Өрт қауіпсіздігі инженері
580812 - 580812 KZT
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС Павлодар қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Лауазымның функционалы:
- өрт қауіпсіздігі саласындағы құжаттарды дайындау, ресімдеу, әзірлеу;
- кәсіпорында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өрт техникасын, жабдықтар мен мүкәммалды, кәсіби өртке қарсы қызмет (ПОҚ) қызметтерін қалыптастыру және сатып алу, өрт сөндіргіштерді қайта зарядтау және куәландыру, сыртқы өрт сатыларын сынау және басқа да қызметтер рәсімдеріне қатысу;
- кәсіпорын объектілерінде ПОҚ қызметтерін орындау бойынша мамандандырылған ұйымның бөлімшесімен жұмыстарды үйлестіру;
- өрт қауіпсіздігі саласындағы ішкі бұйрықтар мен өкімдерді әзірлеу және ресімдеу;
- сұрау салулар беру, құрылымдық бөлімшелерге, мемлекеттік органдарға, жоғары тұрған және бөгде ұйымдарға жауаптар дайындау;
- кәсіпорындағы өрт қауіпсіздігін бақылау және қамтамасыз ету.
Біліктілік талаптары:
- «Өрт қауіпсіздігі», «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау», «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» бейініне сәйкес мамандығы бойынша жоғары немесе өзге де жоғары техникалық білім;
- тиісті лауазым бейіні/менеджмент/МВА бойынша магистр дәрежесінің болуы құпталады;
- азаматтық қорғау және/немесе өндірістік қауіпсіздік, және/немесе еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау және/немесе азаматтық қорғаныс және ТЖ алдын алу (жақсырақ мұнай-газ компанияларында), ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда және/немесе ҚР ТЖМ бөлімшелерінде маман лауазымында жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес болуы тиіс.
Білімі мен дағдылары:
- өрт қауіпсіздігі және кәсіби өртке қарсы қызметтердің қызметі мәселелері бойынша ҚР заңнамасы мен нормативтік-құқықтық актілерін білу;
- мемлекеттік және орыс тілдерін білу;
- 1С «Кәсіпорын», «Самұрық-Қазына» электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесін, Microsoft Office, Abbyy FineReader, Documentolog, Directum ЭҚЖЖ, Documentum ЭҚЖЖ тәжірибелі пайдаланушысы.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Магистр
Ұқсас вакансиялар
«Қазпошта» АҚ Қауіпсіздік департаменті директоры
«Қазпошта» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
27.01.2026 | 331
Еңбек қауіпсіздігі және өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің менеджері
«Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
22.01.2026 | 780