«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Қызылорда 1 класс стансасының маневр диспетчері пойыз құрастырушы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
Қызмет көрсетілетін учаске жолдарындағы жылжымалы құрамның бар-жоғы мен орналасуын, станцияның жағдайын зерделеу.Әр ауысымда
Ауысым барысында
Пойыз құрамдарын Техникалық пайдалану қағидаларының, Компания нұсқаулықтары мен өкімдерінің талаптарына және жүк пойыздарын қалыптастыру жоспарына қатаң сәйкес қалыптастыру.
Әр ауысымда
Ауысым барысында
Маневр жұмыстарына қатысатын барлық қызметкерлердің әрекеттерінің үйлесімділігі мен дұрыс орналастырылуын қамтамасыз ету, оларды алдағы маневр жұмыстарының жоспары және орындалу тәсілдерімен таныстыру.
Әр ауысымда
Ауысым барысында
Пойыздарды тарату және қалыптастыру бойынша маневр жұмыстарын басқару, маневр жұмыстарына қатысатын қызметкерлердің қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері мен функцияларының орындалуын бақылау.
Факт бойынша
Ауысым барысында
Маневр жұмыстарын қозғалыс қауіпсіздігін, маневрге қатысатын қызметкерлердің жеке қауіпсіздігін, жылжымалы құрам мен жүктің сақталуын қамтамасыз ететіндей етіп ұйымдастырады.
Әр ауысымда
Ауысым басында
Адамдар орналасқан, габариттен тыс және қауіпті жүктері бар вагондармен, сондай-ақ ерекше сақтықты талап ететін вагондармен маневр жұмыстарын аса сақтықпен жүргізуге міндетті.
Әр ауысымда
Ауысым барысында
Маневр басталар алдында барлық маневрге қатысатын қызметкерлердің, соның ішінде локомотив бригадасының қауіпсіз жерде толық құрамда тұрғанына көз жеткізуге міндетті.
Әр ауысымда
Ауысым басында
Машинисті және маневрге қатысатын станция қызметкерлерін алдағы маневр жоспары және оны орындау тәртібімен таныстырады.
Әр ауысымда
Ауысым барысында
Қозғалыс басталар алдында вагондардың қозғалуына кедергі келтіретін бөгеттердің (доңғалақ астындағы тежеуіш башмактар және т.б.) бар-жоғын тексереді.
Әр ауысымда
Ауысым барысында
Маневр жұмыстарын орындау кезінде маневрлік локомотив машинисі, ДСЦ және ДСП арасындағы келіссөздер регламентін сақтайды.
Әр ауысымда
Ауысым барысында
Вагондарды кірме жолдарға беру кезінде тасымалданатын жүктің сақталуын қамтамасыз етеді.
Әр ауысымда
Ауысым барысында
Маневрлік қозғалыстар үшін маршруттың уақтылы дайындалуын бақылайды, маневрлік қозғалыстарға қатысты сигналдар мен нұсқауларды нақты әрі дер кезінде береді.
Әр ауысымда
Ауысым барысында
Вагондарды бекітусіз қалдыруға және барлық вагондардың өзара және локомотивпен сенімді түрде тіркелгеніне көз жеткізбей маневрлік құрамдардың қозғалуына жол бермейді.
Әр ауысымда
Ауысым барысында
Еңбектің озық тәсілдері мен әдістерін қолданады, оның ішінде пойыздарды тарату мен қалыптастыруды қатар жүргізу, вагондар топтарын жинақтау процесінде қалыптастыру.
Әр ауысымда
Ауысым барысында
СЦБ және байланыс құрылғыларының қалыпты жұмысы бұзылған кезде маневр жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, пойыздар қозғалысы мен маневр жұмыстарының қауіпсіздігі жөніндегі кешенді жоспардың іс-шараларын нақты орындайды.
Факт бойынша
Ауысым барысында
Маневр жұмыстарын жүргізу кезінде тежеуіш башмактарды міндетті түрде орнатады немесе алып тастайды, тежеуіш башмактардың орнатылғаны немесе алынғаны туралы ДСП немесе ДСЦ-ге баяндайды.
Әр ауысымда
Ауысым барысында
Маневр жұмыстарын жүргізу кезінде кірме жолдың айналып өту-весовой және қосқыш жолдарында вагондарды локомотивсіз қалдыруға ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
Әр ауысымда
Ауысым барысында
Кірме жолдың стрелкалық аударымынан жылжымалы құрам өткеннен кейін стрелкаларды қорғау тұйығы бағытына ауыстырады.
Әр ауысымда
Ауысым барысында
СЦБ және байланыс құрылғыларының қалыпты жұмысы бұзылған жағдайда, станция бастығы немесе оның орынбасарлары келгенге дейін ДСП нұсқауы бойынша пойыздарды қабылдау және жөнелту маршруттарын тексереді.
Әр ауысымда
Ауысым барысында
Қозғалыс қауіпсіздігіне қатер төндіретін немесе стандарттан тыс жағдай туындаған кезде станция бастығын және басқа да тиісті қызметтердің қызметкерлерін дереу хабардар етеді, авариялық немесе стандарттан тыс жағдайды жою үшін жедел шаралар қабылдайды.
Әр ауысымда
Ауысым барысында
Егер стандарттан тыс жағдайдың сипаты пойыздардың қозғалысының мүмкін еместігін көрсетсе, кедергілер жойылғаны туралы хабар алынғанға дейін пойыздар қозғалысын тоқтатады.
Әр ауысымда
Ауысым барысында
Теміржол көлігі объектілерінде жүк пен материалдық құндылықтарды ұрлау жағдайлары анықталған кезде, сондай-ақ станция жолдарында, құрамдардың маңында немесе басқа да теміржол объектілерінде күмәнді бөгде адамдар болған жағдайда тікелей басшысына дереу хабарлайды.
Факт бойынша
Ауысым барысында
ISO 9001, ISO 14001:2004, OHSAS 18001:2007, ISO 50001 халықаралық стандарттарының талаптарына негізделген интеграцияланған менеджмент жүйесін жұмыс орнында енгізеді және оның жұмыс жағдайын сақтайды.
Әр ауысымда
Ауысым барысында
Қатаң есептегі құжаттардың, мүлік пен құралдардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Әр ауысымда
Ауысым барысында
Жүк фронттары бойынша вагондарды беру және жинау, кірме жолдарды, жүк ауласын, ВЧД жөндеу жолдарын өңдеу, тағайындалуы бойынша келетін жеке және топтық вагондарды, коммерциялық және техникалық ақаулары бар вагондарды ағыту жұмыстарын қамтамасыз етеді.
Әр ауысымда
Ауысым барысында
Жұмыстарды орындау кезінде маневр жұмыстары бойынша тапсырмалардың дәл және уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді.
Әр ауысымда
Ауысым барысында
Жоспарлы және жоспардан тыс техникалық сабақтарға қатысады.
Жоспарға сәйкес
Кесте бойынша
Рұқсат алмай немесе қозғалыс бағыты бойынша бірінші вагонда болмай тұрып вагондарды осаживаниеға (итеруге) команда беруге ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
Әр ауысымда
Ауысым барысында
Біліктілік талаптары:
1. Білім, білім деңгейі
Білім:
Міндетті: орта білім және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы даярлық.
Білімдері:
Міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Теміржол көлігі туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерін; теміржол көлігі саласындағы кәсіпорынның экономикалық және өндірістік-шаруашылық қызметін регламенттейтін Серіктестіктің жергілікті актілерін; қозғалыс қауіпсіздігі, экологиялық, өнеркәсіптік және электр қауіпсіздігі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін; қозғалыс қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған теміржол көлігі саласындағы құрылымдық бөлімшелердің қызметін реттейтін Компания мен Серіктестіктің жергілікті актілері мен нұсқаулықтарын, сондай-ақ функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті өзге де нормативтік-құқықтық және нормативтік-техникалық құжаттамаларды білу.
Қалаулы: мемлекеттік және халықаралық тілдерді білу, коммуникабельділік, іскерлік қасиеттер, ұжымда серіктестік қарым-қатынастарды қолдай білу.
2. Мамандығы
Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалысты басқару және көлікті пайдалану (теміржол көлігі).
3. Жұмыс тәжірибесі*
Қызмет бейіні бойынша:
Пойыз құрастырушының көмекшісі / вагондардың қозғалыс жылдамдығын реттеуші лауазымдарында кемінде 1 жыл.
Міндетті: мамандық немесе белгілі бір лауазым бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы.
Қалаулы: «Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалысты басқару және көлікті пайдалану (теміржол көлігі)» мамандығы бойынша орта техникалық білім.
Басшылық лауазымда: талап етілмейді.
4. Дағдылар
Міндетті: менеджмент жүйесі және тәуекел-менеджмент құралдарын меңгеру, даму жоспарларын әзірлеу мен орындауды ұйымдастыру, Серіктестіктің еңбек ресурстарына қажеттілігін есептеу, қойылған міндеттердің ерекшеліктерін ескере отырып жетекшілік ететін департаменттердің жұмысын жүйелі түрде жоспарлау, ұзақ мерзімді жұмыс жоспарларын іске асыру және жұмыс барысында басымдықтарды дұрыс айқындау, сондай-ақ жұмыс уақытын ұтымды бөлу.
Қалаулы: әртүрлі көзқарастар арасында келісімге келу, конструктивті диалог жүргізу, командалық жұмысты ұйымдастыру, көшбасшылық және коммуникациялық дағдылар, көпшілік алдында сөйлеу дағдылары.
Қосымша талаптар:
10. Еңбек шартында көрсетілген міндеттерден бөлек, қызметкердің міндеттеріне мыналар кіреді:
еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтау;
Серіктестіктің басшылығы мен тікелей басшысының тапсырмаларын орындау;
іскерлік әдеп пен корпоративтік мәдениет нормаларын сақтау;
құпиялылық талаптарын, Серіктестік пен Компанияның жергілікті актілерін бұзбай, сенімді ақпаратты уақтылы ұсыну;
өз пайдалануындағы мүлікке ұқыпты қарау, оның сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ басқа қызметкерлердің мүлкіне ұқыпты қарау;
жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптарын сақтау;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, комплаенс мәдениетін қалыптастыру, іскерлік беделді нығайту және Серіктестікке деген сенімді арттыру шеңберінде төмендегілерді жүзеге асыру:
а) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар мен рәсімдерді қалыптастыруға және іске асыруға белсенді қатысу;
б) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын, сондай-ақ Серіктестіктің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының қағидаттары мен талаптарын сақтау;
в) жеке мүдделер Серіктестік пен Компанияның мүдделеріне қайшы келетін жағдайлар мен мән-жайлардан аулақ болу. Мүдделер қақтығысы туындаған (немесе туындау мүмкіндігі болған) жағдайда бұл туралы жазбаша түрде тікелей басшысына немесе Серіктестіктің комплаенс-бақылаушысына хабарлау;
г) Серіктестік қызметкері тарапынан жасалған немесе жасалып жатқан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы белгілі болған кез келген ақпаратты Компанияның «жедел желісіне», не өзінің тікелей немесе жоғары тұрған басшысына және (немесе) Серіктестіктің комплаенс-бақылаушысына дереу хабарлау;
д) Компанияның қызметкердің этикасы мен мінез-құлқына қатысты ішкі құжаттарының нормаларын сақтау;
е) Компанияның мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу жөніндегі ішкі құжаттарының талаптарын сақтау;
ж) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары мен Серіктестіктің жергілікті актілерінің сақталуын қамтамасыз ету, қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауын ескерту және алдын алу;
з) жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшенің процестеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен комплаенс саясаттарының талаптарын енгізу;
өзіне сеніп тапсырылған негізгі құралдар, материалдар және учаскелерде орналасқан өзге де мүлік үшін материалдық жауапкершілік көтеру;
«Үш қорғаныс желісі» моделіне сәйкес Серіктестіктің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау корпоративтік жүйесі шеңберіндегі функцияларды жүзеге асыру;
осы лауазымдық нұсқаулықта көзделген процестер мен операцияларды сапалы және уақтылы орындау;
қызметтік құжаттарды қарау және шешімдер қабылдау кезінде бюрократизм көріністеріне жол бермеу, бюрократизм фактілері анықталған жағдайда Серіктестіктің жергілікті актілерінде белгіленген мерзімдерде қажетті шараларды қабылдау;
Қазақстан Республикасының заңнамасының, мемлекеттік органдардың актілерінің, Жалғыз акционердің және Серіктестіктің қызметіне қатысты өзге де құжаттардың талаптарын сақтау;
еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі, электр қауіпсіздігі, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау.
Қажетті білім дәрежесі
- Орташа білім