"KAP Logistics" ЖШС "Цапб" филиалының "Таукент" ҰБТ хатшысы (уақытша бос орын)

"KAP Logistics" ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
30

Қаралған саны:
563

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құжаттарына және "KAP LOGISTICS" ЖШС және КҚКО менеджмент жүйесінің ішкі құжаттарына сәйкес: * автошаруашылық бастығының жұмысын қамтамасыз ету және қызмет көрсету бойынша техникалық функцияларды орындайды; * автошаруашылық бастығына қажетті мәліметтерді бөлімшелерден немесе орындаушылардан алады, оның тапсырмасы бойынша қызметкерлерді шақырады; * автошаруашылық бастығының телефон арқылы сөйлесуін ұйымдастырады, телефонограммаларды қабылдайды және береді, ол болмаған кезде қабылданған хабарламаларды жазады және олардың мазмұнын автошаруашылық бастығының назарына жеткізеді; • автошаруашылық бастығы өткізетін отырыстар мен кеңестерді дайындау бойынша жұмысты жүзеге асырады (қажетті құжаттарды жинау, қатысушыларды отырыстың немесе кеңестің уақыты, орны, күн тәртібі туралы хабардар ету, оларды тіркеу), хаттамаларды жүргізеді және ресімдейді; * автошаруашылық бастығының жұмыс орнын кеңсе керек-жарақтарымен, ұйымдастыру техникасының құралдарымен қамтамасыз етеді, оның тиімді жұмысына ықпал ететін жағдайлар жасайды; * қабылдау-келіссөздер құрылғылары бойынша ақпаратты береді және қабылдайды; * автошаруашылық бастығының нұсқауы бойынша әртүрлі материалдарды басып шығарады; * іс қағаздарын жүргізеді, хат-хабарларды қабылдайды және тіркейді, оны құрылымдық бөлімшелерге жібереді; * автошаруашылық бастығының қарарына сәйкес құжаттарды орындауға береді; * жіберілетін және алынатын хат-хабарлардың есебін жүргізеді, ағымдағы мұрағаттың құжаттарын жүйелейді және сақтайды; * өтіп жатқан қызметтік құжаттаманың сақталуын қамтамасыз етеді; * автошаруашылық бастығына қол қоюға құжаттар мен жеке өтініштерді қабылдайды; * автошаруашылық бастығының жұмысына қажетті құжаттар мен материалдарды дайындау; * бақылауға алынған автошаруашылық бастығының тапсырмаларын орындау мерзімдерін қадағалайды; * автошаруашылық бастығына қол қоюға құжаттарды қабылдайды; * қарым-қатынас этикасын сақтай отырып, келушілерді қабылдауды ұйымдастырады, қызметкерлердің өтініштері мен ұсыныстарын қараудың жеделдігіне жәрдемдеседі; * бекітілген номенклатураға сәйкес істерді қалыптастырады, олардың сақталуын қамтамасыз етеді және белгіленген мерзімде мұрағатқа тапсырады; * "Қыземшек" Автошаруашылығы қызметкерлерінің нақты болу уақытының табельдік есебін жүргізеді, олардың жұмысқа уақтылы келуін және жұмыстан кетуін, жұмыс орындарында болуын бақылауды жүзеге асырады; * табельде тиісті белгілер жасайды және олардың себептерін көрсете отырып, күн сайын жұмысқа келу, кешігу және келмеу туралы баянаттар жасайды; * қызметкерлерді қабылдауды, ауыстыруды, жұмыстан босатуды, демалыс беруді және т. б. рәсімдеуге байланысты өзгерістерді жүйелі түрде енгізеді.; * қызметкерлердің еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақтарды, науқастарға күтім жасау жөніндегі анықтамаларды және олардың жұмыста болмау құқығын растайтын басқа да құжаттарды уақтылы ұсынуын бақылайды; • еңбек демалысының басталу күні туралы қызметкерге хабарлай отырып, демалыс кестелерінің сақталуын бақылайды; - * белгіленген тәртіппен нақты жұмыс істеген уақыты, үстеме жұмыс уақыты, еңбек тәртібінің бұзылуы және т. б. туралы мәліметтерді қамтитын табельді береді • Қазақстан Республикасында бекітілген басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына сәйкес: "KAP LOGISTICS" ЖШС "ЦАПБ" филиалының архивіне іс жүргізумен аяқталған құжаттық материалдарды, тіркеу картотекасын немесе компьютерлік деректер бланкілерін дайындайды және тапсырады, архивке сақтауға берілетін істердің тізімдемесін жасайды. Бекітілген істер номенклатурасына сәйкес бөлімшенің іс қағаздарын жүргізуді жүзеге асырады, құжаттардың дұрыс ресімделуін, есепке алынуын, жедел сақталуын және олардың Серіктестік мұрағатына уақтылы берілуін қамтамасыз етеді.

Білім:

Білім деңгейі-техникалық, гуманитарлық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнаулы орта, кәсіптік орта)

Дағдылар:

Міндетті: Білуі керек: * Іс жүргізу: қызметтік құжаттар мен материалдардың өтуін бақылау тәртібі; * Іс қағаздарын жүргізуге және табельдік есепке алуды жүргізуге қатысты заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілер, әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдар; * Кеңсе техникасымен (факс, көшірме, сканер, принтер), Microsoft Office (Word, Excel)бағдарламаларымен жұмыс істеу, есептеу техникасын пайдалану қағидалары, қабылдау-келіссөздер құрылғыларын пайдалану қағидалары; * Іс жүргізуді ұйымдастыру, құжаттарды ресімдеу және өңдеу әдістері, Мұрағат дело; * Әкімшілік құқық негіздері; * Өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздері; * ҚР Еңбек кодексінің негіздері; * Этика және эстетика негіздері; * Іскерлік қарым-қатынас тәртібі; * Типтік нысандарды пайдалана отырып, іскерлік хаттарды басып шығару тәртібі; * Ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптары; * Қазақ, орыс тілдерін еркін меңгерген. * Ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттаманың бірыңғай жүйесінің стандарттары; Қауіпсіздік ережелерінің талаптары.

Қосымша:

Лицензиялар, сертификаттар Қалаулы: Іс жүргізу саласында кәсіби сертификаттаудың болуы.

Білетін тілдер:

- қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеру