"ҚТЖ "ҰК" АҚ филиалының қозғалыс қауіпсіздігі бөлімінің бас маманы - "Алматы магистральдық желі бөлімшесі"

от 241145
Алматинское отделение магистральной сети Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
10

Қаралған саны:
409

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:

  • қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуы туралы тәуліктік жедел ақпаратты жинақтау, жіктеу және есепке алу;
  • жағдайлардың сипаттамасымен, себептерін көрсете отырып, кезең ішіндегі қозғалыс қауіпсіздігінің жай-күйін талдау, қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуының алдын алу бойынша ұсыныстар әзірлеу:
  • қозғалыс қауіпсіздігінің деңгейін арттыру жөніндегі ұйымдастырушылық және техникалық іс-шараларды, бағдарламалардың орындалуын әзірлейді және бақылайды;
  • Қозғалыс қауіпсіздігі мәселелері бойынша магистральдық желі бөлімшесінің желілік кәсіпорындары бөлінісінде Күзгі және көктемгі комиссиялық тексерулердің нәтижелеріне қатысады және талдау жүргізеді;
  • Қозғалыс қауіпсіздігі бойынша нормалар мен құжаттамалардың дұрыс қолданылуын, технологиялық процестердің талаптарын сақтау бойынша тексерулер жүргізуді және практикалық көмек көрсетуді талдайды және бақылайды;
  • Поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ақпаратты жинақтайды және мемлекеттік уәкілетті органдармен, Компанияның құрылымдық бөлімшелерімен, басқа да ұйымдармен хат алмасады
Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Саладағы мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары( көтеру-көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтары, вагондар); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
  • (теміржол көлігі); Автоматтандыру және басқару; құрылыс (теміржол құрылысы, жол және жол шаруашылығы); Электр энергетикасы
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр