«KEGOC» АҚ «Ақпараттық телекоммуникациялық жүйелер» филиалы Оңтүстік өңірлік телекоммуникациялар тобының радиобайланыс секторының жетекші инженері
Міндеттері:
- бекітілген жабдыққа (радиорелелік желілер, сымсыз қолжетімділік жабдығы, PLC интеграцияланған байланыс арналары, РРЛ мультиплексорлары, ультрақысқа толқынды радиостанциялар, кепілдендірілген қуаттандыру жүйесінің талшықты-оптикалық байланыс желілері, аккумуляторлық батареялар) қызмет көрсету, пайдалану және жөндеуді жүзеге асыру, оның ішінде қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысқа қабілеттілігін тікелей немесе қашықтан тексеруді қамтиды;
- ішкі нормативтік құжаттардың талаптары мен қызмет көрсетілетін жабдықтың зауыттық нұсқаулықтарын ескере отырып жасалған көлемдер мен кестелерге сәйкес жоспарлы-профилактикалық жұмыстарды сапалы орындауды қамтамасыз етеді;
- қызмет көрсетілетін жабдыққа қолжетімділікті және сервистік шектеулер деңгейін басқаруды жүзеге асырады;
- қызмет көрсетілетін жабдықтың және өлшеу аспаптарының бағдарламалық жасақтамасын жаңартуға жауапты;
- қызмет көрсетілетін жабдықта ақаулар, жұмыс істеудің бұзылуы немесе авариялар туындаған жағдайда қызмет көрсету объектілеріне жедел шығуды жүзеге асырады;
- пайдалану құжаттамасын жүргізуді жүзеге асырады;
- жабдықтың сақталуын, ақаусыздығын қамтамасыз ету және рұқсатсыз орын ауыстыруға жол бермеу үшін пайдаланылатын жабдыққа мониторинг жүргізеді;
- жоспарлы-профилактикалық және авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге қажетті аспаптардың, саймандардың, құралдардың және арнайы киімнің ақаусыз әрі жұмысқа қабілетті күйде болуын қамтамасыз етеді;
- алдағы жылға арналған шығындарды жоспарлау үшін есептен шығаруға жататын пайдаланылатын жабдықтың тізбесі бойынша ақпаратты дайындайды;
- инвестициялық бағдарламаға шығындарды енгізу үшін ақпараттық-телекоммуникациялық кешенді салу / жаңғырту / реконструкциялау бойынша ұсыныстарды дайындайды;
- ақпараттық-телекоммуникациялық кешен бойынша тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға арналған жобалау-сметалық құжаттамаға тапсырма, техникалық спецификация дайындайды;
- ақпараттық-телекоммуникациялық кешен бойынша техникалық шарттарға енгізу үшін ұсыныстарды дайындайды;
- ақпараттық-телекоммуникациялық кешен бөлігінде технико-экономикалық негіздемелер, жобалау-сметалық құжаттамалар, қуат беру сызбасы, сыртқы электрмен жабдықтау сызбасы, жұмыстар өндірісі бағдарламалары және құзырет шегінде өзге де құжаттар бойынша қарастырады және қорытынды береді;
- ақпараттық-телекоммуникациялық кешеннің құрылысына / жаңғыртуына / реконструкциясына қатысы бар байланыс арналарының ұйымдастырылуына, техникалық бақылауға және орындалған жұмыстарды қабылдауға қатысады;
- ақпараттық-телекоммуникациялық кешен бойынша әзірленетін ішкі нормативтік құжаттарға ұсыныстар береді;
- азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеуге қатысады;
- басқару, хабарлау және байланыс жүйелерін дамыту бойынша шараларды қабылдауға және оларды пайдалануға дайын күйде ұстауға қатысады;
- азаматтық қорғаныс күштерінің дайындығын қолдауға қатысады;
- персоналды заманауи зақымдау құралдарын қолдану жағдайларында қорғану тәсілдеріне және әрекеттерге оқытуға қатысады;
- азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылыстарын түгендеуді, олардың жұмыс істеуге дайын күйде болуын жүзеге асырады;
- эвакуациялық іс-шараларды жоспарлауға қатысады;
- қауіп төнуі және заманауи зақымдау құралдарын қолдану туралы хабарлайды, персоналды әрекет ету тәртібі туралы ақпараттандырады;
- азаматтық қорғаныс үшін қосымша басқару, хабарлау және байланыс пункттерін құруды ұйымдастыруға қатысады;
- құзырет шегінде ақпараттық-талдамалық жұмыс жүргізуді жүзеге асырады;
- құжаттарды (материалдарды) дайындайды және азаматтық қорғанысты бейбіт уақыттан соғыс уақытына ауыстыру бойынша командалық-штабтық оқу-жаттығуларға қатысады;
- радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс бойынша іс-шаралар кешенін ұйымдастыруға қатысады;
- азаматтық қорғаныс бойынша оқу жаттығуларының өткізілуін ұйымдастыруға қатысады;
Талаптар:
-
· жұмыс дағдылары: сымсыз байланыс жүйелерінің жабдықтарын монтаждау / орнату / баптау, талшықты-оптикалық байланыс желісінің жабдығын, дабылқаққыш (дауыс күшейткіш) байланыс жүйелерін, оптикалық талшықтарды дәнекерлеу; биіктікте және биіктік жұмыстарында;
· электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі еңбек қауіпсіздігі ережелерінің талаптары негіздерін, энергетикалық кәсіпорындар үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін, электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану ережелерін, электр қондырғыларын орнату ережелерін білу;
· компьютерлік жабдықтың, шеткері құрылғылардың, талшықты-оптикалық байланыс желісінің, радиорелелік байланыс желісінің, спутниктік байланыстың, автоматты телефон станциясының, белсенді желілік жабдықтың, электроэнергетика саласындағы технологиялық процесті автоматтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеу принципі негіздерін білу;
стандарттар принципі негіздерін білу (IEC 60870-5-1, IEC 60870-5-104 және т.б.) Халықаралық электротехникалық комиссияның (IEC), стандарттардың (ISDN, ADSL, OSI желілік моделі, V.24, H.323, G.723 және т.б.) Халықаралық телекоммуникациялар одағының (ITU), стандарттардың (ISO 9001 – сапа менеджменті жүйесі; ISO 45001 – еңбек денсаулығы және қауіпсіздік менеджменті жүйесі; ISO 14001 – экологиялық менеджмент жүйелері) Халықаралық стандарттау ұйымының (ISO), стандарттардың (GSM) Еуропалық телекоммуникациялық стандарттар институтының (ETSI).
оқу орталықтарында қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері бойынша кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыруға оқыту туралы куәліктің болуы қажет/құптарлық.
Шарттар:
- Жұмыс орны АО «KEGOC» «Оңтүстік мемлекетаралық электр желілері» филиалының әкімшілік ғимаратында, мекенжайы: Шымкент қ., Бауыржан Момышұлы көшесі, 27
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Техникалық және кәсіптік білім беру
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Кәсіби)
- Орыс тілі (Кәсіби)