Лауазымдық жауапкершілік:
Инженер-физик міндетті:
Жұмыс жоспарына сәйкес бақылауды жүзеге асыру:
- «ҮМЗ» АҚ персоналының ядролық қауіпті бөлінетін материалмен (ЯБМ) жұмыстың барлық түрлерін орындау кезінде ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша нормалардың, қағидалардың, нұсқаулықтардың және басқа да қолданыстағы нормативтік, техникалық және басшылық құжаттаманың талаптарын сақтауын;
- ЯҚ бойынша басшылық және техникалық құжаттаманың жай күйіне;
- іс-шаралардың, «ҮМЗ» АҚ басшылығының шешімдерінің, бұйрықтардың, өкімдердің, жоғары тұрған ұйымдардың, мемлекеттік қадағалау органдарының ЯБ мәселелері бойынша нұсқамаларының орындалуын.
«ҮМЗ» АҚ бөлімшелерінің басшылық, техникалық және жұмыс құжаттамасын ЯҚ нормалары мен қағидаларының талаптарын орындау бөлігінде сондай-ақ, ЯБМ-мен эксперименттік және ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламалары (регламенттері) мен әдістемелері, ЯБМ-мен бір реттік жұмыстарға арналған техникалық тапсырмаларды қарап, келіседі және ЯҚ бойынша тиісті қорытындылар дайындайды.
«ҮМЗ» АҚ ядролық қауіпті учаскелердің (ЯҚУ) қайта құру жобаларын ЯҚ бөлігінде, жаңа технологиялық жабдықтарды және ЯБМ қайта өңдеудің жаңа технологиялық процестерін, сақтау орны мен қоймаларды жоспарлаудың оларға қаптамаларды орналастыруды қарастыру және келісу.
«ҮМЗ» АҚ басшылығына ЯҚ бойынша бұйрықтар мен өкімдердің жобаларын дайындау, «ҮМЗ» АҚ бөлімшелерінің ЯҚ бойынша бұйрықтары мен өкімдерін келісу, «ҮМЗ» АҚ бөлімшелерінде ЯҚ жай-күйін жақсарту жөніндегі іс-шаралардың әзірленуін және орындалуын бақылау.
ЯҚУ қайта жаңарту жобалары, жаңа технологиялық жабдықтары, сақтау орындары мен қоймаларды жоспарлау, оларда ЯҚ бойынша қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігі бөлігінде қаптамаларды, көлік құралдарын орналастыру бойынша ЯҚ бойынша қорытындылар дайындау.
ЯҚ мемлекеттік қадағалау органдарына және жоғары тұрған ұйымдарға ЯҚ бойынша қажетті ақпаратты, құжаттаманы және есептік құжаттарды дайындау.
ЯҚ бөлігінде «ҮМЗ» АҚ лауазымды тұлғаларына (бұйрықтарға, функционалдық міндеттерге, лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес) міндеттерін орындауда әдістемелік көмек көрсету және бақылауды жүзеге асыру.
Білім:
Инженер-физик, 2-санатты инженер-физик, 1-санатты инженер-физик, жетекші инженер-физик:
жоғары физика-техникалық немесе жоғары техникалық.
Дағдылар:
Жоғары физика-техникалық білімі бар инженер-физик білуі тиіс:
ҚР Еңбек кодексі, экономика, менеджмент, ұйымдастыру және еңбекақы төлеу негіздері, «ҮМЗ» АҚ-да жұмыс істейтін менеджмент жүйесінің негіздері, құжаттау және құжаттаманы басқару қағидалары, «ҮМЗ» АҚ-ның еңбек тәртібі қағидалары, ЕҚжЕҚ, ӨҚ, ҚОҚ, өрт қауіпсіздігі және өндіріс мәдениеті қағидаларының, нормалар мен нұсқаулықтардың талаптары, режимдік талаптарды, мемлекеттік және қызметтік құпияны, конфиденциалды ақпаратты, ақпараттық қауіпсіздікті, өткізу және объектішілік режимді сақтау жөніндегі талаптарды.
Жоғары техникалық білімі бар инженер-физик, 2 және 1 санатты инженер-физик, жетекші инженер-физик қосымша білуі тиіс:
ҚР Еңбек кодексі, экономика, менеджмент, ұйымдастыру және еңбекақы төлеу негіздері, «ҮМЗ» АҚ-да жұмыс істейтін менеджмент жүйесінің негіздері, құжаттау және құжаттаманы басқару қағидалары, «ҮМЗ» АҚ-ның еңбек тәртібі қағидалары, ЕҚжЕҚ, ӨҚ, ҚОҚ, өрт қауіпсіздігі және өндіріс мәдениеті қағидаларының, нормалар мен нұсқаулықтардың талаптары, режимдік талаптарды, мемлекеттік және қызметтік құпияны, конфиденциалды ақпаратты, ақпараттық қауіпсіздікті, өткізу және объектішілік режимді сақтау жөніндегі талаптарды.
Атом энергиясын пайдалану саласындағы ҚР заңнамалық, нормативтік және құқықтық актілері; «ҮМЗ» АҚ-да қолданылып жүрген ЯҚ бойынша ережелер, нұсқаулықтар және басқа да басшылық және ұйымдастыру құжаттары; ЯБМ-мен жұмыс істейтін өндірістердің жабдықтарын пайдаланудың технологиялық процестері мен ерекшеліктері; «ҮМЗ» АҚ-да ЯҚ қамтамасыз ету және бақылау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; иондаушы сәулелену көздерін пайдаланудың бақыланатын жағдайларында техногендік сәулеленуді шектеуге қойылатын радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптары (жоспарланған жоғары сәулеленуге қойылатын талаптарды қоса алғанда).
Қосымша:
Болжамды еңбек ақы мөлшері: Инженер-физик: 334 598 теңгеден 512 153 теңгеге дейін
2 санатты инженер-физик: 351 328 теңгеден 537 761 теңгеге дейін
1 санатты инженер-физик: 368 895 теңгеден 564 649 теңгеге дейін
Жетекші инженер-физик: 461 746 теңгеден 957 476 теңгеге дейін
Білетін тілдер:
-