"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі" филиалы Сары-Шаған сигнал беру және байл. дист. еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнерк. қауіпсіздік және экология қызметінің еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі жөніндегі жетекші инженері

385970 - 399543
Сары-Шаганская дистанция сигнализации и связи Жамбыл облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
42

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтауын, еңбекті қорғау құралдарының дұрыс пайдаланылуын бақылау;
  • жазатайым оқиғаларды тексеруге қатысу, олардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу, жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендердің есебін жүргізу, өндірістік жарақаттанудың себептерін талдау;
  • еңбекті қорғауға арналған қаражатты игеру туралы есептерді, еңбекті қорғаудың жай-күйін талдауды, еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау жөніндегі есептілікті жасау;
  • қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімдерін тексеру кестесін жасау, білімдерін тексеру кезінде қатысу, білімдерін тексеру нәтижелерін тиісінше ресімдеуді қамтамасыз ету, жаңадан қабылданған қызметкерлердің уақтылы оқытылуын және білімдерін тексеруді бақылау;
  • сигнал беру және байланыс дистанциясының басшылығымен бірлесіп өндірістік қауіпсіздік жағдайын тексеруге қатысу, цехтарда, айналаларда, шеберханаларда ішкі бақылауды жауапты адамдардың уақтылы жүргізуін және тексеру нәтижелерінің тиісті ресімделуін бақылау.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары (Вагондар, Локомотивтер және электр жылжымалы құрам); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); Электротехника (Радиотехника, электроника және т.б)
  • телекоммуникация); Автоматтандыру және басқару; Электр энергетикасы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау.
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 5 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр