Шымкент сигнализация және байланыс дистанциясы Шымкент станциясының дрезина жүргізушісі
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
1.Күтімге алатын станциядағы ПТЭ, ИСИ, ИДП, ТРА және осы Нұсқаулықтың, техника қауіпсіздігі бойынша ереженің талаптарын, «ҚТЖ»ҰК»АҚ жұмысшыларының қозғалыс және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуіне бағытталған бұйрықтар мен нұсқаулардың талаптарын сақтау; - жол жүру барысынла тежегіштерді басқару, поездға мотролы-рельстік көлікті тіркеу, тежегіштерді сынау, поездан ажырату, сонымен қатар қысқы мерзімде тежегіштерді пайдалану барысында Темір жолдың жылжымалы құрамның тежегіштерін пайдалану бойынша ережесін басшылыққа алады; - осы Нұсқаулықтың 2.15 тармағында нұсқалған құжаттарды өзімен алып жүру, сонымен қатар ТУ-57 үлгісіндегі машинисттің формуляры.2. Жолға шыққан кезде жол қағазын ресімдеу;
3.Жолда жүру барысында тежегіштерді басқару, моторлы-рельстік көлікті поездға тіркеу, тежегіштерді сынау, поездан ағыту кезінде, сонлай ақ темір жолдардың жылжымалы құрамының тежегіштерін пайдалану кезінде;
4.Дрезина жүргізушісі шунттау құрылғыларының ақауы болған кезде (шеткалардың басылған, топсалы тұтқалардың ұсталмауы) немесе доңғалақ жұптарының бетінің және радиобайланыс тазалығын қамтамасыз ете алмаған кезде жолға шығуға құқығы жоқ. Оларды жөнелту кезінде станция бойынша кезекші жүргізушінің бар жоғын тексереді: - Басқару құқығының куәлігі; - ТУ-57 үлгісіндегі машинисттің формуляторы; - жылдық бақылау-техникалық байқаудың актісі; - машина тіркелген кәсіпорын берген маршруттық қағаздарды ресімдеу; - телім бойынша қозғалыс құқығына келісім; - машинадағы радиобайланыстың жұмысқа жарамдылығы қағазда штампен және станция бойынша кезекшінің қолымен расталуы қажет;
5.Жүргізуші және көмекшісі ТПЕ 15.24 тармағына сәйкес жұмыс жоспарымен толығымен танысады; - Маневрлік жұмыстарға берілген тапсырмаларды нақты және уақытылы орындайды; - берілген сигналдарды ұқыпты қадағалайды, қозғалыс туралы нұсқауларды және сигналдарды нақты және уақытылы орындайды.
6.Дрезинаның алдында немесе оның астында адамның жоқ екендігіне көзін жеткізуі керек, сонымен қатар дрезинаға жақын тұрған жұмысшыларды дрезинаның жүретіндігі туралы ескертеді (сигнал беру арқылы);
7.Дрезина жүргізушісі және көмекшісі адамдарды мұқият қадағалап отыруы керек және жолда бағыттамалардың бағыты мен жылжымалы құрамның орналасуын қадағалайды;
8.Маневрлерді орындау қауіпсіздігін және жылжымалы құрамның сақталуын қамтамасыз етеді;
9.Қозғалыс барысында көрші жолдағы өтіп жатқан құрамды қадағалайды. Дала сигналдарының көрсеткіштерінің көрсеткіштерін қатаң қадағалайды. Сөйлесу регламентін нақты сақтайды, егер де дрезина басқарудың екінші постымен жабдықталмаған болса, кері бағытта жүру барысында дрезина көмекшісі қозғалыс бағыты бойынша міндетті түрде болуы керек;
10. Жұмыс біткеннен кейін дрезина жүргізушісі төмендегілерді орындауға міндетті: - машинаны тұраққа қою, қозғалыс жылдамдығы сағатына 5км артық емес; - еңіске қарай жылжу барысында тежегіш башмақтарын қою; - қол тежегіштерін іске қосу, салқындату жүйесінен суды ағызып жіберу; - роликті подшипниктік букстердің жүріс бөлшектерін көзбен қарап техникалық етксеру жүргізу; - артық құрал-жабдықтарды, заттарды алып тастау, аккумуляторлық батареяларды өшіру; - жанармай құюға арналған вентильді жабу, есікті кілттеп жабу;
Біліктілік талаптары:
1.Білімі: орта, дрезинаны, моторлы-рельстік көлікті басқаруға құқығы бар куәлік.
2.Мамандығы: дрезина жүргізушісі.
3.Мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі: жұмыс өтілі – 1 жылдан кем емес.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Орташа білім
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Кәсіби)
- Орыс тілі (Орташадан жоғары)