«Қазынашылық және Корпоративтік қаржы» департаментінің бас менеджері

«Самұрық - Энерго» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
89

Қаралған саны:
1310

   Конкурс туралы
Қызметтік міндеттері:
  • 1) Ақшалай позиция мен УБАҚ мөлшері туралы ақпаратты жинау және ұсыну процесін үйлестіреді.

    2) Қоғам тарапынан Кэш пулинг жұмысын ұйымдастыруды үйлестіреді.

    3) Қоғам бойынша ақшалай позицияны және орналастырылған УБАҚ-ты талдау және бақылау жөніндегі жұмысты үйлестіреді.

    4) Қоғамның өтімділік тәуекелін басқару процесін үйлестіреді.

    5) ЕДБ-дағы Қоғам лимиттерін сақтау, Қоғамның компаниялар тобы ішінде ЕДБ-дегі лимиттерді қайта бөлу жөніндегі іс-шараларды үйлестіреді және жүзеге асырады.

    6) УБАҚ орналастыру және операциялық қызметті қамтамасыз ету үшін қажетті ақшалай қаражаттың жеткілікті мөлшерін ұстап тұру процесін үйлестіреді.

    7) бекітілген төлем күнтізбесіне және Қоғамның кассалық жоспарына сәйкестік мәніне Қоғамның төлемдері мен есеп айырысуларын бақылауды жүзеге асырады.

    8) Қоғамның сыртқы қарыз алуын ұйымдастыру процесін үйлестіреді.

    9) Қоғамның операциялық қызметін қолдауға кредиттік желілерді ашу мақсатында ЕДБ-мен келіссөздер жүргізу процесін үйлестіреді.

    10) Қоғамның және оның еншілес және тәуелді ұйымдарының валюта-айырбастау операцияларын жүзеге асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді.

    11) КО төлемдер тізілімін қалыптастыру процесін үйлестіреді.

    12) Қоғамның облигацияларын шығаруды, орналастыруды және сатып алуды/өтеуді ұйымдастыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді.

    13) КО қарыздарын қайта құрылымдау және қайта қаржыландыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді.

    14) Корпоративтік кредиттік рейтингтің болуын қолдауға қатысты іс-шаралар өткізуді қамтамасыз етеді.

    15) Қаржылық есептілік депозитарийінің және Қор биржасының интернет-ресурсында ашылуға жататын ақпаратты уақтылы орналастыру процесін үйлестіреді.

    16) Қоғам акцияларын шығаруды және орналастыруды ұйымдастыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді.

    17) КО кредиттік портфелін оңтайландыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді.

    18) Қоғамның инвесторлары мен кредиторлары үшін ақпаратты уақтылы беру процесін үйлестіреді.

    19) Қоғамға қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында мәмілелерді құрылымдау, жасасу және мониторингілеу мәселелері бойынша проблемалық борышкерлермен не олардың өкілдерімен өзара іс-қимыл процесін үйлестіреді.

    20) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептілікті тапсыру процесін үйлестіреді

    21) Өз құзыреті шеңберінде Қоғамның уәкілетті органының шешім қабылдауы мақсатында материалдарды әзірлеу, келісу процесін үйлестіреді.

    22) Қазынашылық және Корпоративтік қаржы бөлігінде жылдық аудитке қатысуды қамтамасыз етеді.

    23) Қазынашылық және Корпоративтік қаржы бөлігінде есепті деректердің дұрыстығы мен басқару ақпаратының сапасын айқындау процесін үйлестіреді.

    24) Қазынашылық және Корпоративтік қаржы жүйелеріне ERP енгізуге қатысу.

    25) Валюталық, пайыздық, қаржылық кредиттік тәуекелді барынша азайту жөнінде ұсыныстар енгізу процесін үйлестіреді.

    26) ЕТҰ мен Қоғамның ашық валюталық позициясын талдау процесін үйлестіреді.

    27) «Жасыл» және орнықты дамуға байланысты өзге де қаржы құралдарының шығарылымдарын ұйымдастыру процесін үйлестіреді

    28) «Жасыл» қаржыландыру нарықтарын, оның ішінде халықаралық нарықтарды талдау, ESG-қаржыландыруды тарту бойынша ұсыныстар әзірлеу процесін үйлестіреді

    29) ESG-қаржыландыру бойынша есепті құжаттарды дайындау процесін үйлестіреді

    30) ESG саласындағы Қоғам тобын қаржыландыруды пысықтау және іске асыру үшін стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл шеңберінде ESG-қаржыландыру саласындағы кредиторлар мен инвесторлар алдында Қоғам мүдделерін білдіруді қамтамасыз етеді

    31) Қоғам тобының қаржылық тұрақтылығын нығайту үшін рейтингтік агенттіктердің, кредиторлардың ұсынымдарының орындалуын мониторингтеу процесін үйлестіреді

    32) Қоғам акционеріне жоспарланатын дивидендтерді есептеу процесін үйлестіреді, оны акционермен келіседі, қоғамның және ЕТҰ-ның таза табысын бөлу 

    тәртібін, сондай-ақ ЕТҰ-ның қоғамға жоспарланатын дивидендтерін есептеуді келіседі

    33) ЕТҰ-ға қатысты Қоғамның, акционердің қоғамға қатысты дивидендтік Саясаты бөлігінде ішкі нормативтік құжаттарды жаңарту және келісу процесін үйлестіреді

    34) Қордың және қоғамның қаржылық есептілігіне аудитті жүзеге асыру шеңберінде стейкхолдерлерге қоғамның қаржылық және қаржылық емес ковенанттарының орындалу барысы туралы есеп беру процесін үйлестіреді.

Үміткерлерге қойылатын талаптар

  • Жоғары кәсіби білім (қаржылық, бухгалтерлік, экономикалық), қаржы, бухгалтерия, экономика саласы бойынша сертификаттарының болғаны жөн
    Қызмет бейініне сәйкес кәсіби салада кемінде 5 жыл практикалық жұмыс тәжірибесінің болуы. 
  • Халықаралық және жергілікті компаниялардағы қаржылық, экономикалық, бухгалтерлік позицияларда жұмыс тәжірибесінің болуы құпталады.
  • Өтімділікті жоспарлау, қазынашылық операцияларды жүргізу және ақша қаражаттарын орналастыру тәжірибесі.
  • Компанияның қаржылық жағдайына қарыздардың әсерін анықтау мақсатында компанияның және оның ЕТҰ-ның қаржылық-шаруашылық қызметіне талдау жүргізу тәжірибесі.
  • Банктермен, қаржы нарығының басқа қатысушыларымен, қор биржаларымен (KASE, ҚҚҰ және т.б.) өзара іс-қимыл тәжірибесі.
  • Қазынашылық операциялардың орындалуын реттейтін заңдарды, регламенттейтін құжаттар мен әдістемелерді білу.
  • Ағылшын тілін білуі (құпталады).
  • Банктермен, несие ұйымдарымен, рейтингтік агенттіктермен, қаржы институттарымен және қор биржаларымен жұмыс істеу және келіссөздер жүргізу дағдылары. 
  • Уақытша бос ақшаны орналастыру бөлігінде тиісті шешімдер қабылдау үшін қаржылық есептілікті талдау және үлкен көлемдегі деректерді тиімді өңдеу дағдылары. 
  • Бұрыннан келе жатқан және әлеуетті серіктестермен жүйелі қарым-қатынас құру дағдылары. 
  • Қаржылық модельдердің негізгі деректері мен көрсеткіштерін түсіндіру дағдылары.
  • Тәжірибеде әдіснамалық білімді қолдану дағдылары.
  • Конверсиялық операцияларды және уақытша бос ақша қаражатын қаржы құралдарына орналастыру жөніндегі операцияларды жүргізу дағдылары.
  • Бухгалтерлік АТ жүйесінде жұмыс істеу дағдылары (1С және басқалары).
  • Іскерлік хат алмасу дағдылары. 

Қажетті қабілеттер

  • ) Навыки деловой переписки.
  • 13) Навыки работы в бухгалтерской ИТ-системе (1С, другое).
  • 2) Опыт планирования ликвидности, проведения казначейских операций и размещения денежных средств
  • Знание английского языка (желательно).
  • Навыки построения системных взаимоотношений с существующими и потенциальными партнерами.
  • Навыки интерпретации основных данных и показателей финансовых моделей.
  • Навыки применения методологических знаний в практике.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман