КҮРДЕЛІ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ЖАҢА ЖОБАЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ ҚҰРЫЛЫСТЫ БАҚЫЛАУ БӨЛІМІНІҢ ИНЖЕНЕР – ҚҰРЫЛЫСШЫСЫ (БӨАМА)

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
37

Қаралған саны:
912

   Конкурс туралы

Болуы тиіс:

  • І санатты инженер құрылысшы: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе ЖОО кейінгі) білімі және ІІ санатты құрылысты қадағалау жөніндегі инженер лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.
  • ІІ санатты инженер құрылысшы: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе ЖОО кейінгі) білімі және санаты жоқ құрылысты қадағалау жөніндегі инженер лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
  • Инженер-құрылысшы: жұмыс өтіліне талап қойылмайтын жоғары (немесе ЖОО кейінгі) білімі немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және І санатты техник лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Білуі тиіс:          

  • Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа нормативтік-құқықтық актілерін және құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау бойынша әдістемелік және басқа да материалдарды;
  • құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындаудың техникалық шарттары мен желілік кестелерін;
  • құрылыс материалдарының, бөлшектердің, конструкциялардың стандарттарын, техникалық шарттарын;
  • құрылыс нормалары мен қағидаларын;
  • өндіріс технологиясының негіздерін және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу тәсілдерін;
  • құрылысы аяқталған объектілерді қабылдау тәртібін, сапаны бақылау әдістерін;
  • жаңа құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкцияларын;
  • еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өнеркәсіптік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі қағидалар мен нормаларды, ҚР табиғатты қорғау заңнамасын.

Қажетті дағдылар:

  • компьютерде жұмыс істеу дағдыларының болуы (жұмысқа қажетті арнай бағдарламаларды білуі)
  • жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру дағдыларының болуы.