«KTZ Express» АҚ Бухгалтерлік есеп және салық есебі департаменті салық есебі жөніндегі топтың (18 грейд) бас менеджері

Жалақы көрсетілмеген
АО «KTZ Express» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
53

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Қоғамның белгіленген көлемдегі салықтық есептілігін тапсырады (ай сайын, тоқсан сайын және жылдық) КҚН (ФНО 100.00) бойынша;
  • Ай сайынғы, тоқсандық және жылдық салықтық есептерді құрастырады, тексереді, тапсырады, КҚН бойынша, Қоғамға және Қоғамның еншілес ұйымдарына берілген салықтық есептердің дұрыстығын талдайды, АО «Ұлттық компания «Қазақстан Темір Жолы»» шеңберінде;
  • Кешіктірілген табыс салығын есептейді;
  • Халықаралық қаржылық есеп стандарттарына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қоғамның есеп саясатын әзірлеу және оған өзгерістер енгізу процесіне қатысады;
  • Жеке және біріктірілген қаржылық есептілік тұрғысынан аудит компанияларымен КҚН бойынша жұмыстар жүргізеді;
  • КҚН бойынша резидент еместерге қатысты кеңес береді, тексереді және есеп жүргізеді;
  • Есептілікті дайындау барысында туындайтын мәселелерді өз құзыреті шегінде шешеді;
  • Салықтық есепте Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды уақытылы қолданады, растайтын сертификаттарды ұсынады;
  • Салықтық есеп жүргізу әдістемесіне қатысты ақпаратты қалыптастырады және құрылымдық бөлімшелердің сұрауларына жауап береді;
  • Қоғамның Салықтық есеп саясатын әзірлейді және оны өзекті күйде ұстайды;
  • Қоғамның тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алу жөніндегі шарттарын рәсімдеудің дұрыстығын тексереді, олардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Салық кодексіне сәйкестігін бақылайды.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
  • Саладағы мамандығы: Логистика (салалар бойынша); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану; Коммерциялық қызмет (теміржол көлігінде); Көлік, көлік техникасы және технологиялары, Есеп және аудит, Қаржы, Экономика; Менеджмент, Кеден ісі.
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 4 жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр