Бухгалтер Бас бухгалтерияның материалдық тобы
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Лауазымдық жауапкершілік:
Материалдық топ бухгалтері: 1. Тапсырылған бастапқы құжаттарды жүргізу негізінде, қолданыстағы «ҮМЗ» АҚ корпоративтік ақпараттық жүйесінде шаруашылық операциялар есебін жүргізумен: - орталық қоймаларға және цех қоймаларына қорларды кіріске алуды; - орталық қоймалардан негізгі және қосалқы өндірістердің цех қоймаларына ішкі қорларды ауыстыруды; - негізгі және қосалқы өндірістердің цех қоймаларынан қорларды өндіріске жіберуді; - қорларды орталық қоймалардан, негізгі және қосалқы өндірістердің цех қоймаларынан сатып алушыларға сатумен; - негізгі және қосалқы өндірістердің орталық қоймаларынан, цех қоймаларынан қорларды есептен шығарумен; -қосымша шығыстарды ескере отырып тікелей қорларды сатып алумен байланысты; - орталық қоймалардың, негізгі және қосалқы өндірістердің цех қоймаларының өтімсіз және талап етілмеген қорларына резервті есептеумен; - материалдық топқа бекітілген сатып алушылардың күмәнді талаптары бойынша резервті есептеумен және есептен шығаруды жүргізеді. 2.Жоғарыда көрсетілген шаруашылық операциялар бойынша бастапқы құжаттарды уақтылы және сапалы өңдейді. 3.Жоғарыда көрсетілген шаруашылық операциялар бойынша көрсету үшін берілетін бастапқы құжаттардың дұрыс ресімделуін бақылауды жүзеге асырады. 4.Материалдық топтың шаруашылық операциялары бойынша туындайтын сатып алушылар мен өнім берушілер бойынша дебиторлық және кредиторлық берешектерді талдауға қатысады. 5.Бухгалтерлік есеп деректері негізінде бухгалтерлік және салық есептілігін жасау үшін белгіленген мерзімде дұрыс мәліметтерді ұсынады. 6.Негізгі және қосалқы өндірістердің орталық қоймаларының, цех қоймаларының материалдық-жауапты тұлғаларымен қорлар қозғалысының айналым ведомостарын салыстыруды жүзеге асырады. 7. Негізгі және қосалқы өндірістердің орталық қоймаларында, цех қоймаларында қорларды түгендеуді жүргізуге қатысады. Түгендеу нәтижелерін өңдейді. 8. Негізгі және қосалқы өндірістердің орталық қоймаларында, цех қоймаларында қорлардың нақты болуына бақылау-іріктеп тексеру жүргізеді. 9. «ҮМЗ» АҚ бөлімшелерінің материалдық-жауапты тұлғаларымен толық материалдық жауапкершілік туралы шарттардың уақытылы рәсімделуін бақылайды. 10.Бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қадағалайды, оларды мұрағатқа тапсыру үшін белгіленген тәртіпке сәйкес рәсімдейді. 11. И 16.0001 «Тауарлық-материалдық қорларды алу құқығына сенімхаттарды ресімдеу, есепке алу және беру тәртібі» талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады. 12. Бастапқы құжаттарды тапсыру кестесін сақтайды және «ҮМЗ» АҚ қызметкерлерінің осы кестені сақтауын бақылайды.Білім:
Жоғары экономикалық, бухгалтерлік, қаржылықДағдылар:
- санаты жоқ бухгалтер - талап етілмейді; II санатты бухгалтер - талап етілмейді; - I санатты бухгалтер - кәсіби бухгалтер сертификатының немесе САР сертификатының болуы.Қосымша:
Лауазымдық жалақының мөлшері: - санаты жоқ бухгалтер - 251 389 теңгеден бастап 439 680 теңгеге дейін; - II санатты бухгалтер -276 528 теңгеден бастап 483 648 теңгеге дейін; - I санатты бухгалтер - 304 180 теңгеден бастап 532 013 теңгеге дейін.Білетін тілдер:
-Ұқсас вакансиялар
Жетекші Бас бухгалтерияның негізгі құралдарды есепке алу тобы
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
06.01.2026 | 58
Санаты жоқ бухгалтер Бас бухгалтерияның есепайырысу тобы
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
05.01.2026 | 119