Специалист по документообороту
«ҚМГ- Құмкөл» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері: 1) серіктестіктің құжат айналымы саласындағы ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу және өзектендіру; 2) құжаттарды бастапқы өңдеуді, алдын ала қарауды, тіркеуді, есепке алуды, сақтауды, сканерлеуді, жеткізуді және таратуды жүзеге асыру, басшылықтың, құрылымдық бөлімшелер басшыларының, серіктестік мамандарының кіріс құжаттарды уақтылы қарауын ұйымдастыру, құжаттардың дұрыс ресімделуін бақылау; 3) белгіленген мерзімдерде құжаттардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру; 4) таралуы шектеулі құжаттармен жұмысты жүзеге асыру; 5) серіктестік басшылығы бұйрықтарының дерекқорын тіркеу және құру; 6)жетекшілік ететін бағдарламаларға (курьерлік және мұрағаттық қызметтерге) арналған шығыстар бөлігінде келесі жылға арналған бюджетті қалыптастыру үшін ағымдағы жылғы шығыстардың мониторингі; 7) олармен жасалған шарттарға сәйкес курьерлік және мұрағаттық қызметтерді берушілермен шарттар жасасу және өзара іс-қимыл жасау; 8) құрылымдық бөлімшелер Серіктестік мұрағатына сақтауға тапсыратын құжаттардың бар-жоғын және толықтығын қабылдау-тапсыру актісі бойынша қабылдауды, салыстырып тексеруді, құрылымдық бөлімшелердің сұрау салулары бойынша мұрағаттық құжаттарды іздеуді және беруді жүзеге асыру; 9. Департаментке серіктестіктің ішкі құжаттарымен және/немесе тікелей басшының тапсырмасы бойынша жүктелген өзге де міндеттер мен функцияларды орындау. Талаптар: 1) "жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы", "Әкімшілік рәсімдер туралы", "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" ҚР Заңы, "ҚБП" белгісімен таратылуы шектеулі құжаттармен жұмыс істеуге қатысты нормативтік актілер, мемлекеттік органдарда құжаттау мен құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидалары "ҚМГ-Құмкөл"ЖШС-де мемлекеттік емес ұйымдарда іс жүргізу ережесі; 2) тілдік регистрлер (кәсіби, стилистикалық, жанрлық және терминологиялық кіші жүйелер) деңгейінде қазақ және орыс тілдерін білу. 3)электрондық құжат айналымы жүйесін (ЭҚЖ) білу; 4) заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу дағдыларын меңгеру; 5) аударма навы дағдыларын меңгеру, түпнұсқаның мәтінін және оның аудармасының сәйкестігін түсінуге талапты көзқарас т. б. Шарттар: ҚР ЕК бойынша ресми ресімдеу; Медициналық сақтандыру; Компания есебінен біліктілікті арттыру; Бір жылдағы жұмыс нәтижелері бойынша сыйлықақы; Әңгімелесу нәтижелері бойынша жалақы мөлшері.
Ұқсас вакансиялар
"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы" филиалының интеграция және деректер секторының бас менеджері (15 грейд)
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Дирекция автоматизации и цифровизации» | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
23.01.2026 | 417
от 482846
"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы" филиалының ірі деректерді талдау секторының бас менеджері (18 грейд)
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Дирекция автоматизации и цифровизации» | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
23.01.2026 | 417
от 567079
"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Көп функционалды қызмет көрсету орталығы" филиалының болжамды-талдау бөлімінің цифрландыру жөніндегі бас менеджері (20 Грейд)
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Многофункциональный центр обслуживания» | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
23.01.2026 | 530
Жалақы көрсетілмеген