаттар);
9) орталықтандырылмаған жеткізілімдердің мониторингі бойынша жұмыс жүргізеді;
10) қоймалардағы материалдық ресурстардың қозғалысын есепке алуды жүргізуге қатысады;
11) «КЕGОС» АҚ Атқарушы дирекциясының қызметтік жазбалары мен өкімдері негізінде ТМҚ-ны, жабдықтар мен негізгі құралдарды басқа филиалдарға жеткізу және алу жөніндегі жұмысты орындайды;
12) әрбір жұмыс орнында еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтау бойынша жұмыс жүргізеді;
13) авариялық жағдайларды болдырмау, осындай жағдайлар туындаған кезде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау жөнінде, оның ішінде зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдайды.
14) Азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларға қатысады;
15) жүктерді тасымалдау үшін көлікке апта сайынғы және қосымша өтінімдер жасайды, көліктің ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
16) күзгі-қысқы кезеңде Жөндеу-құрылыс цехының мамандарымен ғимараттар мен құрылыстарды тексеруді жүргізеді және техникалық тексеру актілерін, Қызмет ғимараттары мен құрылыстарын жөндеу бойынша ақаулық актілерін жасайды.Талаптар:
- Білім деңгейі - жоғары немесе орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік).
- Диплом бойынша мамандығы (бағыты) - Қаржы, Экономика, Электроэнергетика, Тау-кен ісі.
- Бағыт бойынша жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жылдар - жоғары білім үшін жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды. Орта техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білімі үшін тиісті мамандық бойынша маман лауазымындағы жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Колледж
Ұқсас вакансиялар