«QazaqGaz Aimaq» АҚ Қостанай өндірістік филиалының Лисаков газ мекемесінің технигі

«QAZAQGAZ AIMAQ»АҚ Қостанай өндірістік филиалы Лисаков қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
626

   Конкурс туралы

Құрметті үміткер!

Компаниямызға қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет.

Вакансияға жауап бермес бұрын, конкурсқа қатысу үшін міндетті шарттармен танысуды сұраймыз:

  1. Білім, жұмыс тәжірибесі, дағдылар және т.б. туралы берілген мәліметтердің дұрыстығына жауапкершілік үміткердің мойнында.
  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, тиісті хабарламадан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмысы туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама ұсынуыңыз қажет.
  1. Жеке кабинетіңіздегі тиісті хабарламаларды бақылауды сұраймыз.
  2. Төменде жарияланған вакансиямен таныса аласыз.


Міндеттер:

  • Газ жеткізу режимдерін мониторингтеу, жеткізілген газ көлемдерін өлшеу және деректерді газбен жабдықтау қызметіне беру;

    Газды есептеу үшін негізгі есептеу тораптарынан және өнеркәсіптік кәсіпорындардың газ есептеу құралдарынан көрсеткіштерді алу;

    Газдың келу және сату балансын есептеу;

    Өнеркәсіптік және коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындардың газ есептеу құралдарының монтажы, орнатылуы, қолданылуы және жағдайының нормативтік-техникалық құжаттама мен техникалық шарттарға сәйкестігін тексеру.

    Газ есептеу құралдарын пайдалануға қабылдау бойынша белгіленген жазбаларды жүргізу

Талаптар:

  • КГХ технигі білуі тиіс: ҚР Конституциясы; ҚР Еңбек Кодексі; ҚР Экологиялық Кодексі; ҚР «Газ және газбен жабдықтау» туралы Заңы; «Азаматтық қорғау» туралы Заңы; ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы Заңы; ISO 9001, ISO 45001, ISO 9004, ISO 14001, ISO 31000, ISO 50001 халықаралық стандарттарының талаптары; EFQM жетілдіру моделі: негізгі концепциялар, критерийлер және RADAR логикасы.

    • газ шаруашылығының картасында - газ желілерінің учаскелері бойынша планшеттерде, жобалық және орындаушы-техникалық құжаттамада, объектілердің газбен жабдықтау көздерінің орналасуында жақсы бағдарлау дағдылары;
    • кәсіпорындарда пайдаланудағы өлшеу құралдарының тексеру және жөндеу тәртібін ұйымдастыру;
    • өлшеу құралдарының техникалық сипаттамалары, конструктивтік ерекшеліктері, тағайындалуы және жұмыс принциптері;
    • өлшеу құралдарына техникалық құжаттаманы құрастыру және ресімдеу ережелері;
    • өлшеулерді жүргізу тәртібі мен техникасы;
    • ГРС, ЗУ және тұтынушыларда (өнеркәсіптік кәсіпорындар) орнатылған есептеу құралдарының диаграммаларын өңдеу үшін планиметрлерді пайдалану;
    • өнеркәсіптік, коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындардағы газ шығынын есептеу және анықтау әдістері;
    • газ шаруашылығының технологиялық (өз қажеттіліктері) үшін газ көлемдерін анықтау әдістемесі (газ құбырлары мен құрылымдарының жағдайын ескере отырып технологиялық шығындар);
    • газ шығынын есепке алу және газ шаруашылығындағы газ шығындары бойынша қажетті есептілікті құрастыруды ұйымдастыру;
    өлшеу құралына табиғи газ тұтынуын есептеу.

Шарттар:

  • Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) техникалық білім.
  • Тұрақты жұмыс, толық 8-сағаттық жұмыс күні, 1 сағат 30 минуттық түскі үзіліс, бес күндік жұмыс аптасы. Сынақ мерзімі 3 ай. Уақытында еңбек ақы төлеу. Еңбек ақысы төленетін демалыс – 30 күнтізбелік күн. Әлеуметтік пакет.