Сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі маманның (уақытша)
484000 - 484000 KZT
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС Павлодар қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Лауазымның функционалы:
- кедендік декларацияларды, кедендік декларацияларды түзетулерді ресімдеу;
- кедендік және статистикалық есептілікті жүргізу;
- KZ СТ сертификаттарын ресімдеу;
- қажет болған жағдайда мемлекеттік органдардың лицензияларын, анықтамаларын, рұқсаттарын алу, міндетті сәйкестікке жататын өнімді әкелу кезінде сәйкестік декларацияларын алу;
- хаттарды дайындау, қызметтік жазбаларды ресімдеу, оның ішінде тексеру, бейнетүсірілім үшін кеден қызметкерлерін өткізуге, сынамаларды әкетуге және т. б;
- жөнелтуге өтінімдер бойынша жұмыс, жөнелту бойынша бұйрықтар қалыптастыру.
Біліктілік талаптары:
- өндіріс бейініне сәйкес мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;
- жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.
Білімі және дағдылары:
- «Қазақстан Республикасындағы кеден деле туралы» ҚР Кодексін, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексін (Салық кодексі), ҚР Еңбек кодексін қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей, Қазақстан Республикасының (бұдан әрі – ҚР) заңнамалық актілерін білу;
- КО комиссиясының 20.03.2010 жылғы 257 шешімімен бекітілген Кедендік декларацияларды толтыру жөніндегі нұсқаулықты білу;
- мемлекеттік, орыс тілдерін білу;
- MS Office (Word, Excel), 1С ӨКБ тәжірибелі пайдаланушы;
- egov.kz, elicense.kz. жүйеде жұмыс істеу дағдылары.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр