"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Көп функционалды қызмет көрсету орталығы" филиалының Шыңжаң - Қытай Халық Республикасының Ұйғыр автономиялық ауданындағы (Үрімші қаласы) Өкілдігінің Басшысы

Жалақы көрсетілмеген
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Многофункциональный центр обслуживания» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 6 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
12

Қаралған саны:
226

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Қытай Халық Республикасымен және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен темір жол көлігі саласында екіжақты ынтымақтастықты ұйымдастыру жөніндегі Өкілдіктің жұмысын жүзеге асырады.
  • ҚХР және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен ынтымақтастық мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, Елшіліктермен, шетелдік компаниялармен, қауымдастықтармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.
  • Темір жол көлігі секторына әсерін бағалау мақсатында ҚХР мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі маңызды саяси және әлеуметтік-экономикалық оқиғаларды талдайды.
  • Темір жол әкімшіліктерімен, порттармен, жүк жөнелтушілермен, көлік-экспедиторлық, трейдерлік және басқа да ұйымдармен ҚХР және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен темір жол көлігіне жаңа әлеуетті клиенттер мен жүк ағындарын тарту бойынша өзара іс-қимыл жасайды.
  • Қазақстан Республикасы мен ҚХР, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері арасындағы сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту мақсатында жетекшілік ететін өңірлердің жүк тасымалдары нарығының мониторингі мен талдауын жүзеге асырады.
  • Қазақстан Республикасына/одан/арқылы темір жол тасымалдарын ұйымдастыруға байланысты болатын елдегі көлік-логистикалық нарық компанияларымен проблемалық мәселелерді шешуге жәрдемдеседі.
  • Мүдделі құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп ҚХР темір жол әкімшіліктерінің және Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің, шетелдік заңды тұлғалардың, халықаралық ұйымдардың өкілдерімен кездесулерге, кеңестерге, отырыстарға, келіссөздерге және басқа да іс-шараларға қажетті материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді.
  • ҚХР темір жол көлігін басқару органдарымен және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен темір жол көлігі саласындағы мәселелер бойынша келісімдер/меморандумдар/шарттар жобаларын әзірлеуге қатысады.
  • ҚХР және Оңтүстiк-Шығыс Азия елдерiнiң темiр жол көлiгiн басқару органдарымен экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың барысы мен нәтижелерi туралы ақпарат дайындау.
  • Компания мүдделеріне жауап беретін бірыңғай ұстанымды қалыптастыру мақсатында Компания атынан жұмыс топтарының, үкіметаралық және ведомствоаралық комиссиялардың отырыстарына, көпжақты кеңестерге және т.б. қатысады.
  • Жұмыс топтары отырыстарының, ҚХР және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің темір жол әкімшіліктерімен үкіметаралық/ведомствоаралық және көпжақты кездесулер мен кеңестердің қорытындылары бойынша қабылданған шешімдердің уақтылы орындалуына мониторингті жүзеге асырады.
  • Өкілдіктің құзыретіндегі Компанияның міндеттерін орындауға байланысты мәселелерге қатысты қажетті ақпаратты ұсынады.
  • Компания басшылығы мен өкілдерінің жұмыс топтарына, көп жақты кездесулер мен кеңестерге, үкіметаралық/ведомствоаралық отырыстарға, форумдарға, конференцияларға, көрмелерге және темір жол көлігі мәселелері бойынша басқа да іс-шараларға қатысуы жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру.
  • Атқарылған жұмыс туралы есептерді, шолу-талдау ақпаратын ұсына отырып, тиісті жылға бекітілген мақсаттар бойынша Өкілдіктің Жұмыс жоспарын және Бағалау парағын орындайды.
  • Өкілдікті ұстауға арналған шығыстардың тиісті жылға арналған сметасын белгіленген тәртіппен бекітуді қамтамасыз етеді.
  • Өкілдікті ұстау үшін бөлінген ақша қаражатын пайдалану бойынша қаржылық есептер мен бастапқы құжаттарды уақтылы ұсынады.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
  • Мамандығы: Халықаралық қатынастар; Шет тілдері; Аударма ісі; Экономика; Менеджмент; Маркетинг; Құқықтану; Халықаралық құқық; Көлік, Көлік техникасы және технологиялары (вагондар, локомотивтер және электр жылжымалы құрам); Тасымалдауды ұйымдастыру, Логистика, қозғалыс және көлікті пайдалану (теміржол көлігі).
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 7 жыл, оның ішінде қызмет бейіні бойынша басшы лауазымдарда кемінде 4 жыл.

Қосымша талаптар:

  • Шет тілдерін меңгеру қазақ/орыс/ағылшын / қытай (5-деңгей Chinese Proficiency Test). Аналитикалық қабілеттер, проблемаларды шешу дағдылары, коммуникативтік дағдылар, келіссөздер жүргізу дағдылары.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр