«KEGOC» АҚ «Батыс ЖЭТ» филиалы Материалдық-техникалық жабдықтау және шаруашылық қамтамасыз ету қызметінің басшысы
Лауазымдық (функционалдық) міндеттері:
1) кедендік жүктерді рәсімдеуді, кедендік тазалауды жүзеге асыру, жүктерді түсіруді ұйымдастыру және вагондардың тұрып қалуына жол бермеу, материалдық құндылықтарды қабылдап алу;
2) атқарушы дирекцияның нұсқаулары мен өкімдеріне сәйкес филиалдар арасында жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру;
3) қоймада материалдық ресурстар қозғалысының есебін жүргізудің қамтамасыз етілуін бақылау, материалдық құндылықтарды түгендеу жүргізуге қатысу;
4) қойма шаруашылығының жұмысын ұйымдастыру, материалдық ресурстардың сандық және сапалық сақталуын қамтамасыз ету;
5) бекітілген бюджет пен тауарларды сатып алу жоспары негізінде құрылымдық бөлімшелерді тауар-материалдық құндылықтармен қамтамасыз ету;
6) қоймалық есеп пен материалдармен қамтамасыз етілу бойынша мониторинг жүргізу, сондай-ақ қамтамасыз етілу және қоймалық есеп туралы ақпарат ұсыну;
7) Қызмет құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ИСЭЗ жүйесінде шарттар жобаларын келісу;
8) тауарлар бойынша бюджетті қалыптастыру үшін жеткізушілерден баға ұсыныстарын сұратуды қамтамасыз ету;
9) тауарлар бойынша шарттық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету, келіссөздер жүргізу;
10) қызмет құзыретіне кіретін мәселелер бойынша филиалдың құрылымдық бөлімшелерімен хат алмасуды жүзеге асыру;
11) қызметте еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптарын және басқа да басшылық құжаттарды орындауға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу.
Талаптар:
– Бизнес және басқару / Экономика бағыты бойынша тиісті мамандықта жоғары білім;
- Материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында кемінде 5 жыл еңбек өтілі;
- Сертификаттар: қызметтің жетекшілік ететін бағыттары бойынша сертификаттардың болуы құпталады;
– MS Office, Lotus Notes бағдарламаларын тәжірибелі пайдаланушы;
– Қазақ және орыс тілдерін білу.
Жұмыс шарттары:
Жұмыс орны: Атырау қаласы, М.Өтемісұлы көшесі, 110А
Түйіндеме қабылдау мерзімі:
2026 жылғы 15–19 қаңтар аралығы.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Озат)
- Орыс тілі (Озат)
Ұқсас вакансиялар