Автоматтандыру және бизнес процестерді оңтайландыру бөлімінің жетекші жобалық басқару маманы

«Қазақтелеком» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
62

Қаралған саны:
1089

   Конкурс туралы

Міндеттері:

Компанияның құрылымдық бөлімшелерінен автоматтандырылған жүйелер функционалы бойынша өтінімдерді қабылдау және өңдеу.
Автоматтандыру бойынша сатып алу жоспарына түзетулер, толықтырулар және өзгерістер енгізуге қатысу.
Сатып алу қызметі бойынша филиал басшылығына, «Қазақтелеком» АҚ-ға және уәкілетті сатып алу органына презентациялық материалдарды ұсыну.
Сатып алу қызметі бойынша бизнес процестерді үздіксіз жетілдіруді оңтайландыру.
Ағымдағы жобалар бойынша тұрақты есептерді қалыптастыру, SLA деңгейін орындау бойынша есептерді шығару, қажет болған жағдайда, сондай-ақ бөлімнің қызметі туралы басшылыққа консолидирленген есептілікті қажетті шаблон бойынша дайындау.
Автоматтандырылған басқарушылық есептілік пен өтінімдер жүйесін енгізу. Электрондық сатып алу жүйесінде келісімшарттардың орындалуын бақылауды автоматтандыру. Жобаларды жүргізу, сүйемелдеу, үйлестіру, іске асыру.
Аралық қорытындыларды қалыптастыру, жиналыстар өткізу және жоба бойынша презентациялық материалдарды дайындау.
Сатып алу қызметі бойынша автоматтандыру жұмыстарын бақылауды және сатып алу бойынша есептілікті қамтамасыз ету, сатып алу қызметін басқару процесін оңтайландыру және жетілдіру жобаларын іске асыру, филиалдың бизнес-процестерін әзірлеу, сатып алу қызметі бойынша аналитикалық деректерді ұсыну, филиал жобаларын басқару.
Пост-мониторинг бойынша әзірленген есептерді талдау, іске асырылған жобалардың тиімділігін бағалау;
Сатып алу порталы бойынша БРД пайдаланушыларымен жұмыс, пәндік саладағы өзгерістер туралы ақпарат жинау, деректер базасының жұмысын пайдаланушылардың бағалауы, деректер базасымен пайдаланушылардың жұмыс регламентін анықтау, пайдаланушыларды оқыту және кеңес беру.
Сатып алу порталының анықтамалықтарын, құжаттар шаблондарын және келісімшарттар шаблондарын әкімшілендіру.
«Қазақтелеком» АҚ-ның (бөлімнің қызметі саласында) регламенттерін, процестерін және басқа нормативтік және регламенттейтін құжаттарды уақтылы және дәл орындау.
Серверлердің жұмыс қабілеттілігін мониторингтеу және бақылауды қамтамасыз ету.
Ақпараттық жүйелер мен инфрақұрылымның жалпы қызметі үшін бақылау мен жеке жауапкершілікті қамтамасыз ету.

Талаптар:

  1. Жоғары білім;
  2. Мамандық бойынша жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес;
  3. Стресс төзімділік, жауапкершілік, логикалық ойлау;
  4. Microsoft Office (Word, Excel) сияқты жұмыс үшін қажетті қолданбалы компьютерлік бағдарламалар;
  5. Лауазымды атқару үшін қажетті көлемде мемлекеттік тілдің білуі.