«KEGOC» АҚ « Батыс ЖЭТ» филиалы Механикаландыру және көлік цехының 1-санатты инженері

351700 - 431100 KZT
«KEGOC» АҚ Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
18

Қаралған саны:
150

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттері:

  • филиалдың автокөлігі мен арнайы техникасы үшін жанар-жағармай материалдарына (бұдан әрі — ЖЖМ) қажеттіліктің жылдық және айлық есептеулері мен ведомостарын әзірлейді;
  • жыл бойы ЖЖМ бойынша жоспарлардың орындалуын есепке алады және автокөлік пен арнайы техниканың ЖЖМ шығындары бөлігінде жол парақтары бойынша есептілікті (ай сайын, тоқсан, жыл) жүргізеді;
  • механизация және көлік цехының қызметтері бойынша 1, 1А нысандары, 4, 5-қосымшалар бойынша ай сайынғы мониторингті жасайды және ай сайын белгіленген мерзімде МТҚжШҚҚ-ға ұсынады;
  • Атқарушы дирекцияға филиал бойынша бензин мен дизель отынының бар-жоғы және келіп түсуі-шығыны туралы өсіп жинақталумен есепті (ай сайын, жылдық), филиал автокөлігінің ЖЖМ есебі бойынша жоспар-есепті (айлық, тоқсандық, жылдық) ұсынады;
  • жыл қорытындысы бойынша филиалдың өндірістік-техникалық қызметінің қорытындылары туралы жылдық есепті (автокөлік және арнайы техника туралы мәліметтер, филиал бойынша ЖЖМ пайдалану туралы) дайындайды;
  • бюджеттік көрсеткіш кодтары (бұдан әрі — БКК), ЖЖМ және қызметтердің қаржылық позициялары бойынша бюджетті түзету үшін құжаттаманы дайындайды;
  • цехқа бекітілген бюджеттік көрсеткіш кодтары мен қаржылық позицияларға сәйкес филиалдың бекітілген бюджетінің жоспарлы көрсеткіштерінің орындалуын есепке алуды жүргізеді, бюджеттің атқарылу шарттары өзгерген жағдайда Цех бастығының қарауына түзету бойынша ұсыныстар енгізеді;
  • күн сайын автомашиналардың, арнайы техниканың жол парақтарын береді, тіркейді және жұмыс күнінің соңында оларды қабылдайды;
  • автомашиналар мен техниканың шығу және келу километрлерінің журналдарын толтырады;
  • Филиал басшылығының Цех қызметіне байланысты өкімдерін орындайды;
  • автокөлік техникасын шыққан жылы, жүріп өткен жолы, автомобиль маркалары, отын түрлері (бензин, д/отын) бойынша шығыны бойынша есепке алуды жүргізеді;
  • бөлімше қызметкерлерінің жұмыс уақытын есепке алуды жүргізеді;
  • бөлімшенің ауысымдық персоналының жұмыс уақытын есепке алуды жүргізеді;
  • кіріс және шығыс хат-хабарларды есепке алуды жүргізеді, бекітілген іс қағаздарының номенклатурасына сәйкес ағымдағы архив құжаттарын жүйелейді және сақтайды;
  • айына кемінде бір рет жол парақтарында көрсетілген көлік құралдарының жүріп өткен жолдарына, маршруттарына, шығу және қайтып келу мерзімдеріне және GPS спутниктік бақылау жүйесінен жүктелген есептерге салыстыру жүргізеді. Одометр көрсеткіштері мен Жүйе деректері арасындағы жол берілетін қателік деңгейінен асатын ауытқу жағдайларын, рұқсат етілмеген (негізсіз) шығу/шықпай қалу жағдайларын, маршруттан ауытқуларды, сондай-ақ жылдамдық режимін асыруды анықтайды;
  • ай сайын жол парақтарымен бірге Филиалдың бухгалтериясына GPS спутниктік бақылау жүйесінен жүктелген есептерді ұсынады;
  • SAP ERP, HCM жүйелеріне МжКЦ бойынша деректерді енгізуді жүзеге асырады.


Талаптары
:

  • білім деңгейі:жоғары;
  • диплом бойынша мамандығы (бағыты):Техникалық ғылымдар және технологиялар/Бизнес және басқару — Көлік, көлік техникасы және технологиялары/Экономика/Қаржы;
  • лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі:электр энергетикасы-тасымалдау саласында;
  • лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы):5 жыл
  • басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жылдар: -
  • қызметтің жетекшілік ететін мәселелері саласында сертификаттардың болғаны жөн;
  • Microsoft Office Word, Excel, Outlook, Lotus Notes тәжірибелі пайдаланушысы;
  • қазақ, орыс тілдерін білу.

Түйіндемені қабылдау 2026 жылғы 09 қаңтарға дейін (қоса алғанда) жүзеге асырылады.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Озат)