"Қазтеміртранс"АҚ тасымалдауды қамтамасыз ету департаменті тасымалдау қызметін жоспарлау жөніндегі менеджер (17 грейд) ф. ғ. д.

от 652848
АО "Қазтеміртранс" Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
56

Қаралған саны:
276

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • «ДКР АБЖ» жүйесінде қоғамның вагондарында тасымалдаудың қосымша жоспары бойынша жүк жөнелтушілерден түсетін ГУ-12 нысанындағы өтінімдерді қарайды және келіседі;
  • «Stg кешені» Технологиялық платформасында тасымалдауға арналған вагондармен жұмыс істеуге келіп түскен өтінімдерді келісуді жүзеге асырады;
  •  Негізгі жоспар бойынша мәлімделген көлемге қажетті парктің есебін жүргізеді;
  • Алдағы айға қоғамның вагондарында тасымалдауды ұйымдастыру бойынша техникалық мүмкіндіктің есебін жүргізеді;
  • Функционалдық бағыттың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қызметтік хаттарды, Сыртқы ұйымдардың, қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің, "ҚТЖ "ҰК" АҚ, Қоғамның, "ҚТЖ "ҰК" АҚ филиалының өтініштеріне жауаптар жобаларын дайындайды.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары;
  • Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялар; логистика; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану; менеджмент; маркетинг; халықаралық қатынастар; құқықтану; халықаралық құқық; қызмет бейінін Автоматтандыру және басқару және / немесе теміржол мамандықтары;
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 4 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр