"KEGOC" АҚ "Ақмола ЖЭТ" филиалының өндірістік бақылау жөніндегі жетекші инженері

Жалақы көрсетілмеген
«KEGOC» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
8

Қаралған саны:
1725

   Конкурс туралы

Біліктілікке қойылатын талаптар

Білім деңгейі

Жоғары

Білім бейіні

Электр энергетикасы / бейінді электр энергетикасы бағыты бойынша

Жұмыс тәжірибесі

(бейіні)

Электр энергетикасы саласында

Мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл

5

Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл

 

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар

·       1000В дейін және одан жоғары электр қондырғыларында жұмыстардың қауіпсіз өндірісін ұйымдастыру дағдылары; 

·       Техникалық бақылау, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, өндірістік қауіпсіздік саласындағы нормативтік техникалық құжаттарды әзірлеу/өзектендіру дағдылары;

·       Еңбекті қорғауды, техника қауіпсіздігін, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында ҚР нормативтік техникалық құжаттамасын білудің кәсіби деңгейі;

·        Электр энергетикасы саласындағы қадағалау органдарының заңнамасы мен талаптарын білу;

·       Техникалық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу мәселелерінде теориялық және практикалық дайындық;

·    Жабдықтың технологиялық бұзылуларын, жазатайым оқиғаларды және денсаулықтың өзге де зақымдануларын тергеуде теориялық және практикалық дайындық

·    Электр қауіпсіздігі жөніндегі V біліктілік тобы және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінде техникалық пайдалану қағидалары мен техника қауіпсіздігі қағидаларын білуді біліктілік тексеруден өткені туралы растау.

Лицензиялар, сертификаттар

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша курстардан өту және білімдерін тексеру туралы сертификаттар.

Қосымша талаптар

·    PC (MSOffice     Word, Excel, Access, PowerPoint) SAP ERP, SAP HCM, SAP BPC тәжірибелі пайдаланушысы;

·    Қазақ, орыс тілдерін білу

  • Лауазымдық (функционалдық) міндеттері:

1) «KEGOC» АҚ бөлімшелерінде өндірістік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі жұмыс жоспарын әзірлейді;

2) жұмыскерлердің Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына өндірістік бақылауды жүзеге асырады;

3) Электр энергетикасы объектілерін пайдалану және жұмыстар жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тексеруді ұйымдастырады және жүргізеді;

4) қауіпсіздікті қамтамасыз ету және технологиялық бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеуді ұйымдастырады;

5) «KEGOC» АҚ қызметкерлерінің назарына Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы саласындағы заңнамасы талаптарының өзгеруі туралы ақпаратты жеткізеді;

6) Еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік Департаментінің директорына немесе оны алмастыратын тұлғаға келесілер бойынша ұсыныстар береді:

– Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою, қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

- Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы саласындағы заңнамасының жұмыскерлердің өміріне, денсаулығына қауіп төндіретін немесе технологиялық бұзылуларға әкеп соғуы мүмкін талаптарын бұза отырып жүзеге асырылатын жұмыстарды тоқтата тұру;

- техникалық пайдалану қағидалары және қауіпсіздік техникасы қағидалары бойынша уақытылы даярлаудан, қайта даярлаудан өтпеген қызметкерлерді жұмыстан шеттету;

7) Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау жөніндегі мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелеріне өндірістік бақылау міндеттеріне сәйкес ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейін не сұрау салу бойынша (І дәрежелі авариялар мен бас тартулар болған жағдайларда) есепті ұсынады;

8) Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы саласындағы заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Лауазымды тұлға «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-9-бабының 6-тармағына сәйкес:

1) тәуліктің кез келген уақытында «KEGOC» АҚ-ның объектілеріне кедергісіз қол жеткізеді;

2) құжаттарды (мәліметтерді) қағаз және электрондық жеткізгіштерде не олардың көшірмелерін, сондай-ақ автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізуді алады.

Өндірістік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру Электр энергетикасы саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен Қазақстан Республикасының нормативтік техникалық құжаттары талаптарының сақталуын ескере отырып, Ережеге сәйкес іске асырылады.

Өндірістік бақылауды жүзеге асыру кезінде:

1) Өндірістік бақылау туралы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес әзірленген және Еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік Департаментінің директоры бекіткен «KEGOC» АҚ-ның бөлімшелерінде өндірістік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі жұмыстар жоспарына сәйкес қажетті ақпаратты жинауды және талдауды жүзеге асырады;

2) Ережеге 2-Қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірістік бақылау журналына өндірістік бақылау нәтижелерін енгізеді;

3) Электр энергетикасы объектілерін пайдалану және жұмыстар жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету тексерулерін жүргізу барысында, сондай-ақ «KEGOC» АҚ жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының уақытылы дайындалуын және жүзеге асырылуын тексереді;

4) Электр энергетикасы саласындағы заңнама талаптарының бұзылуының алдын алу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және технологиялық бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді, оған мыналар кіреді:

- Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы саласындағы заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарын талдау;

- технологиялық процеске және өндірістік бақылауға жататын электр энергетикасы саласындағы заңнама талаптарының бұзылу себептерін зерделеу;

- Электр энергетикасы саласындағы заңнама талаптарын бұзудың ықтимал себептерін анықтау, талдау және жою мақсатында тиісті ақпарат көздерін (процестерді, жұмыс операцияларын, электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі тексеру нәтижелерін, қызмет көрсету туралы есептерді) пайдалану;

- Электр энергетикасы саласындағы заңнаманы қамтамасыз етудің ықтимал проблемаларын болжау, сондай-ақ оларды шешу үшін қажетті шараларды алдын ала айқындау;

– алдын алу іс-шараларын алдын ала іске асыру және электр энергетикасы саласындағы заңнама талаптарының бұзылуының кепілді алдын алуды қамтамасыз ететін басқарушылық шешімдер қабылдау;

- Еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік Департаментінің директорына қабылданған алдын алу іс-әрекеттері туралы ақпарат беру;

5) «KEGOC» АҚ қызметкерлерін Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарының өзгергені туралы хабардар етеді;

6) жұмыскерлердің Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауына өндірістік бақылауды жүзеге асыру кезінде келесілерді тексереді:

– электр энергиясын өндірудің, жеткізудің және тұтынудың сенімділігі мен қауіпсіздігі;

- жабдықтарды, ғимараттар мен құрылыстарды пайдалануға дайын күйде ұстау;

- техникалық құрылғыларға қажетті сынақтар мен техникалық куәландыруды, өлшеудің бақылау құралдарын жөндеу мен тексеруді уақытылы жүргізу;

- күзгі-қысқы кезеңде электр станцияларының, электр желілерінің жұмысқа дайындығы;

7) өндірістік бақылау нәтижелері бойынша белгіленген ескертулердің жойылуына талдау жүргізеді, оның нәтижелері ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 15-күніне дейін Еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік департаментінің директорына ұсынады;

8) өндірістік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу нәтижелеріне жылына кемінде бір рет талдау жүргізеді, оған мыналар кіреді:

- Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын тексеру нәтижелері;

- электр станциялары мен электр желілерінің негізгі жабдықтарының тозуын азайту бойынша жүргізілген іс-шаралардың нәтижелері;

- өндірістік бақылаудың тиімділігін арттыру жөніндегі қызметтің негізгі бағыттары;

9) Еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік Департаментінің директорына өндірістік бақылау туралы Ереженің 3-Қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытынды береді, онда электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сілтеме жасай отырып, анықталған бұзушылықтар көрсетіледі, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар, оларды жою мерзімдері және Еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік Департаментінің директорымен келісілетін жауапты тұлғалар көрсетіледі;

10) өндірістік бақылау нәтижелері туралы деректердің қағаз түрінде де, электрондық түрде де сақталуын қамтамасыз етеді.

 

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)

Бағыттар бойынша сертификаттардың бар болуы қажет

  • Қауіпсіздік техникасы