Өңірлік директор
«Қазақтелеком» АҚ Алматы қ.Міндеттері:
Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес ең жаңа техника мен технологияларды, басқарудың және еңбекті ұйымдастырудың озық нысандарын кеңінен пайдалану негізінде өндірістік-қаржылық қызметті ұйымдастыру;
Мектептерді, денсаулық сақтау, мәдениет мекемелерін және әкімдіктердің өзге де құрылымдарын интернет қызметімен қамтамасыз етуге байланысты жобалар бойынша шарттарды орталықтандыру;
Озық тәжірибе мен ғылым мен техниканың жетістіктерін қызмет көрсету процесін ұйымдастыруға енгізу арқылы «Қазақтелеком» АҚ телекоммуникациялық байланыс қызметтерін көрсету тиімділігін арттыру жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
Қоғамның келісілген қаржылық, ғылыми-техникалық, инвестициялық, әлеуметтік және кадрлық саясатын әзірлеуге, сондай-ақ оны іске асыру процесіне қатысу;
Өндірістік қызмет мәселелерін шешу кезінде Орталық аппараттың тиісті құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау;
«Smart City» және «Бейнебақылау» жобаларына «Қазақтелеком» АҚ-ның белсенді қатысуын қамтамасыз ету;
Телекоммуникациялық қызметтердің техникалық деңгейі мен сапасын барынша арттыру мақсатында нарық конъюнктурасын және отандық әрі шетелдік озық тәжірибені зерделеу;
Өңірлерде «Қазақтелеком» АҚ-ның имиджін арттыру;
Ұжымдарда әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету, өңірлердегі филиалдар арасындағы өзара іс-қимылды және коммуникацияны үйлестіру;
Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, денсаулықты сақтау саласындағы қызметкерлердің құқықтары мен міндеттерін сақтау және орындау.
Талаптар:
Жоғары білім;
Телекоммуникация саласында немесе мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын білу;
Нормативтік құқықтық актілер саласындағы құзыреттілік;
Интеграцияланған менеджмент жүйесінің (бұдан әрі – ИМЖ) құжаттарын білу;
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, өндірістік санитария, азаматтық қорғаныс талаптарын, сондай-ақ мемлекеттік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды қорғауға қатысты нормативтік актілерді білу;
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті көлемде мемлекеттік тілді білу.
Жұмыс шарттары:
Қазақстан Республикасындағы ең ірі телекоммуникациялық компанияда жұмыс істеу;
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналастыру;
Жұмыс кестесі: 5/2, 8 сағаттық жұмыс күні;
Жалақының уақтылы төленуі;
Жақсы әлеуметтік пакет;
Жыл сайынғы еңбек демалысы – 30 күнтізбелік күн;
Еңбек демалысына материалдық көмек.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Ағылшын тілі (Орташадан жоғары)
- Қазақ тілі (Кәсіби)
Ұқсас вакансиялар