«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – Ақмола магистральдық желі филиалының еңбек және жалақы бөлімінің жетекші инженері
- Құрылған күні:
-
06.10.2025
- Берілген өтінім:
- 3
- Қаралған саны:
- 375
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
үстеме жұмыс, мереке, түнгі және демалыс күнгі жұмыс сағаттарын есептеу бөлігінде жұмыс уақытын есепке алу табельдерін тексеру, шаблондарды- SAP жүйесіне жүктеу, маршруттық парақтарды, аванстық есептерді тексеру;
еңбекақы төлеу қорының жұмсалуын бақылау; - нормативтік актілерге сәйкес филиал қызметкерлерінің нормативтік санының есебін жүргізу;
хронометраждық және басқа да бақылауларды, жұмыс уақытын жоғалтуды, еңбек өнімділігінің өсу резервтерін қолдану арқылы жұмыскерлердің барлық санаттарының жұмыс уақытын пайдалануына талдау жүргізу; - SAP жүйесіне штат кестесін, штат кестесіне өзгерістер енгізу;
кәсіптер мен лауазымдардың атауларын, разрядтарын белгілеудің, тарифтік ставкаларды, лауазымдық айлықақыларды және басқа да төлемдерді қолданудың, разрядішілік интервалдарды(лагтарды) берудің дұрыстығын бақылау; - SAP pbw жүйесіндегі еңбек бойынша есептерді салыстыру және еңбек және жалақы, әлеуметтік төлемдер бойынша көрсеткіштерге талдау жасау;
ақшалай сыйақыларды төлеу жөніндегі қолданыстағы ережеге сәйкес желілік қызметкерлерге ағымдағы сыйлықақыны төлеуге материалдар жинау және есеп айырысулар жасау.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары.
- Мамандығы: Экономика; Қаржы; Есеп және аудит; Менеджмент; еңбекті ұйымдастыру және нормалау; Статистика.
- Жұмыс тәжірибесі: еңбек өтіліне талап қойылмайды.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр