«АХТСП» ҰҚ» АҚ Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік қызметі Оқу орталығының 1-санаттағы маманы

от 568552
АО «НК «Актауский морской торговый порт» Ақтау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
41

Қаралған саны:
308

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі жауапты тұлғалар мен қызметкерлер үшін мамандықтың ерекшелігіне, жұмыс түріне, өндірістің спецификасына және еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкес оқу бағдарламаларын және тақырыптық жоспарларды әзірлейді; өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша қызметкерлерді оқыту және қайта даярлау оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлейді; өрт-техникалық минимум бойынша оқыту бағдарламаларын әзірлейді;

  • қызметкерлерді оқыту және білімін тексеру жөніндегі жылдық кестелерді жасайды, құрылымдық бөлімшелердің осы кестелердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

  • қызметкерлердің білімін тексеру бойынша емтихан комиссиясы отырыстарының хаттамаларын ресімдейді және оларды заңнамада белгіленген мерзімде сақтауды қамтамасыз етеді; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі бойынша білімін тексеру нәтижелері туралы белгіленген үлгідегі куәліктер мен сертификаттарды уақытылы ресімдейді;

  • қызметкерлерге олардың теориялық және практикалық оқуы, тағылымдамадан өтуі және кәсіби қызметі барысында әдістемелік көмек көрсетеді;

  • оқу орталығы үшін сатып алынатын ТРҮ-ге (тауарлар, жұмыстар, қызметтер) техникалық сипаттаманы толық әрі сапалы әзірлейді.

Біліктілік талаптары:

Білім:

жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім.

Мамандығы келесі бағыттардың бірі бойынша: Көлік, көлік техникасы және технологиялары (Вагондар, Локомотивтер және электр жылжымалы құрамы); Тасымалды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану (теміржол көлігі); Электротехника (Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар); Автоматтандыру және басқару; Электр энергетикасы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; Құрылыс (Темір жолдарды салу; жол және жол шаруашылығы); Көліктік құрылыс; Машина жасау (Технологиялық машиналар және жабдықтар); Инженерлік жүйелер; Экология; Жылу энергетикасы. 

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі жауапты тұлғаға арналған сертификаттың болуы. 


Жұмыс өтілі:

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.

Қосымша талаптар:

Құзыреттер:

  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі бойынша оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу;

  • қызметкерлерді оқыту мен білімін тексеру кестелерін құру, олардың орындалуын бақылау;

  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі бойынша қызметкерлерді оқыту және білімін тексеру мәселелері жөніндегі белгіленген есептілікті ұсыну.


Дағдылар:

Білім:

  • еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнама мен нормативтік актілерді білу;

  • MS Office бағдарламаларын (Excel, PowerPoint, Word) еркін меңгеру.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр