Ғылыми орталықтың тантал зетрханасы. Жетекші инженер – зерттеуш (№ 49-04-05/2547 от 23.12.2025) - 1 ед., г. Усть-Каменогорск

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
95

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

1. Өндірістің жаңа технологиялық процестерін әзірлеу және қолданыстағы технологиялық процестерді жетілдіру, тәжірибелік-өнеркәсіптік технологиялық учаскелерді дамыту, жаңа материалдар мен технологияларды сынау шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. 2. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын бірлесіп жүргізуге қатысатын персоналды (инженер-зерттеушілерді, техник-зертханашыларды) басқарады. 3. Жоғары бәсекеге қабілетті өнім өндіру мақсатында қазіргі заманғы технологияларды, жабдықтар мен инновациялық процестерді әзірлеу және қолданыстағы өндірістерге енгізу бойынша жұмыстарды орындайды. 4. Ғылыми және патенттік зерттеулер жүргізу, сондай-ақ зияткерлік меншікті қорғау және коммерцияландыру жөніндегі жұмыстарды орындайды. 5.Инновациялық технологиялар мен материалдарды әзірлеуге бағытталған зерттеулер жүргізуді жүзеге асырады. 6.Өзінің ғылыми-техникалық деңгейін арттырады, өнертапқыштық және рационализаторлық қызметке қатысады. 7.ҒЗЖ жүргізу кезінде жұмыстардың қауіпсіз тәсілдерін (жұмыс нұсқаулықтарында, жабдықтарды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарда және т.б. баяндалған) пайдалануды жоспарлайды, өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, өрт қауіпсіздігі, ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі қағидалардың, нормалардың, нұсқаулықтардың талаптарын орындайды (РАВ және иск-мен байланысты жұмыстар болған кезде). 8. «ҮМЗ» АҚ басшылары мен мамандарының жұмыс жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері туралы қағидаға» сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндіріс мәдениеті талаптарын сақтайды.

Білім:

Жоғары (техникалық, табиғы – ғылыми)

Дағдылар:

Білуі тиіс: - Экономика, менеджмент, ұйымдастыру және еңбекақы төлеу негіздері; - менеджмент жүйесінің негіздері; - құжаттау және құжаттаманы басқару ережелері; - «ҮМЗ» АҚ еңбек тәртібі ережелері»; - өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары; - режимдік талаптар, мемлекеттік және қызметтік құпияны, құпия ақпаратты, ақпараттық қауіпсіздікті, өткізу және объектішілік режимді, еңбек және өндірістік тәртіпті сақтау жөніндегі талаптар. 1 санаттағы инженер – зерттеуші лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе инженерлік – техникалық лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе ғылыми-зерттеу лауазымдарда кемінде 5 жыл; ғылым кандидаты, ғылым докторы немесе тиісті ғылыми мамандықтар бойынша PHD докторы ғылыми дәрежесі бар болса кемінде 3 жыл.

Қосымша:

Еңбек жағдайларының сипаттамасы - фтор, қышқылдар, сілтілер қосылыстарының; фтор, қышқылдар, сілтілер мен иондаушы сәулелер қосылыстарының; фтор, хром, қышқылдар қосылыстарының әсерінен негізделген зиянды еңбек жағдайлары; - фтор қосылыстарының және иондаушы сәулеленудің әсерінен болатын 2-ші дәрежелі зиянды еңбек жағдайлары. Жұмыс режимі және демалыс: - 5 күндік жұмыс аптасы кезінде – 8.00 бастап 16.00 дейін (зиянды еңбек жағдайлары); Сенбі және Жексенбі демалыс күндері Болжамды еңбек ақы мөлшері: - 334 598 теңгеден бастап 693 823 теңгеге дейін

Білетін тілдер:

-