Жедел бақылау жөніндегі физика-химия-инженері (санаты жоқ) Сынау орталығының уран өнімдерін сынау зертханасы № 47-05-08/9096 от 18.12.2025 г. Усть-Каменогорск-1 ед.

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
241

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

Бекітілген учаскеде өлшемдерді орындау әдістемелеріне (бұдан әрі – ӨОӘ), нұсқаулықтарға, жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес өлшеулер мен сынақтарды ұйымдастырады, бақылайды және жүргізеді: - өндіріс процесінде өнімнің химиялық құрамы мен қасиеттері; - бөгде ұйымдардың сынамалары. Кестенің, іс-шаралар жоспарларының, өкімдік құжаттаманың негізінде, сондай-ақ қажеттілік туындаған жағдайда нұсқаулықтарды, жұмыс нұсқаулықтарын әзірлейді және/немесе өзектендіреді. Кестенің, өкімдік құжаттаманың негізінде, сондай-ақ қажеттілік туындаған жағдайда бекітілген учаскеде ӨОӘ әзірлейді және/немесе өзектендіреді. Стандартты үлгілерді әзірлеуге және аттестаттауға қатысады, стандартты үлгілерді есепке алуды, қолдануды, сақтауды ұйымдастырады және бақылайды. Өз құзыреті саласында құжаттаманы басқару рәсімінің орындалуын қамтамасыз етеді. Учаске зертханашыларының менеджмент жүйесі, ӨОӘ құжаттамасының талаптарын орындауын бақылайды. Өлшеу сапасына ішкі бақылау жүргізеді және жүргізілген бақылау туралы зертхана бастығына ақпарат ұсынады. Құзыретті персоналға қажеттілікті талдайды және айқындайды, кадрларды іріктеуге, оларды орналастыруға және бағынысты персоналдың құзыретін ұтымды пайдалануға қатысады. Жұмыс берушінің тиісті актісі негізінде бағынысты персоналды оқытуды жүзеге асырады. Бағынысты персоналдың білімін комиссиялық тексеруге қатысады. Бекітілген учаскедегі инфрақұрылымды, оның ішінде: учаскенің үй-жайларын, жұмыс кеңістігін және олармен байланысты еңбек құралдарын, жабдықтар мен өлшеу құралдарын жұмыс жағдайында ұстауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Қызметтер мен қорларды сатып алуға өтінімдерді қалыптастыруға қатысады. Өз құзыреті саласында тапсырыс берушінің талаптарын орындауды қамтамасыз ету бойынша бекітілген учаскенің әдістемелік, техникалық және материалдық мүмкіндіктерін талдауға қатысады. Менеджмент жүйесінде көзделген рәсімдерден ауытқу немесе сәйкессіздіктердің пайда болу себептерін талдауға қатысады. Өз жауапкершілігі саласында анықталған сәйкессіздіктерді жояды. Сәйкессіздіктердің ықтимал көздерін анықтауға қатысады. Бағынысты персоналдың өндірістік қауіпсіздік, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, ядролық қауіпсіздік, радиациялық қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі, режимдік талаптар (құпиялылық режимі, мемлекеттік, қызметтік және коммерциялық құпияларды сақтау, өткізу режимі және объектішілік режим), ақпараттық қауіпсіздік саласындағы нұсқаулықтардың, нормалар мен қағидалардың талаптарын орындауын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Бағынысты персоналдың ядролық материалдарды физикалық қорғау жөніндегі талаптарды орындауын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. СО уран өнімін сынау зертханасымен өзара іс-қимыл жасайтын бөлімшелерден учаскеге келіп түсетін сынамаларды тіркеуді, сақтауды және қайтаруды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Өлшеу жүргізу нәтижелері мен шарттары, реактивтер мен материалдардың сапасы, градуирлеу сипаттамалары туралы жазбаларды ресімдеуді және сақтауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Ішкі аудит жүргізуге қатысады. Қауіпті химиялық заттар мен материалдарды алу, сақтау, қолдану, есепке алу жөніндегі талаптардың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Пайдалану құжаттамасының талаптарына сәйкес өлшеу құралдары мен зертханалық жабдықтарды пайдалануды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Учаске персоналының төтенше жағдайлардың туындауына дайындығын және оларға ден қоюды қамтамасыз етеді. Жұмыс уақытының кестелік есебін жүргізеді. «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне» сәйкес бағынысты қызметкерлердің жұмыс уақыты мен демалыс уақытын ұйымдастыруға қатысады. Ауысым кестесін, демалыс кестесін жасауға қатысады.

Білім:

Жоғары, техникалық немесе жаратылыстану-ғылыми

Дағдылар:

ДЭЕМ және ұйымдастыру техникасының басқа да құралдарын пайдаланушы деңгейінде меңгеру

Қосымша:

Еңбек жағдайларының сипаттамасы - иондаушы сәулеленудің әсерінен туындаған 1-дәрежелі зиянды еңбек жағдайлары Жұмыс режимі және демалыс - 8.30-дан 16.42 дейін, 5 - күндік жұмыс аптасы, демалыс күндері - сенбі және жексенбі Болжамды еңбек ақы мөлшері: 334 598 теңгеден бастап 512 153 теңгеге дейін

Білетін тілдер:

-

Қажетті қабілеттер

  • Владение ПЭВМ и другими средствами оргтехники на пользовательском уровне