персонал жөніндегі маман
«Үлбі-ЖБҚ» ЖШС Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
- Құрылған күні:
-
23.11.2025
- Берілген өтінім:
- 4
- Қаралған саны:
- 231
Лауазымдық жауапкершілік:
«Үлбі-ЖБҚ» ЖШС дамуының жалпы мақсаттарына және қызметкерлерді тиімді пайдалануға қол жеткізу үшін кадр саясатының нақты бағыттарына сәйкес персоналмен жұмысты ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Қызметкерлердің есебін жүргізеді. Өз құзыреті бойынша жаңадан қабылданған қызметкерлерді бейімдеу жұмыстарына қатысады. Еңбек кітапшаларын және басқа да құжаттарды сақтау, толтыру және беру, кадрлар бойынша басқа да белгіленген құжаттаманы ресімдеу ережелерін сақтайды. Үміткерді бос лауазымға қабылдау немесе ауыстыру, еңбек шартын бұзу (тоқтату), еңбек шарттарын өзгерту үшін қажетті құжаттарды және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына және «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС-да қолданылатын нормативтік құжаттамаға сәйкес еңбек қатынастарына тікелей байланысты басқа да құжаттарды уақтылы ресімдейді. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына және «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС-да қолданылатын нормативтік құжаттамаға сәйкес еңбек шарттарының, оларға қосымша келісімдердің жобаларын және қызметкерлерге арналған тиісті бұйрықтарды ресімдейді. Еңбек шарттарының аяқталу мерзімдеріне, жұмыскерлердің ауысуына мониторинг жүргізеді. Қызметкерлерге лауазымдарды (мамандықтарды) қоса атқару туралы, қызмет көрсету аймағын кеңейту туралы, уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін атқару (ауыстыру) және лауазымға (мамандыққа) уақытша ауыстыру туралы бұйрықтардың жобаларын, сондай-ақ бұйрықтың күші жойылды деп тану туралы бұйрықтардың жобаларын ресімдейді. Қызметкерлерді өз жауапкершілігі аясындағы бұйрықтармен қол қойғызып таныстырады. Еңбек шартын жасасу және тоқтату, еңбек шартына жұмыскерлер туралы ҚР ЕК-да көзделген мәліметтерді қамтитын өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы мәліметтерді еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізеді. Қызметкерлердің дербес деректерін қолданыстағы есепке алу бағдарламалық кешеніне енгізуді жүзеге асырады және құжаттардың (жеке басын куәландыратын, оның ішінде шетелдіктің тұруға ықтиярхаты, еңбекші-мигранттарды уақытша тіркеу, мүгедектігін белгілеу және т.б.) қолданылу мерзімдеріне мониторинг жүргізеді. Ай сайын 30 күнге дейін ҚР-ға шетелдік жұмыс күшін тарту бойынша «ШҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-ға есеп беру үшін заң бөліміне ақпарат береді. Әскери есепке алуды және хабарлауды қамтамасыз етуді ұйымдастыруға қатысады. Ұйым және оның бөлімшелері персоналының лауазымдық және кәсіптік-біліктілік құрылымын, қызметкерлерді қабылдауға, ауыстыруға, еңбек қызметіне және жұмыстан шығаруға байланысты персоналды есепке алу бойынша белгіленген құжаттаманы зерделеуді және талдауды жүзеге асырады. Еңбек шарттарының, қызметкерлердің тізімдік құрамының есебін жүргізеді, дербес есепке алу құжаттарын (Т-2 нысанындағы жеке карточкалар) ресімдейді. Жұмыс орнынан анықтама береді. «ҮМЗ» АҚ және «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС рұқсат беру режимінің талаптарына сәйкес қорғалатын аумаққа кіру үшін карточка-өтінімді ресімдеу үшін «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС-ға қабылданатын қызметкер туралы мәліметтерді жібереді. Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттарына сәйкес «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС жұмыскерлерінің жеке істерін қалыптастыру, ресімдеу және жүргізу бойынша жұмыс жүргізеді. «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС жұмыскерлерінің жеке істерінде сақталатын жұмыскерлердің дербес деректерін, олардың жеке құжаттарын қорғау бойынша жұмысты жүзеге асырады. «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС-де әрекет ететін нормативтік құжаттама талаптарына сәйкес жұмыс уақытын есепке алуды жүзеге асырады, персоналдың жұмыс уақытының мониторингі мен бақылауын ұйымдастырады. Айдың соңғы жұмыс күнінде «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС бойынша табельдік қорытынды жасайды. Жұмыскерлердің еңбек тәртібін сақтауын тексереді. Жұмыскерлердің еңбек тәртібін, еңбек тәртібі ережелерін, қоғамдық тәртіпті бұзуының есебін жүргізеді. Жұмыс уақытын есепке алу деректерін қолданыстағы есепке алу бағдарламалық кешеніне енгізуді жүзеге асырады. Статистикалық есептілікті қалыптастырады және уәкілетті органдарға уақтылы ұсынады. Бөлімше қызметкерлеріне демалыс берудің есебін жүргізеді, еңбек демалысының кестесін жасауды және оның сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарын толтырады және бас бухгалтерге еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарының тізілімін жібереді. Белгіленген талаптарға сәйкес персоналдың қызметін бағалау процесін жүзеге асырады, үйлестіреді, тиісті есептілікті қалыптастырады, бағалау қорытындыларын және қызметкерлердің жеке даму жоспарларын орындауын талдайды. Қызметкерлердің қызметін бағалау мәселелері бойынша бөлімше жұмыскерлеріне консультациялық қолдау көрсетеді. Қызметкерлермен жұмыс туралы ақпаратты қызметкерлердің назарына жеткізуді және ақпараттық стендтерде, хабарландыру тақталарында орналастыруды қамтамасыз етеді. Өз құзыреті шегінде мәселелер бойынша кәсіпорын персоналына әдістемелік көмек көрсетеді. Кәсіпорында әлеуметтік бағыттағы іс-шараларды дайындау және өткізу кезінде ұйымдастырушылық мәселелерді шешуге, сондай-ақ ұжымның әлеуметтік дамуын жоспарлауға, еңбек даулары мен жанжалдарды шешуге қатысады. Келісу комиссиясының жұмысына қатысады. «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС-да персоналды басқару мәселелері бойынша қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен, басқа да мемлекеттік қадағалау және еңбекті қорғауды бақылау органдарымен хат алмасады. «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС корпоративтік мәдениетін қалыптастыруға және мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға белсенді қатысады.Білім:
Кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі (психология/экономика/құқықтану/бизнес және персоналды басқару/менеджмент/техникалық).Дағдылар:
ЖК және өзге де ұйымдастырушылық техника құралдарын пайдаланушы деңгейінде меңгеру; 1С Кәсіпорындағы жұмыс дағдылары, 1 С ЗУП, Microsoft Office бағдарламалары; Іскерлік хат жазу дағдылары және іскерлік қарым-қатынас этикасы.Қосымша:
Жұмыс және демалыс режімі: - 5 күндік жұмыс аптасында 8.00-ден 17.00 дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі; Даярлығы: білуі тиіс: ҚР Еңбек кодексін, ҚР Әлеуметтік кодексін, Қазақстан Республикасындағы шетелдік жұмыскерлердің жұмысын реттейтін ҚР заңнамасының негіздерін, кәсіпорында еңбекті ұйымдастыру және оған ақы төлеу негіздерінБілетін тілдер:
-Ұқсас вакансиялар
5-разрядты слесарь-жөндеуші
«Үлбі-ЖБҚ» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
06.12.2025 | 163
MES менеджері
«Үлбі-ЖБҚ» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
06.12.2025 | 198
НЕ ВАХТА_Уран өндірісі "Р" цехының 4-5 разрядты аппаратшысы (12.11.2025 № 46-06-21/7484 - 1 бірлік), Өскемен қ.
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
05.12.2025 | 171