«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Жол диагностикасы орталығы» филиалы Ақмола РБ өңірлік ревизорлар аппаратының салалары (Нұр - Сұлтан торабы бойынша) бойынша қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі Ревизор

от 547985
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Центр диагностики пути» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
24

Қаралған саны:
311

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • НБД (жол қозғалысы қауіпсіздігі бұзылуы) жағдайлары туралы бастапқы ақпаратты қалыптастыру – нақты алғаш анықталған мән-жайларды, себептер мен салдарларды көрсете отырып, Департамент диспетчеріне электрондық пошта арқылы жолдау;
  • НБД жағдайларын тергеу жүргізу, оларды жіктеу және есепке алу – Компания мен ДО-ның бекітілген жергілікті актілеріне сәйкес себептер мен кінәлілерді анықтай отырып жүзеге асыру;
  • Департаментке НБД туралы, қозғалыс қауіпсіздігі жағдайы туралы ақпарат ұсыну, сондай-ақ қозғалыс қауіпсіздігі мәселелері бойынша мерзімді есептілікті дайындау;
  • Қадағаланатын шаруашылық бойынша қозғалыс қауіпсіздігі жағдайының кезеңдік талдауын дайындау, оның негізінде НБД алдын алу бойынша ұсынымдар әзірлеу және олардың орындалуына мониторинг жүргізу;
  • Компания мен ДО-ның сызықтық және аймақтық деңгейдегі бөлімшелерімен қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, теміржол көлігі нысандарын, техникалық құралдарды, жылжымалы құрамды ұстау және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ҚР НҚА, НТҚ және Компанияның жергілікті актілерінің талаптарын сақтауын бақылау (мониторинг жүргізу);
  • Жүк және жолаушы пойыздарының техникалық қызмет көрсету сапасын және технологиялық процестің сақталуын тексеру, ПТО-да (пойыздарды техникалық тексеру пункттері) дайындық берілгеннен кейін, сондай-ақ вагондардың МЖС-ке (шаруашылық пойыздар, думпкарлар және т.б.) жіберілуін бақылау;
  • КТСМ-02, КГУ, УКСПС, «К» қосалқы жүйесі сияқты автоматты бақылау құралдарының көрсеткіштері бойынша жүк және жолаушы пойыздарының тоқтауы мен кідірістері жағдайларын мониторингтеу, бұл ақпаратты ЦРБ диспетчеріне жолдау, кейіннен мән-жайларын, негізгі себептері мен салдарын анықтап, тиісті шаралар қабылдау және т.б.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: Құрылыс (Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы), көлік құрылысы
  • Жұмыс өтілі: пойыз қозғалысына байланысты лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі болуы тиіс.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Бастапқы)