Өндірістік процестерді автоматтандыру жөніндегі бас маман

Жалақы көрсетілмеген
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС Павлодар қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
8

Қаралған саны:
371

   Конкурс туралы

Лауазымның функционалы:

  • БӨАжәне ТПБЖА жабдығына қызмет көрсету, жөндеу кезінде БӨАжәнеТПА цехының қызметін бақылауды жүзеге асырады;
  • бөгде ұйымдардың жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде техникалық сүйемелдеуді жүзеге асырады;
  • бөгде ұйымдардың БӨА және ТПБЖА монтаждау, іске қосу, баптау кезіндегі жұмысына бақылау жүргізеді;
  • сатып алынатын БӨА және ТПБЖА жабдықтарына техникалық ерекшеліктерді әзірлейді;
  • жобалау және құрылыс-монтаждау жұмыстарына техникалық тапсырмаларды әзірлейді;
  • ЖААЖ кестелерін әзірлеуге қатысады;
  • қолданыстағы нормалардың, құқықтың талаптарын ескере отырып, өз бөлімшесінің инженерлік персоналымен бірлесіп жұмыс істеуді жоспарлайды.

Біліктілік талаптары:

  • «Автоматтандыру және басқару», «Технологиялық процестерді автоматтандыру және басқару», «Электротехника және автоматтандыру» мамандықтары бойынша жоғары немесе (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;
  • мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем емес;
  • басқару жүйелері бойынша сертификаттардың болуы (Yokogawa, Emerson, Siemens және т. б.) құпталады.

Білімі мен дағдылары:

  • мемлекеттік, орыс тілдерін бшду, ағылшын тілін білу (құпталады);
  • мұнай өңдеу өнеркәсібінде қолданылатын өлшеу принциптерін, өлшеу құралдарының түрлерін білу; бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысын, оларды қолдану, Қызмет көрсету ерекшеліктерін білу;
  • ТПБЖА құру және жұмыс істеу принциптерін білу;
  • жоспарлы-алдын алу жөндеу жүйесін, БӨА және ТПБЖА техникалық қызмет көрсетуді білу;
  • жобалық құжаттамамен жұмыс істей білу;
  • Windows және MS Office стандартты бағдарламалық жасақтамасын білу;
  • 1C, ЭҚЖ, (электрондық құжат айналымы жүйесі), сондай-ақ IBM Maximo жүйесін білу-құпталады.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр