«ҚТЖ» ҰК» АҚ және оның ішкі аудит қызметі филиалдарының аудит жөніндегі тобының басшысы

Жалақы көрсетілмеген
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 6 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
24

Қаралған саны:
499

   Конкурс туралы
Лауазымдық міндеттері:
  • Топ қызметіне басшылық жасайды және оның жұмысын ұйымдастырады, топ қызметкерлерінің өздеріне жүктелген міндеттерді орындауы үшін қажетті жағдайлар жасау бойынша, топ қызметкерлерінің қызметіне бақылауды жүзеге асырады;
  • аудиторлық тапсырманы жоспарлау процесін әзірлейді және құжаттайды;
  • "ҚТЖ "ҰК" АҚ және оның филиалдарына/өкілдіктеріне аудит жүргізуге, сондай-ақ тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылаудың корпоративтік жүйесін бағалауға басшылық етеді;
  • "ҚТЖ "ҰК" АҚ Корпоративтік басқару жүйесінің диагностикасына басшылық жасайды аудиторлық есепті қалыптастырады және оны аудит объектісімен келіседі;
  • "ҚТЖ "ҰК" АҚ инвестициялық комитеті мүшесінің функцияларын орындайды.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: экономика және қаржы және/немесе бухгалтерлік есеп және аудит салаларындағы жоғары кәсіптік білім;
  • Мамандығы: Қаржы және несие, Экономика және менеджмент, Қаржылық менеджмент, бухгалтерлік есеп және аудит;
  • Жұмыс тәжірибесі: аудит және/немесе экономика және қаржы және/немесе бухгалтерлік есеп саласында – кемінде 7 (жеті) жыл, басшы лауазымдағы жұмыс тәжірибесі және/немесе ішкі аудит қызметіндегі жұмыс тәжірибесі – кемінде 5 (бес) жыл.
Білуі керек:
  • Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері, оның ішінде аудиторлық қызмет, Бухгалтерлік есеп және салық салу мәселелері бойынша; ішкі аудиторлар институты (The Institute of Internal Auditors Inc) әзірлеген ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттары, ішкі аудитті жүргізудің әдістемелері мен рәсімдері, сондай-ақ қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары;
  • "Самұрық-Қазына" АҚ және қоғамның өндірістік-шаруашылық қызметін реттейтін Қоғамның нормативтік құжаттары; қызметтің қызметін реттейтін Қоғамның ішкі құжаттары.
  • Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау, корпоративтік басқару жөніндегі халықаралық тұжырымдамалар мен стандарттар.
Қосымша талаптар: ішкі аудиторлар институты (The Institute of Internal Auditors) беретін "дипломды ішкі аудитор" (CIA) сертификатының және/немесе Ақпараттық жүйелер аудиторы (CISA) сертификатының және/немесе сертификатталған кәсіби ішкі аудитор (Dipspia) дипломының және/немесе кәсіби ішкі аудитор (DipPIA), сертификатталған қаржы менеджерлері институты (Ұлыбритания) және/немесе "Қазақстан Республикасының кәсіби бухгалтері" шығарған, шет тілін білуі.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр