«Қазынашылық және Корпоративтік қаржы» департаментінің бас менеджері

«Самұрық - Энерго» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
56

Қаралған саны:
516

   Конкурс туралы
Қызметтік міндеттері:

  1. Қадағалайтын ЕТҰ инвестициялық жобаларын қаржыландыруды ұйымдастырады.
  2. Қоғамның Кредиттік комитетінің қарауына қадағалайтын ЕТҰ бойынша қаржылық көмек, қарыз, кепілдіктер беру мәселесіне қатысты материалдарды дайындайды.
  3. Қоғам Басқармасының, Директорлар кеңесінің қарауына қадағалайтын ЕТҰ бойынша қаржылық көмек, қарыз, кепілдіктер беру туралы мәселеге қатысты (Кредиттеу лимиттері сақталмаған кезде және кепілмен қамтамасыз ету бөлігінде) материалдар дайындайды.
  4. Қадағалайтын ЕТҰ бойынша қаржылық көмек туралы шартқа/шарттарға, қарызға/кредиттік шартқа, кепілдіктерге қосымша келісімдер жасасу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады.
  5. Қадағалайтын ЕТҰ бойынша бар қарызды қайта қаржыландыру мәселесі бойынша Қоғамның Кредиттік комитетінің, Басқармасының және қажет болған жағдайда Директорлар кеңесінің қарауына материалдар дайындайды.
  6. Мәмілелерді құрылымдайды.
  7. Инвестициялық жобаларды қаржыландыруға өзінің қатысуын қамтамасыз ету мақсатында Топтың өтімділігін басқару бағдарламасы шеңберінде бағалы қағаздар (оның ішінде ESG-облигациялар), бағалы қағаздар шығаруды жүзеге асырады.
  8. Экспорттық қаржыландыру құралдарын және экспорттық кредиттік агенттіктердің кепілдіктерін пайдалана отырып, қадағалайтын ЕТҰ-ның инвестициялық жобаларын, оның ішінде халықаралық даму қаржы институттары арқылы қаржыландыруды ұйымдастырады.
  9. Кредиттік құжаттаманы қалыптастыру үшін деректер жинайды.
  10. Қадағалайтын ЕТҰ бойынша қарыз шарттары, кепілдіктер, қаржылық көмек және облигациялар бойынша міндеттемелердің орындалуына бақылау жасайды.
  11. ЕТҰ үшін қаржылық көмекті, ЕТҰ үшін қарыздарды құрылымдайды.
  12. Департамент құзыреті шеңберінде қадағалайтын ЕТҰ дамыту жоспарларына сараптамалық қорытынды ұсынады.

13.Қазақстан Республикасының бақылаушы және реттеуші органдарына Департаменттің құзыретіндегі ақпаратты жинап, ұсынады.

  1. ЕТҰ борышын жарғылық капиталға айырбастау кезінде мәміле күніне борыштың құнын растау мақсатында ЕТҰ борышын (мүліктік құқықтарын) бағалау процесіне, ЕТҰ борышын жарғылық капиталға айырбастау жөніндегі іс-шараларға мониторинг жүргізеді.
  2. Қадағалайтын ЕТҰ қарыз капиталының құрылымын айқындау үшін нысандарды толтырады.
  3. Қадағалайтын ЕТҰ акциялары мен облигацияларына байланысты биржалардың листингтік қағидалары талаптарының және жасалған шарттар талаптарының сақталуына мониторинг жүргізеді.
  4. Қоғам Басқармасы мен Директорлар кеңесінің қарауына материалдар дайындауды, «Самұрық-Қазына» АҚ құрылымдық бөлімшелерімен келісуді және инвестициялық жобаларды (жобалық бондтарды) қаржыландыру мақсатында ЕТҰ облигацияларын шығару және орналастыру шарттары мәселесі бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының қарауына шығаруды жүзеге асырады.
  5. Инвестициялық жобаларды (жобалық бондтарды) қаржыландыру мақсатында ЕТҰ облигацияларын сатып алу/өтеу мәселелері бойынша жұмыс процесін жүзеге асырады.
  6. Қаржылық көмектің, болашақ қарыздар мен кепілдіктердің Қоғам тобының қаржылық жағдайына әсерін талдайды және қадағалайтын ЕТҰ бойынша Кредиттік комитетке ұсынымдар дайындайды.
  7. Оңтайлы құрылым мен Қоғам тобының қаржылық жағдайына әсерді анықтау үшін қаржылық модельді әзірлеу процесіне қатысады.
  8. Топтың шоғырландырылған қаржы моделін тұрақты өзектендіруді және оңтайландыруды жүзеге асырады
  9. ЕТҰ қарыздарын қайта қаржыландыру туралы мәселені мүдделі тараптармен («Самұрық-Қазына» АҚ, ЕТҰ акционерлері және т.б.) келісуді жүзеге асырады.
  10. Қаржы нарықтары мен қаржы құралдарын, жобалық қаржыландыру саласындағы заңнамаға және нормативтік-құқықтық актілерге енгізілетін өзгерістерді талдап, бақылау жасайды.
  11. Қарыздардың/кредиттердің және өзге де қаржы құралдарының әсерін талдайды, сондай-ақ нарықтық пайыздық/купондық мөлшерлемелерді талдайды.
  12. Қадағалайтын ЕТҰ бойынша қарыз шарттары, кепілдіктер, қаржылық көмек және облигациялар бойынша міндеттемелердің орындалуына мониторинг жүргізеді.
  13. ЕТҰ үшін қаржылық көмекті, ЕТҰ үшін қарыздарды құрылымдайды.
  14. Департамент құзыреті шеңберінде қадағалайтын ЕТҰ Даму жоспарларына сараптамалық қорытынды ұсынады.
  15. Қазақстан Республикасының бақылаушы және реттеуші органдарына Департамент құзыретіндегі ақпаратты жинап, ұсынады.
  16. ЕТҰ қарыздарын қайта қаржыландыру туралы мәселені мүдделі тараптармен («Самұрық-Қазына» АҚ, ЕТҰ акционерлері және т.б.) келіседі.
  17. Қаржы нарықтары мен қаржы құралдарын, жобалық қаржыландыру саласындағы заңнамаға және нормативтік-құқықтық актілерге енгізілген өзгерістерді талдап, бақылау жасайды.
  18. Қарыздардың/кредиттердің және өзге де қаржы құралдарының әсерін талдайды, сондай-ақ нарықтық пайыздық/купондық мөлшерлемелерді талдайды.
  19. Департамент қызметкерлерінің жұмысында пайдалану үшін Департаменттің желілік папкасын жаңартылған анықтамалармен, қорытындылармен, нормативтік құжаттармен, ІНҚ-мен, іс-шаралар жоспарларымен толтырады.
  20. Қазынашылық және Корпоративтік қаржы ERP жүйелерін енгізуге қатысады.
  21. SAP-қа деректерді тиісінше енгізе отырып, қаржылық тұрақтылық бойынша тоқсан сайынғы есепті қалыптастырады.
  22. ЕТҰ бюджеттік өтінімдерінің орындалуын бақылайды.
  23. Республикалық бюджеттік комиссияның отырыстары мен қабылданған шешімдеріне мониторинг жүргізеді.
  24. Қазақстан Республикасының бақылаушы және реттеуші органдарына Департаменттің құзыретіндегі ақпаратты жинап, ұсынуды ұйымдастырады.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

Жоғары кәсіби білім (қаржылық, бухгалтерлік, экономикалық).
Қаржы, бухгалтерия, экономика саласында сертификаттары болғаны жөн.
Кәсіби саладағы практикалық жұмыс өтілі қызмет бейініне сәйкес кемінде 5 жыл.
Қаржылық, экономикалық, бухгалтерлік бағыттар бойынша халықаралық және жергілікті компанияларда жұмыс тәжірибесінің болуы құпталады.
Компанияның және оның еншілес әрі тәуелді ұйымдарының (ЕТО) қаржылық-шаруашылық қызметін талдау, қарыздардың компанияның қаржылық жағдайына әсерін айқындау тәжірибесі.
Компанияның бағалы қағаздарын шығару және орналастыру және/немесе ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарын тарту арқылы қаржыландыру құрылымын әзірлеу және ұйымдастыру тәжірибесі.
Жобалық және экспорттық қаржыландыру саласындағы тәжірибе.
Рейтингтік агенттіктермен, кредиторлармен, сондай-ақ қор биржаларымен (KASE, ДФО және т.б.) өзара іс-қимыл жасау тәжірибесі.

Корпоративтік қаржыландыру функцияларын реттейтін заңнама, нормативтік-құқықтық құжаттар мен әдістемелерді білу.
Ағылшын тілін білу.
Банктермен, кредиттік ұйымдармен, қаржы институттарымен және қор биржаларымен жұмыс істеу және келіссөздер жүргізу дағдылары.
Қаржылық есептілікті талдау және қаржыландыруға қатысты шешімдер қабылдау үшін үлкен көлемдегі деректерді тиімді өңдеу дағдылары.
Қолданыстағы және әлеуетті серіктестермен жүйелі өзара қарым-қатынастарды қалыптастыру дағдылары.
Қаржылық модельдерді құру, оқу және модельдің негізгі көрсеткіштерін интерпретациялау дағдылары.
Әдіснамалық білімді практикада қолдану дағдылары.
Қаржылық есептілікті дайындау дағдылары.
Бухгалтерлік IT-жүйелерде (1С және басқа да жүйелер) жұмыс істеу дағдылары. Іскерлік хат алмасу дағдылары.

Қажетті қабілеттер

  • Навыки применения методологических знаний в практике.
  • Навыки подготовки финансовой отчетности
  • Навыки работы в бухгалтерской ИТ-системе (1С, другое).
  • - Навыки деловой переписки
  • 7) Знание английского языка.
  • 10) Навыки построения системных взаимоотношений с существующими и потенциальными партнерами.
  • Опыт взаимодействия с рейтинговыми агентствами и кредиторами, фондовыми биржами (KASE, ДФО и др.).
  • Опыт в области проектного и экспортного финансирования
  • Навыки формирования и чтения финансовых моделей и умение интерпретировать основные показатели модели

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман