Вибродиагностика инженері Технологиялық жабдықтарды жөндеу және реттеу учаскесі Вибродиагностика тобы Павлодар НУ өндірістік қызмет көрсету базасы (вахта емес)

«ҚазТрансОйл» АҚ Павлодар қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
27

Қаралған саны:
1070

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • 1) механикалық-технологиялық және энергетикалық жабдықтың вибропараметрлері бойынша жұмысын бақылау және диагностикалық белгілері бойынша нақты техникалық жағдайын анықтау;

    2) анықталған ақауларды жою бойынша жөндеу персоналына ұсыныстар беру;

    3) Бас механик және энергетик қызметтеріне уақытында есептер ұсыну;

    4) негізгі және қосалқы насос жабдықтарын виброобследование бойынша әдістемелік, нормативтік және басқа да жетекші материалдарға сәйкес өлшеулер жүргізу және алынған деректерді өңдеу жұмыстарын ұйымдастыру және орындау;

    5) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау;

    6) жаңа жабдықты пайдалануға енгізу бойынша ұсыныстарды зерттеу және енгізу, жабдықтың және басқа да негізгі құралдардың техникалық дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз ету;

    7) жабдықтың, құралдардың, құрал-саймандардың және қорғаныс құралдарының дұрыс және қауіпсіз жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ оларды тиісті жағдайда ұстау;

    8) жұмыстарды қауіпсіз жүргізу бойынша нұсқаулықтарды әзірлеу және қайта қарауға қатысу, технологиялық жабдықтарды жөндеу және реттеу учаскесінің бастығына нұсқаулықтарды өзгерту және толықтыру бойынша ұсыныстар енгізу;

    9) магистральды құбырларда авариялық жағдайлар мен ақауларға байланысты кезек күттірмейтін және жоспардан тыс тапсырмаларды жедел шешу;

    10) ИСМ құжаттамасының талаптарын сақтау және орындау;

    11) қауіпсіздік және еңбек қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау немесе электр қауіпсіздігі саласындағы ережелер мен нұсқаулықтарды бұзу жағдайында жұмысты тоқтату;

    12) алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде жұмысқа жібермеу;

    13) тікелей басшы мен Қоғамның ішкі құжаттарымен жүктелген басқа міндеттерді орындау.

Талаптар:

  • Сәйкес мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (механика; технологиялық жабдықты пайдалану; газ және мұнай құбырларын жобалау, салу және пайдалану; мұнай-газ ісі)

Шарттар:

  • 5 күндік жұмыс аптасында 8 сағаттық жұмыс күні, қалыпты еңбек жағдайлары
  • Жұмыс орны: Павлодар қаласы, Солтүстік өнеркәсіптік аймақ

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Орташа)
  • Орыс тілі (Орташа)