«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы - «Магистральдық желі дирекциясы» техникалық департаментінің Техникалық саясат жөніндегі ф.н. менеджері (15 грейд)

от 482846
"ҚТЖ" ҰҚ" АҚ "Магистральдық желі дирекциясы" филиалы Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
30

Қаралған саны:
291

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • қатысушы құрылымдық бөлімшелермен дирекцияның техникалық саясатын әзірлеу мәселелері бойынша жұмысты үйлестіреді;
  • қатысушы құрылымдық бөлімшелермен дирекцияның даму бағдарламаларын әзірлеу мәселелері бойынша жұмысты үйлестіреді
  • Дирекцияның өндірістік департаменттерімен бірлесіп бөлімшелер, филиалдар басшылығынан келіп түсетін проблемалық мәселелерді қарайды және жауаптар береді
  • Дирекция қызметінің мәселелері бойынша теміржол көлігі саласындағы шет елдермен және ТМД елдерімен ынтымақтастық мәселелері бойынша жұмысты үйлестіреді
  • бөлімшелердің бас инженерлерімен дирекцияның бас инженерінің планерлік кеңесінің тапсырмасын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізеді
  • бөлімшелердің бас инженерлерімен бірлесіп дирекцияның бас инженерінің тапсырмаларын орындау бойынша есептерді қалыптастыруды жүзеге асырады
  • Компания, Дирекция басшылығының селекторлық, өндірістік және өзге де кеңестеріне өндірістік қызмет бойынша есепті дайындауға, оның ішінде мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді (оның ішінде CorelDRAW, Adobe Photoshop және басқа да презентациялық редакторларды) пайдалана отырып, талдамалық және презентациялық материалдарды ресімдеуге қатысады
  • Дирекцияның өндірістік департаменттерімен және Компанияның құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп уәкілетті органдарға және "Самұрық-Қазына "ҰӘҚ"АҚ-ға өндірістік қызмет бойынша ақпарат дайындауды жүзеге асырады
  • Компания және Дирекция басшылығында аппараттық кеңестер барысында берілген тапсырмалардың орындалуы туралы ақпаратты дайындау бойынша жұмысты жүзеге асырады
  • Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік - конструкторлық жұмыстардың (бұдан әрі - ҒЗТКЖ) жоспарларын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізеді және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады
  • есептер дайындайды ҒЗТКЖ мәселелері бойынша ғылыми - зерттеу және жобалау ұйымдарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізеді
  • Дирекция бас инженерінің Магистральдық желі бөлімшелерінің бас инженерлерімен планерлік кеңестің тапсырмасын дайындау бойынша жұмысты жүзеге асырады

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
  • Мамандығы: Ақпараттық технологиялар, Ақпараттық қауіпсіздік, коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар, Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және пайдалану; машина жасау; көлік құрылысы (темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы); Автоматтандыру және басқару (теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика және байланыс); Электр энергетикасы; логистика; Стандарттау, сертификаттау және метрология және/немесе теміржол мамандықтары;
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы