«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі» Шалқар сигнализация және байланыс дистанциясы бастығының cигнализация, орталықтандыру және бұғаттау жөніндегі орынбасары
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігін жақсартуға, жаңа техника мен технологияны енгізуге, қоршаған ортаны қорғау іс-шараларына бағытталған өндірістідамытудың ұзақ мерзімді, жылдық жоспарларын, ұйымдастырушылық және инженерлік-техникалық іс-шараларды әзірлеуді және жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
- Өз құзреті шегінде дистанция шекарасында темір жол учаскелері бойынша пойыздардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету;
- СОБ, ССПС, КП (АЛС) құрылғыларының істен шығу себептерін тексеруді ұйымдастыру;
- АЛС құрылғылар мен СОБ, ССПС, КП (АЛС) құрылғыларының істен шығуын болдырмау және құрылғылардың жұмысында қайталанатын бұзушылықтарды жою бойынша шараларды әзірлеу және енгізу;
- ССПС жүргізушілерінің техникалық даярлық, еңбек және демалыс режимі сақтау, ССПС көлігіне техникалық қызмет көрсету және жөндеу;
- КЛУБ дешифрация тіркеу кассеталарының жұмысы, ТЖБ (КИП СОБ, КП (АЛС) ауыстыру жоспарларын талдау мәселелері бойынша жұмыстарды учаске бастықтарымен, аға электромеханиктермен талқылау;
- "Локомотив" акционерлік қоғамы филиалдарының және жөндеу кәсіпорындарының басшыларымен АЛС құрылғыларын, пойыздық және маневрлік радио байланысты пайдалану мәселелері бойынша бірлескен кеңестерге қатысу.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
- Мамандығы: Темір жол көлігіндегі автоматтандыру және басқару; Темір жол көлігіндегі радиотехника, электроника және телекоммуникациялар; Темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және байланыс; Радиобайланыс және радиохабар тарату;
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы