«Стратегия және экономикалық талдау» департаментінің бас менеджері

«Самұрық - Энерго» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
128

Қаралған саны:
2179

   Конкурс туралы
Қызметтік міндеттері:

1) Қоғамның қаржы-экономикалық моделінің дерекқорын әзірлеуді/өзектендіруді қамтамасыз етеді;

2) макроэкономикалық және салалық көрсеткіштерді, электр энергиясын тұтыну болжамдарын, заңнамадағы өзгерістерді ескере отырып, сыртқы ортаға талдау жүргізеді;

3) Қоғам дамуының орта мерзімді сценарийлерін модельдеуді қамтамасыз етеді;

4) орта мерзімді мақсаттар, сценарийлер және ҚНК жобасын қалыптастыру мен келісуді қамтамасыз етеді;

5) орта мерзімді мақсаттарға қол жеткізу және ҚНК тұрғысынан бизнес-бастамалар портфелін талдайды;

6) инвестициялық жобаларды іске асырудың Қоғам тобының қаржылық және өндірістік көрсеткіштеріне, түпкілікті тұтынушыларға арналған тарифтерге, сондай-ақ елдік инфляцияға тигізетін ықпалына сценарлық талдау дайындайды;

7) Қоғамның даму жоспарын қалыптастыру үшін Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінен келіп түскен бюджеттік өтінімдерді қарайды және талдайды;

8) жоспарлаудың бірінші жылын тоқсанға бөле отырып, ЕТҰ-ның және тұтастай алғанда Қоғамның бес жылдық кезеңге арналған Даму жоспарын қалыптастыру процесін жылжымалы негізде бақылайды;

9) ЕТҰ Даму жоспарларының жобаларын қарайды, келіседі, қорытындылар дайындайды және қажет болған жағдайда ұсынымдар әзірлейді;

10) Қоғамның Шоғырландырылған даму жоспарын қалыптастыруды / түзетуді, оны келісуді және Қоғамның уәкілетті органдарының бекітуіне шығаруды қамтамасыз етеді;

11) Компанияның Даму жоспары мен Жылдық бюджетінің орындалуына талдау жүргізеді, нақты ҚНК-ны жоспарлы көрсеткіштермен салыстырады, ауытқуға әсер еткен факторларды анықтайды, түзету шараларын уақтылы қабылдау үшін Қоғам менеджментін хабардар етеді. Қоғамды дамытудың Шоғырландырылған жоспарының орындалу болжамын өзектендіреді;

12) ЕТҰ Даму жоспарларының орындалуы бойынша есептерді қарайды және келіседі, қорытындылар дайындайды және қажет болған жағдайда ұсынымдар әзірлеуді қамтамасыз етеді;

13) Қоғамның және ЕТҰ Даму жоспарын іске асыру туралы есепті қалыптастырады;

14) Қоғам мен ЕТҰ Даму жоспарын іске асыру туралы есепті Қоғам Басқармасының қарауына және Қоғамның Директорлар кеңесінің бекітуіне шығару үшін материалдарды уақтылы дайындауды қамтамасыз етеді;

15) жоспарланатын ЕТҰ Даму жоспарларының бірінші күнтізбелік жылына арналған бюджеттердің жобаларын қарауды мен келісуді, қорытындылар дайындауды және қажет болған жағдайда ұсынымдар әзірлеуді қамтамасыз етеді;

16) жоспарланатын Даму жоспарының бірінші күнтізбелік жылына бюджетті қалыптастыру үшін Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінен бюджеттік өтінімдерді қарауды және талдауды қамтамасыз етеді;

17) ЕТҰ мен КО-ның Даму жоспарының бірінші күнтізбелік жылына арналған бюджетті қалыптастыруды/түзетуді қамтамасыз етеді; жылдық бюджетті Қоғам Басқармасының қарауына және Қоғамның Директорлар кеңесінің бекітуіне шығару үшін материалдарды уақтылы дайындауды қамтамасыз етеді;

18) ЕТҰ-ны дамытудың жоспарланатын жоспарларының бірінші күнтізбелік жылына арналған бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді қарауды және келісуді, қорытындылар дайындауды және қажет болған жағдайда ұсынымдар әзірлеуді қамтамасыз етеді;

19) Қоғамның Даму жоспарының мониторинг нәтижелері бойынша тоқсандық және ай сайынғы шоғырландырылған есептерді қалыптастыруды қамтамасыз етеді;

20) ҚЕТТ (қаржылық есептілікті толық талдау) есебін қалыптастыруға бақылау жасауды қамтамасыз етеді;

21) нақты өндірістік өзіндік құнын есептеуді, шығын шығатын объектілеріне шығындарды бөлуді қамтамасыз етеді, алынған нәтижеге бақылау және талдау жасайды;

22) шығындарды бөлу нәтижелері бойынша қалыптастырылған өзіндік құнға талдау жүргізеді;

23) нақты өзіндік құнның жоспарлы өзіндік құннан ауытқуының есебін және оларды алдын ала талдауды бақылайды;

24) Қоғамның орта мерзімді кезеңге арналған даму сценарийлерін негізге ала отырып, өзіндік құнын есептейді;

25) макроэкономикалық болжамдар мен сыртқы тәуекелдерге талдау жүргізуді, заңнама және тариф белгілеу саласындағы жүйелік проблемаларды анықтауды қамтамасыз етеді.

26) сұраныстың, ұсыныстың белгісіздігі мен құбылмалылығы факторын және негізгі ресурстардың құнын ескере отырып, өзіндік құнның, ықтимал инвестициялық құрамдас бөліктің болжамдарына негізделген тарифтерді болжайды;

27) сұраныс бойынша тарифтерді модельдейді;

28) өзіндік құн құрылымындағы өзгерістер (ауыспалы және тұрақты шығындар) және өндіріс пен өткізу көлемдерінің құбылмалылық дәрежесіне әсері туралы деректерді жинайды;

29) әртүрлі кіріс деректер жиынтығында (оптимистік, шынайы, пессимистік) бірнеше тарифтік сценарийлерді есептейді және сезімталдықты талдайды;

30) экономикалық көрсеткіштерге (ауыспалы шығындарды жабу, толық шығындарды жабу) және ықтималдық көрсеткіштеріне (құбылмалылық пен сезімталдық) сүйене отырып, оңтайлы сценарийді таңдайды;

31) реттелмейтін қызметтерге тарифтер есебін дайындайды;

32) реттелмейтін қызметтерге тарифтерді келіседі және бекітеді;

33) құжаттардың дайындалуын бақылайды және қажет болған жағдайда уәкілетті органның тарифтерді бекітуге ЕТҰ өтінімін қорғауға қатысады (қатты не шекті тарифтер);

34) құжаттардың дайындалуын бақылайды және қажет болған жағдайда уәкілетті органда тарифтік сметаның орындалуы туралы ЕТҰ есептілігін қорғауға қатысады;

35) бизнес-жоспарлау, қызметті бюджеттеу, тарифтік сметаларды, өзіндік құнын, лимиттерді қалыптастыру және шығыстарды бөлу әдістемесін, рәсімдерін, көрсеткіштері мен құралдарын әзірлейді/өзектендіреді.


Үміткерлерге қойылатын талаптар:

Жоғары кәсіптік білім (қаржылық, экономикалық немесе бухгалтерлік).

Кәсіби саладағы практикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл. Сертификаттарының болғаны жөн (CIMA, ACCA, CFA, кәсіби бухгалтер сертификаты және басқалары).

Ірі өндірістік, энергетикалық компанияны дамытудың орта мерзімді жоспарларын әзірлеу және олардың орындалуын мониторингтеу тәжірибесі;

 электр энергиясының болжамды өзіндік құнын жоспарлау/белгілеу тәжірибесі;

Компанияның Даму жоспарын қалыптастыру тәжірибесі;

операциялық жоспарлаудың нормативтік құжаттамасы мен әдіснамасын әзірлеу тәжірибесі;

Компанияның жылдық бюджетін қалыптастыру және мониторингілеу тәжірибесі;

 Шоғырландырылған басқарушылық есептілікті қалыптастыру тәжірибесі;

қызметтің жылдық түйінді / процестік көрсеткіштерін әзірлеу, олардың орындалуын мониторингілеу және талдау тәжірибесі;

тарифтік сметалардың орындалуын әзірлеу, бақылау мен мониторинг жүргізу тәжірибесі;

уәкілетті мемлекеттік органдарда тарифтерді келісу және бекіту тәжірибесі;

қаржы-экономикалық блок процестерін автоматтандыру тәжірибесі;

ХҚЕС стандарттарын білу;

Компанияның және оның ЕТҰ-ның Даму жоспарының шығын бөлігін барынша азайту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу дағдылары;

қызметтің негізгі / процестік көрсеткіштерін орындау тиімділігін талдау дағдылары;

Іскерлік хат алмасу дағдылары.

Қажетті қабілеттер

  • 2) Опыт планирования/установления прогнозной себестоимости электроэнергии;
  • 3) Опыт разработки нормативной документации и методологии операционного планирования;
  • 4) Опыт формирования и мониторинга годового бюджета компании;
  • 5) Опыт формирования консолидированной управленческой отчетности;
  • 7) Опыт разработки, осуществления контроля и мониторинга исполнения тарифных смет;
  • 8) Опыт согласования и утверждения тарифов в уполномоченных государственных органах.
  • Опыт автоматизации процессов финансово-экономического блока
  • ) Навыки деловой переписки.
  • Знание стандартов МСФО
  • Навыки разработки мероприятий по минимизации затратной части плана развития компании и ее ДЗО
  • Опыт формирования Плана развития компании
  • Навыки анализа эффективности исполнения ключевых/процессных показателей деятельности

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман