"KEGOC" АҚ "Ақмола ЖЭТ" филиалының Сатып алу тобының 2 санатты маманы, уакытша, негізгі жұмыскердің ауысуы мерзіміне
Біліктілікке қойылатын талаптар
|
Білім деңгейі |
Жоғары |
|
Мамандығы (диплом бойынша бағыты) |
Экономикалық/құқықтық/инженерлік-экономикалық/техникалық |
|
Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі |
Сатып алу/ электр энергетикасы саласында |
|
Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл |
2 жыл |
|
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар |
тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын, қызметті регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді білу; лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті кәсіби білім; құжаттармен жұмыс істеу дағдылары; қарым-қатынас дағдылары, басқа адамдармен ынтымақтастық қабілеті. функционалдық міндеттерді тиімді орындауға мүмкіндік беретін тиісті саладағы кәсіби білім; |
|
Лицензиялар, сертификаттар |
«Самұрық-Қазына» Корпоративтік университетінің сатып алу бойынша сертификатының болуы. |
|
Қосымша талаптар |
Word, Excell, IBM Notes, Microsoft office outlook бағдарламаларын ДК пайдаланушы деңгейі. |
- Лауазымдық (функционалдық) міндеттері:
1) еңбек шартына, ұжымдық шартқа, лауазымдық нұсқаулыққа, Басқарма Төрағасының және АЖЭТФ басшыларының актілеріне сәйкес адал жұмыс істеу, еңбек тәртібін сақтау, өзіне жүктелген еңбек міндеттерін сапалы, уақтылы және нәтижелі орындау;
2) «KEGOC» АҚ-ның Саясатын, Мақсаттарын, БМЖ саласындағы Бағдарламаларын білу және олардың іске асырылуын қамтамасыз ету;
3) «KEGOC» АҚ құжаттамаларының, оның ішінде топтың қызметіне және маманның функцияларына сәйкес келетін БМЖ саласындағы талаптарды орындау;
4) «KEGOC» АҚ қызметкерлерінің еңбек тәртібі қағидаларын, қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі қағидаларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына және «KEGOC» АҚ құжаттамасына сәйкес өзге де нормалар мен қағидаларды сақтауға міндетті;
5) АЖЭТФ-тің мүлкі мен мүліктік мүдделерін ұрлаудан, қырылудан, бүлінуден және басқа да қолайсыз әсерлерден қорғау жөнінде барлық шараларды қолдануға;
6) маманға еңбек міндеттерін орындауға байланысты белгілі болған «KEGOC» АҚ-ның қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпиясын құрайтын ақпаратты жария етпеу;
7) тікелей басшының рұқсатынсыз АЖЭТФ аумағынан өзіне тиесілі ешқандай құжаттарды, іскерлік қағаздарды, ал АЖЭТФ директорының рұқсатынсыз мүлікті және өзге де заттарды шығармауға міндетті;
8) Еңбек міндеттерін нәтижелі орындау үшін еңбек өнімділігін, өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға міндетті.
9) АЖЭТФ–тің бастамашыл құрылымдық бөлімшелерінен сатып алуды өткізудің экономикалық орындылығы, оның ішінде-бюджетте және филиалдың тауарларды сатып алудың жылдық жоспарында көзделген көлемдер, мерзімдер, сомалар туралы негіздеме (хабарландыру, шарттың жобасы және болған жағдайда техникалық сипаттізім) алады;
10) Филиалдың жылдық сатып алу жоспарымен көлемдерін, мерзімдерін, сомаларын салыстырады және ұсынылатын сатып алу бойынша үлгілік шартпен танысады;
11) «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ (zakup.sk.kz) электрондық сатып алу порталында баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды сатып алу туралы хабарландыруды орналастыруды қамтамасыз етеді және «Samryk Kazyna Store» (skstore.kz) («Электрондық дүкен») тауарлар мен қызметтерді сатып алу туралы хабарландыруды орналастыруды қамтамасыз етеді;
12) «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ электрондық сатып алу порталында баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды сатып алу қорытындыларын шығарады.
13) шарт жасау үшін әлеуетті өнім берушіден барлық құқық белгілейтін құжаттарды сұратады;
14) тауарлар бойынша шарттардың жобаларын, сондай-ақ жасалған шарттарға әр түрлі келісімдерді қажетті данада (2 немесе 3) дайындайды;
15) шарттың жобасын функцияларына шарттың нысанасына қатысты мәселелерді шешу кіретін Филиалдың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен келіседі;
16) Шарттың келісілген және бұрыштама қойылған жобасы Филиал директорына немесе осындай шарттарға қол қоюға құқылы оны алмастыратын тұлғаға қол қоюға ұсынады;
17) шарттың жобасына Филиал директоры немесе оны алмастыратын адам қол қойғаннан кейін топтың жетекші маманына тіркеуге береді және тіркелгеннен кейін оны қол қою үшін контрагентке жібереді;
18) жасалған шарт заңды күшіне енгеннен кейін:
- шарттық міндеттемелердің уақытылы орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
- контрагенттермен орындау мерзімдері, салық шот-фактураларын уақытылы ұсыну немесе өзара есеп айырысу туралы келісімдер жасау бойынша келіссөздер жүргізеді;
-келісімшарт талаптары бұзылған немесе контрагент тарапынан оларды тиісінше орындамаған жағдайда, контрагентпен кінәрат-талап жұмысын қозғау туралы Филиал басшылығына (топтың жетекші маманы арқылы) ұсыныспен шығады;
-Филиалдың заң тобына қажетті көлемде контрагентпен кінәрат-талап жұмысын жүргізу үшін қажетті материалдарды ұсынады.
19) бастамашыл құрылымдық бөлімшелерден ұсынылатын құжаттарды қабылдау-беру паспорттарына, атап айтқанда шот-фактуралар мен активтерді қабылдау туралы актілерге шарт талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізеді;
20) сұратылған ақпаратты «KEGOC» АҚ АД-ға, филиал басшылығына тауарларды сатып алу жоспарының орындалу барысы туралы, сондай-ақ шарттарды дайындау, жасау және сүйемелдеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы есепті дайындайды және жібереді.
21) Топта іс жүргізу бойынша жұмыс жүргізеді;
22) Топта БМЖ стандарттарының сақталуына бақылау жүргізеді;
23) филиал бойынша жұмыстар, тауарлар мен қызметтер мониторингінің есептілігін толтырады және «KEGOC» АҚ АД-ға ұсынады;
24) Топ мұрағатшысының функцияларын орындайды –Филиал мұрағатына тапсырғанға дейін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттарды, хаттамаларды және өзге де материалдарды сақтауға және беруге жауапты.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Озат)
- Орыс тілі (Озат)
Ұқсас вакансиялар